Мектепішілік Зият ?о?амдасты?ыны? 2015-2016 о?у жылында?ы ат?арыл?ан ж?мыстарыны? есебі


Қазақстан білім беру жүйесі жаңа формация мұғалімін даярлауға бағытталған. Себебі, өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген болуы қажет. Кембридж университетінің бағдарламасы осындай негізді мұғалімдер даярлауға бағытталуы заңды да, себебі бұл әлемнің ең үздік оқыту тәсілдерін іріктеген жүйе. Педагог қызметкерлердің біліктілікті арттыру курстары мұғалімдердің оқушыларды ХХI ғасырға қалай дайындау мәселесін көтерген. Осы бағдарлама арқылы мектептерде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі, бірізді оқыту тәсілдері түбегейлі өзгерістерге түсуде. Мұндай өзгерістердің бірегейі - мектептердегі мұғалімдердің қоғамдастығының ықпалы арқылы жүзеге асырылуда. Қазіргі қоғамда мектептер арасында желілік қоғамдастық құру арқылы оқыту сапасын арттырудың маңызы зор. Себебі, бұрынғыдай мектепетрдің жеке-жеке өмір сүруі, жеке жетістіктер мен табысқа жетуі еліміз үшін зор мәртебе бола алмайды. Қоғамдастықтар құру - барлық мұғалімдердің бірлесіп проблемаларды шешуге, кәсіби біліктілік пен шеберлікті шыңдауға ықпал ететін бірден- бір жол. Қоғамдастық мұғалімдері өз тәжірибелерін бірлесе отырып, ұсынылған тәсілдердің ең тиімді деген жақтарын таңдап алады, сабақтарға қолданудағы зерттеу жұмыстарымен бөліседі, тәжірибе жетілдіреді. Мектептерге тараған жаңа тәсілдер тек мұғалімнің жеке кәсіби өсуіне ғана емес, мектептің дамуына да зор әсер етеді. Қоғамдастықтағы осындай жұмыс ұзаққа созылады және ұзақ мерзімге жоспарланады.

Педагог кадрлардың кәсіби біліктілігн көтеру мақсатында деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің көрсеткіші
Мұғалімдердің кәсіби дамуы мектепте оқыту мен оқуды дамытудың басты жолдарының бірі болып табылады. Деңгейлік бағдарламаны меңгерген мұғалімдер ең алдымен сыныптағы оқытуға және қалай жақсартуға болатынына басты назар аудару керек.
Халықаралық деңгейде (Ұлыбритания) тағлымдамадан және озық деңгейден өткен - 1 мұғалім, мектеп директоры Ақшолақова Р.М, I деңгейлік курстан өткен - 1 мұғалім, Садбаева А, II деңгейлік курстан өткен 2 мұғалім - Хомпыш А пен Ақбакирова Г.Ө. III деңгейлік курстан өткен 6 мұғалім бар. 2015-2016 оқу жылындағы деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің сандық көрсеткіші.
Мектеп атауы Оқу жылы Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер саны
№ 22 орта мектеп 2015-2016 оқу жылы 1 деңгей II деңгей III деңгей
1 2 6
Сондықтан, оқу үрдісіне өзгеріс енгізу мен Зияткерлік мектептердің іс-тәжірибесін зерделеу, мектептегі әдістемелік жұмысты жандандыру және оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану мен мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында № 183/1 бұйрықтың негізінде 2015 жылы мектепішілік «Зият» қоғамдастығы құрылды.
Қоғамдастықтың құрамында 23 мұғалім бар. Мектепте қоғамдастық кабинеті ұйымдастырылып, безендірілген. Мектептегі әдістемелік жұмысты жандандыру, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында құрылған мұғалімдер қоғамдастығы топтарға бөлініп, топ жетешілері бекітілген.
Қоғамдастық басшысы – Ақшолақова Р.М, озық деңгейлік курстан өткен информатика пәнінің мұғалімі, «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 22 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Үйлестіруші топ жетекшісі – Садбаева А.С., 1 деңгейлік курстан өтен тарих пәнінің мұғалімі. Үйлестіруші топ көшбасшысы – Шаекенова Ж.Қ., III деңгейлік курстан өткен математика пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары.
Дамытушы топ жетекшісі – Қомпыш А., II деңгейлік курстан өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Дамытушы топ көшбасшысы – Қабылбаев Д. К.- III деңгейлік курстан өткен тарих пәнінің мұғалімі.
Ұйымдастырушы топтың жетекшісі – Ақбакирова Г.Ө., II деңгейлік курстан өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ұйымдастырушы топ көшбасшысы – Медетбекова М.А.- III деңгейлік курстан өткен бастауыш сынып мұғалімі.
