Мектептегі ?дістемелік ж?мыс .


Мектептегі әдістемелік жұмыс.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономомикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.
Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.
Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет,
ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ.
Сондықтан, біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет - деген болатын. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орнын алуы білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Оны жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығы мен құзыреттілігінің мәні зор десек, оның мақсатты түрде кәсіптік деңгейінің үздіксіз дамуына жағдай жасау, қолдау көрсету - мектептегі әдістемелік қызметтің басты міндеті.
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру төмендегі функциялардан тұрады:
мектептік педұжымының педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, жұмыс тәжірибелерін жариялау;
педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;
мұғалімдердің пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру, өздік білімін жетілдіруді ұйымдастыру, теориялық және әдістемелік семинарлар өткізу
жаңа оқу бағдармаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру;
оқыту және тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін белсенді түрде қолдануды ұйымдастыру;
жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау – әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру;
ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескере отырып ұйымдастыру – жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге кеңес беру.
Оқу-тәрбие үрдісіне заманауи технологияларды енгізу арқылы мектеп ұжымын дамыту,әр мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында құрылған №7орта мектебінің әдістемелік орталығы «Заманауи технологиялар арқылы оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру» тақырыбымен жұмыс жасайды.
Мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісін заманауи технологияларды енгізу арқылы мектеп ұжымын дамыту, әр мұғалімнің кәсіби шеберлігін жоғарлату.
Міндеттері:
Мұғалімдердің өткізетін іс-шараларының инновациялық деңгейге көтерілу механизмін жүзеге асыруға көмек беру.
Инновациялық ізденіс іс-шараларына жаңашылдық өзгеріс енгізуге көмек беру.
12 жылдық білім беруге бағытталған іс- шараларды ұйымдастыру.
Диагностика және мониторинг жүргізу арқылы мұғалімдердің кәсіптік деңгейін анықтау.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің қатарын көбейту, іс-тәжірибесін жалпылау, насихаттау,тарату.
Мұғалімдердің кәсіптік білімдерін арттыру.
ҚР Білім заңының тұжырымдамасы негізінде құрылған білім стандартындағы міндетті білім деңгейін меңгерту үшін оқу жоспары ,мектеп тақырыбына сәйкес оқу-тәрбие жоспары жасалды.Әдістемелік бірлестіктер, «жас мамандар мектебі», «сертификатталған мұғалімдер мектебі»,«озық тәжірибе мектебі» құрылып,жұмыс жоспары жасалып,бекітілді. Оқушының сапалы білім алуы мұғалімнің біліктілігіне байланысты. Мектепте 59 мұғалім қызмет атқарды. Олардың біліктілік деңгейі:


12 жылдық білім беруге көшу қарсаңындағы жұмыстарды жүзеге асыру басты назарда ұсталды. Инновациялық технологияларды пайдаланып оқушы бойындағы қабілетті анықтау, қалыптастыру мақсатында бір пәнді және бір топтамадағы пәндерді оқытатын 9 бірлестікте 59мұғалім,4 тәрбиеші жұмыс жасайды. 12жылдық білім беруге көшу білім берудің барлық жүйесінің жаңаруын, оны оқушылардың жас және жеке- психологиялық шығармашылық қабілетіне, олардың әлеуметтік іс-әрекетіне сәйкестендірілуін қажет етеді.12 жылдық білім беруге көшудің басты мақсаты оқушылардың білім,білік, дағдыларын, құзыреттіліктерін қалыптастыру. Білім сапасын арттыру-12 жылдық білім беруге көшудің басты міндеті.Жас ұрпақтың бойында білімге қызығушылығын арттыру,ана тілі арқылы ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту мұғалімнің педагогикалық, психологиялық, әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Мектебімде 3 айлық курстың үшінші деңгейі бойынша бастауыш сынып мұғалімі Р.М.Ахметова, физика пәнінің мұғалімі А.С.Мамаева, екінші деңгей бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ғ. Смағұлова мен бастауыш сынып мұғалімі М.С.Абдрахманова жұмыс жасайды, сертификаттары негізінде еңбекақыларына үстеме қосылды.Мектеп директорларының курсынан директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.М.Күдесова өтуде. Бірінші деңгей бойынша биология пәні мұғалімі Г.Т.Далдембаева, үшінші деңгейі бойынша химия пәні мұғалімі Е.С.Калиев, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Қ.Ибраева 3айлық курсты аяқтап келді.Аталған мұғалімдермен үнемі өзара байланыс жасап, ортақ мәселелер болса, бірге шешіп отыру әдістемелік кеңестің басты жұмыстарының бірі болғандықтан мектебімізде осы курстан өткен мұғалімдер арасында «Күш білімде»атты қоғамдастық құрылып даму жоспары жасалды,қоғамдастықтың жетекшісі бірінші деңгей бойынша сертификатталған биология пәні мұғалімі Г.Т.Далдембаева. «Күш білімде»атты қоғамдастыққа мектеп әкімшілігі, бірлестік жетекшілері, деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдер мүше.
