Поурочные планы по информатике


№23 сабақ
Сыныбы:Күні:Мұғалімі: ____________ Тексерген:_______
Сабақтың тақырыбы: Уақыт шкаласы, кадр түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Macromedia Flash бағдаламасының уақыт шкаласымен жұмыс жасауды үйрету, кадр түрлерімен таныстыру;
Дамытушылық: оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, эстетикалық тағылымға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, интерактивті тақта, Macromedia Flash бағдарламасы.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары
Macromedia Flash бағдаламасында сурет салу қалай жүзеге асырылады?
Macromedia Flash бағдаламасында мәтінмен қалай жұмыс жасаймыз?
Macromedia Flash бағдарламасында құрылған фильмнің барлық объектілері кадрларда арнаулы қатпарларда орналасады. Қатпар дегеніміз - кадрларында бейнелер бейнеленген түссіз кинолента. Бірнеше кинолента бір-біріне жалғана отырып, ортақ бір Flash-фильмді құрайды.
Қатпарлармен және кадрлармен жұмыс жасайтын негізгі панель – TimeLine (Уақыт өлшемі немесе Монтаждау үстелі). Жаңадан құрылған әрбір файл бір қатпар және бір кадрдан тұрады. Қатпарға үнсіздік бойынша Layer 1 (1 қатпар) деген атау беріледі және ол панельдің сол жақ бөлігінде орналасады. Қатпардың оң жақ бағыттауышта санмен нөмірленген кадрлар қатары орналасады (11-сурет).
22860056515Қатпар нөмірі
Кадрлар қатары
Дыбыстау нұсқағышы
00Қатпар нөмірі
Кадрлар қатары
Дыбыстау нұсқағышы


11-сурет. Қатпарлар және кадрлар бөлімі.
Қатпарлар бос кезде бірінші кадрлар бос дөңгелекпен, егер қатпарда объект орналасса іші боялған дөңгелекпен бейнеленеді.
Қатпарлардың атын өз қалауымызша өзгертуге, орындарын ауыстыруға, жасыруға, құлыптап қоюға (блокировка), контурды түрде бейнелеуге және бір бумаға топтастыруға болады. Тіпті бағыттауыштар ретінде бейненің арнаулы қатпарын да қолдануға болады. Мұндай қатпарлар фильмде көрінбейді, тек қана дайындық барысында көмекші элементтер болып табылады.
Әрбір векторлық бейне қандай да бір графикалық объектілер тобынан тұрады. MacroMedia Flash бағдарламасы екі түрлі графикалық бейнелермен жұмыс істейді – сызықтар (контурлар) және формалар. Сызықтар тік, қисық немесе тұйықталған болуы мүмкін. Өз кезегінде сызықтар бірнеше топтасқан сызықтардан және әрбір сызық бастапқы, соңғы нүктелерден, қисықтардан, әр түрлі түстерден, әртүрлі қалыңдықтан тұрады.
Flash MX программасындағы маңызды құрал уақыт шкаласы болып табылады. Анимациялық кадрларды құру мен шығару ретіне байланыстының бәрі уақыт шкаласында бейнеленеді. Уақыт шкаласында қабат, қабаттар папкасы және кадрлар бейнеленген. Қабаттар шығарманы кеңістікке бөлуге, ал папкалар қабаттарды ұйымдастыруға және ашылатын папкалардың көмегімен уақыт шкаласының ақпараттық қорлануын жоспарлауға арналған. Кадрлар шығарманы уақыт бойынша бөлуге мүмкіндік береді.

Сабақты қорытындылау. Бағалау
Үйге тапсырма: Macromedia Flash бағдарламасында кадр түрлері, уақыт шкаласы.