Мектептің ждаму жоспарын басшылыққа ала отырып, сауалнама қорытындысынан шыққан проблема: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқыту үшін бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Мектептің даму жоспарының басымдықтары:
Қоғамдастықта топтық жұмысты ұйымдастыру;
Мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық мәдениетін құру;
Оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың сыни тұрғыда ойлау дағдысын қалыптастыру;
Коучинг, Lesson Stady, тәлімгерлік үдерісі арқылы мектеп мұғалімдеріне 7 модульді ықпалдастыру;
Нәтиже және табыс критерийлері: Сыни тұрғыдан ойлау модулінің диалогтық оқыту тәсілі арқылы оқыту үшін бағалау дағдыларын қалыптастыру. МДЖ мен өткен оқу жылының соңында алынған Таллис сауалнамасының қорытындысымен таныстыру мақсатында мектеп директоры Ақшолақова Р.М мектеп әкімшілігімен кездесу ұйымдастырып, бағдарламаның негізгі негізгі идеясы мен Таллис қорытындысы, МДЖ мен оқу-тәрбие жоспарының аясында туындағын сұрақтарға жауап берді.
«Зият» қоғамдастығының жұмыс жоспарымен, МДЖ жоспарымен таныстыру атқарылған іс-шаралардың мерзімді орындалуы мен жауапершілікті міндеттеу мақсатында қоғамдастық көшбасшылары мен топ жетекшілерімен отырыс өткізілді. Мақсаты: мектеп мұғалімдері арасындағы қоғамдастық арқылы озық тәжірибелерді оқыту мен оқуда қолдану жолдарын қарастыру. Табыс критерийлері – жоспарланған жұмыстың мерзімінде орындалуын міндеттеу, МДЖ мен 2015-2016+ оқу жылының оқу-тәрбие жоспарымен таныстыру. Эвалюациялау құралдары фотосурет, презентация, «Таныстырылым - 1»
Педагогиалық кеңесте «Зият» қоғамдастығының жұмыс жоспарымен, МДЖ жоспарымен, жаңа оқу жылының басымдықтары мен мақсат міндеттері туралы айтылды. Мұнда бағдарламаның негізгі идеялары мен МДЖ және оқу-тәрбие жоспарының, Таллис сауалнамасы аясында туындағын сұрақтарға жауап берілді.
Қыркүйекте «Оқу үрдісіне бағалаудың түрлерін енгізудің алғы шарттары» деген тақырыпта коучинг ұйымдастырылды. III деңгейлік курстан өткен, бастауыш сынып мұғалімдері Медетбекова М мен Чаймұрат Х соның ішінде үлгерімі төмен оқушылардың білімін жақсарту мақсатында «Сабақ жоспарыма критериалды бағалау құру әдістемесінен қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау стратегияларын енгізу» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
III деңгейлік курстан өткен математика пәнінің мұғалімі Шалқыбекова В «Сабақ жоспарыма ОҮБ және оқуды бағалау модулін енгізу» тақырыбында өз тәжірибесін ортаға салды. Венераның модуль идеясын енгізудегі мақсаты: Формативті бағалау арқылы оқушылардың өз білімдерінің деңгейін жетілдіре отырып, оқу үлгерімін көтеру. Үлгерімі төмен оқушылардың білімін жақсарту.
Қазанда «Оқушылардың үлгермеу себептері мен оқу – танымдық әрекетіне қызығушылығы мен төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Мақсаты: Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсартуға көмек беру. Тарих пәнінің мұғалімі Қабылбаев Д конференция қатысушыларын қатыстыра отырып жасалған жұмыс арқылы критериалды бағалаудың артықшылықтарын іс жүзінде дәлелдеп алған соң, 8 - сынып тарих пәні бойынша дайындалған бағалау критерийлері мен дескрипторлар топтамасын негізге алып, сабақ беру әдістемесін ортаға салды.
Екінші деңгейді бітірген Қомпыш А пен Ақбакирова Г «Мұғалімдердің көшбасшылық қабілетін дамыту» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингте байқағаным бұл екі мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуге төселгені, өз жұмысына рефлексия жасау дағдысының жетілу үстінде екені байқалды.
Қараша айында мектепішілік ата – аналар жиналысы өткізіліп, ата –аналармен «Мен және менің жасөспірім балам» тақырыбында дөңгелек стол өткізіліп, қоғамдастық құрылды.
Желтоқсан айында «Зият» қоғамдастығының ұйымдастыруымен «Оқушыларды ынталандыру арқылы білім сапасын көтеру» тақырыбындағы семинар өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың тілектері мен қажеттіліктеріне негізделген инновациялық сабақтар арқылы оқытуды дамыту.