Рудный қаласы әкімдігінің «№орта мектебі»КММ-2013-2014оқу жылында облыс көлеміндегі «е-learning»электрондық оқыту жүйесімен жұмыс жасайтын 47 пилоттық мектептердің қатарында өз жұмысын бастады. Мектепке арнайы техникалық құралдар әкелініп компьютерлік сынып, мобильдік сынып жабдықталды.Барлық оқу кабинеттеріне моноблоктар қойылды.
«Басқару» жүйесіне мектептің оқу жоспары Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартының оқу бағдарламасына сәйкес жылдық оқу жоспары жасалып енгізілді. Базистік оқу жоспары мен сағаттар қоры,мұғалімдердің негізгі және қосымша жүктемелерін үлестіру,оқытылатын пәндердің құрамы анықталып толтырылды.
«Күнтізбелік-тақырыптық жоспар», «Сабақ кестесі», «Электрондық журнал», «Оқушының электрондық күнделігі», «Статистика», «Оқушылар» «Қызметкерлер»бөлімдері толтырылды. Осы мәліметтер негізінде автоматты түрде барлық мұғалімдерде әрбір пән бойынша барлық оқу бірліктерінің журналдық беттері дайындалады.Мектеп әкімшілігінің мектептің кез келген қызметкері бойынша жедел түрде ақпарат негізуге, динамикалық режимде кез келген формалар мен мазмұнның есеп-қисабын,оның ішінде стандарттық статистикалық есеп-қисапты,оқушылардың үлгірімі мен қатысуын есепке алудың жиынтық ведомысын,мекеменің аттестаттық процедурасын өткізуге қажетті құжаттарды,білімдік мониторинг ауқымында тоқсандық, жылдық есеп-қисап материалдарын дайындайды.Модуль мектеп әкімшілігінің қарап шығуы ұшін ғана қолжетімді.
ҚР Білім министрлігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 02-3/1794 хаты негізінде Қостанай облысының әкімдігінің Білім басқармасы ММ 2013 жылғы 09 тамыз № 263 бұйрығы негізінде шығарылған «№ 7 орта мектебі» ММ 2013жылдың 29 тамызы күнгі №188 мектеп бұйрығымен ҚР Білім және ғылым министірлігінің іс- шаралар қадамдық Жоспарын іске асыру шеңберінде 2013 жылдың 02 қыркүйегінен бастап 2013-2014 оқу жылында «Pearson education limited» Британдық басылымындағы ағылшын тілінен 1-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінің эксперименттік-байқау алаңы жүргізіліп келеді. Ол үшін 1 «Ә» сыныбы алынды, пән мұғалімі А.Ә. Макишеваға эксперименттік-байқау алаңын жүргізу жүктелді.
«Pearson education limited» Британдық басылымындағы ағылшын тілінен
1-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешені, Алматы баспасынан шыққан
1«А» сыныбы оқып жатқан ағылшын тілі оқулығымен салыстырылып өткізілуде. Эксперименттік-байқау алаңын жүргізудің жоспары құрылды, мұғалімнің алаңды жүргізу күнделігі жазылуда,тарау соңында оқушылардан білім,білік диагностикасын жүгізу мақсатында тест жұмыстары алынып нәтижесі саралануда.
Қалалық «Үздік әдістемелік әзірлемелер» сайысының «Педагогикалық бастамалар даңғылы» номинациясына мектептегі әдістемелік жұмыстағы мұғалімдердің инновациялық қызметі,жүргізіліп жатқан «е-learning» электрондық оқыту жүйесінің, «Pearson education limited» Британдық басылымындағы ағылшын тілінен 1-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінің эксперименттік-байқау алаңының, инновациялық технологияларды меңгерген сертификатталған мұғалімдердің қызметін насихаттайтын «Күш білімде» қоғамдастығының жұмысы ұсынылды.