«Табысты мектеп – табысты директор» тақырыбындағы конференция онкүндіктің ашылуына байланысты өткізілді. Қатысушылармен өткізілген тренингте бейнежазбамен жұмыс арқылы оқушыларды сыни ойлауға үйретудегі мұғалімнің шеберлігі, ізденісі үлкен роль атқаратындығы туралы ой ортаға салынды. Сұрақ қою, жауаптарды талдау, топта ұсынылған әрбір пікірді назарға алуға үйрету сыни ойлауға үйрену жолдары екендігі дәлелденіп, тәжірибеден мысалдар келтірілді. Конференцияға қатысушылардың бірі Қажиақбарова Б ”Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, олардың оқу үдерісіне қатысын ынталандыруға, сол арқылы жалпы мектептің тәжірибесін тиімді етуге бағытталған ұжымдық жұмысты байқадым“ деп кері байланыс беріпті. Тәлім алушылар Азимова Ф мен Изтелеуова Қ бағдарламаны оқып-үйренуге деген қызығушылығы, мұғалімдердің бірлескен оқуларына үзбей қатысуы нәтижесінде өз тәжірибелерін жақсартуға деген талпынысы қуантқандығын кері байланыстан оқып, риза болдым. Онкүндік барысында математика пәнінің мұғалімі Шалқыбекова В 5 «ә» сыныпта «Жай бөлшектер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Күтңлген нәтиже: жай бөлшектерді қысқартудың және қысқартылмайтын бөлшектер ұғымын үйренеді. Жай бөлшектерді қысқартуға есептер шығара алады.
Тарих пәнінің мұғалімі Қабылбаев Д 7 сыныпта «Ақ орда» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: жеті модульді ықпалдастыра отырып, оқушылардың өзіндік білім алуын, өзін – өзі реттеу дағдыларын және сыни ойлауын қалыптастыру.
Тарих пәнінің мұғалімі Садбаева А 5 «ә» сыныпта «Қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Қазақтың көрнекті ғалымы Ш.Уалиханов туралы мәлімет бере отырып, шығармашылық мұрасы жайлы мәлімет беріп, топтық жұмысқа баулу.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақбакирова Г.Ө 7 сыныпта М.Жұмабаев «Сүйемін» тақырыбындағы ашық сабағын кітапхана залында өте өызықты етіп өткізді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Хомпыш 5 «ә» сыныпта «Егіннің бастары» тақырыбындағы ашық сабағы өз деңгейінде өтті. Қолданылған стратегиялар: «Жалын,мұз» ойергек, галерея, іскерлік ойындар «Ақиқат па, жалған ба?», «Ақылдың алты қалпағы әдісі».
9 сынып оқушылары Назаров Н мен Елтай Амектеп директоры Ғ.М Ақшолақованың қатысуымен 9-10-11 сынып оқушылары арасында «Сырласу» бағдарламасын өткізді. Сырласуда оқушылар өз көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алып, бағдарлама өте қызықты өтті.
Онкүндікте 9-11 сынып оқушылары арасында «Жастар экстремизмге қарсы» атты оқушы үні өткізілді. Оқушылардың жұмыс барысындағы өздеріне деген сенімділігі, өзін – өзі ұстау мәдениеті, аз уақытта өнімді жұмыс жасауы олардың теориялық және тәжірибелік білімдерінің орнықтылығын байқатты. Семинарды қорытындылап, әріптестер арасында оқыту мен оқуды жетілдіру үшін, тәжірибе алмасу арқылы тиімді ұйымдастырылған кері байланыстың  маңыздылығын ұғындыру, тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру мақсатында Қомпыш А «Кері байланыстың тиімділігі» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингте кері байланыстың қандай мақсатпен алынатыны жайлы , оның қандай түрлері болатыны, кері байланыстың мұғалімдер және оқушылар үшін маңызы жайлы, кері байланысты ұсынғанда және оны алғандағы ұстанатын басты ережелер жайлы мәліметтер берілді.
Қоғамдастық мүшелерінің онкүндіктен кейінгі бас қосуында нәтижені жақсарту мақсатында қабылданған шешімдер:
Сәтті жақтары Сәтсіз жақтары Ұсыныс
-Жаңа әдіс- тәсілдердің топтық жұмыстарда сәтті өтуі, оқушылардың белсенділігінің артуы Сергіту сәттерінің оқушыларға жағымда ахуал тудыра отырып, сабаққа деген қызығушылқтарының оянуына ықпал етуі - жауапкершіліктің жоқтығы;
- қоғамдастық мүшелерінің өз жұмыстарын білмеуі;
- кері байланыс бере алмау;
- коучингтерге қатыспау; Оқу мен оқытуға енгізіліп жатқан өзгерістерге қарқын беру;
•Іс-әрекеттегі зерттеу материалдарын сайттарға, білім беру порталындарына , соның ішінде Педагогикалық шеберлік орталығының http://www.cpm.kz/ru/ порталына жариялау ;
•Деңгейлік курстар бойынша, аудан, мектеп бойынша ашылған он-лайн желілік байланыстарды (конференция, чат, форумдар) белсенділік танытып, өзара тәжірибе алмасып отыру;
•Үздіксіз тәлімгерлік жүргізу.
  Бұрын – мұғалімдерге барлық уақытта алда жүріп, соңынан өзгелерді ерту керек болатын. Қазіргі уақытта және болашақта – мұғалім – мұғалімдердің қабілетін аша білетін адам болуы тиіс. Педагогтерді қалай өсіру керек? Не ықпалды болмақ? Даму және білім алудағы жаңа әдістерді сөз ете отырып, бүгінгі таңда жай ғана жекешелендірілген әдіс және тыңдай білу ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің әлеуетін ашу – бұл оның негізгі міндеті мен негізгі нәтижесі екенін ашу барынша тиімді бағыт болып отырғанын атап өту керек. Мұғалімге өз жұмысында жетістікке  жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттегі талдау және ол туралы  ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі  коучинг пен тәлімгерліктің барлық түрлерін  біріктіруші  фактор болып табылады. Коучинг  – мұғалімдердің ресурстарын ашып, оларды саналы оқуға және өмір сүруге үйрету мақсатында еңбек ету болса, тәлімгерлік- тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған үрдіс.
Кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің ір әріптесінне тәлімгерлік етуі:
Тәлімгер Тәлім алушы
Ақшолақова Р.М 1.Қабылбаев Д-тарих пәнінің мұғалімі
2.Сандыбаева А- химия пәнінің мұғалімі
3.Қуатхан Ғ-физика пәнінің мұғалімі
Садбаева А.С 1.Изтелеуова Қ – информатика пәнінің мұғалімі
2.Чаяхметова М- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қомпыш А 1.Азимова Ф.И – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ақбакирова Г.Ө 1.Сағындықова Г – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Бұл ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретініне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі.(МАН,47-бет)
Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді. (Пит Дадли, 2011)
Осы бағытта Lesson Study жұмысы жоспарланып жүргізілуде.
Lesson Study зерттеу сабақтары 5 «а», «ә» сыныптарында жаратылыстану, пән мұғалімі Ибраев С.Д, математика, пән мұғалімі Шалқыбекова В жүргізуде.
6 мамыр күні «Мұғалімінің кәсіби біліктілігін арттырудағы инновациялық қызметтің ролі" тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Мақсаты: Мектеп ұстаздарының білім берудегі инновациялық қызметімен және оқу үрдісінде қолдану тәжірибесімен таныстыру, педагогикалық шеберлікті жетілдіру.
Семинар үш бөлімде жүргізілді: І бөлім: Білу. «Мектеп тынысы», мұнда Қатысушыларды тіркеу - Қабылжан Маржан, Қажиахпарова Б. Мектеп тынысымен таныстыру. Оқушылар шығармашылығымен таныстыру Ақшолақова Ғ.М. және 9 сынып оқушысы Мырқали Бақыт.
«Бүгін бізде кімдер қонақта?» тренинг өткізілді. Мақсаты: семинар алдында жақсы ахуал қалыптастыру, танысу.
ІІ. Практикалық бөлім: Түсіну. Қолдану. Сабақтар топтамасы.
Мақсаты: Заман талабына сай жаңаша оқыту мен ресурстық сабақтардың оқыту мотивациясына тигізетін әсері.
1-сабақ «Сабын және синтетикалық жуғыш заттар» 9 сынып Сандыбаева А.
2-сабақ «Дыбыс және әріп»4 «а» сынып Медетбекова М. және «Малсақ бала» 3 сынып, ана тіліЧаймұрат Қ.
3-сабақ «Ұлы дала тарихы» 7-сынып, Қабылбаев Д. және «Берілген санның процентін табу, есептер шығару»5-сынып, Шалқыбекова В
«Қазақ поэзиясының құлагері» (конференция сабақ) 9-сынып, мәжіліс залы Қомпыш А.
ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім: Талдау, жинақтау, қорытындылау
«Неліктен мен және менің мектебім өзгеруі керек? » баяндамашы Ақшолақова Ғ.М. «Дәстүрлі мектептен-инновациялық мектепке» шебер сыныпты өткізуші мектеп директоры Ақшолақова Ғ.М.
Ал енді жоғарыда атқарылған жұмыстардың қандай нәтиже бергеніне тоқталайын.