Екі айнымалысы бар сызы?ты? емес те?деулер ж?йесін жа?а айнымалы енгізу т?сілмен шешу


Сабақ жоспары
Сабақ:№3 Мектеп:«Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша» кмм
Күні: Мұғалімнің есімі:Тондебаева балжан Омарқызы
Сынып: 9 «Ә» Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін жаңа айнымалыны енгізу тәсілмен шешу
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін жаңа айнымалыны енгізу тәсілімен шешу жолын білу. 4 тәсілді ажырата алу, есеп шығару барысында тиімді тәсілді қолдана білу.
Табыс критерийлері Барлық оқушылар:
Теңдеулер жүйесін шешудің жаңа айнымалыны енгізу тәсілін біледі, есеп шығарғанда тиімді қолдана алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Теңдеулер жүйесін жазып және олардан жүйе құрып шешімін таба алады, 4 тәсілді ажырата біледі.
Кейбір оқушылар:
Күрделі теңдеулер жүйесін шешуде қолданылатын тиімді тәсілдерді анықтайды, қолданады, дәлелдейді алады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін жаңа айнымалыны енгізу тәсілмен шешу тақырыбын талқылайды өз ойларын еркін жеткізеді.
Алдыңғы оқу
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу әдістерін білу. Графикті салу әдістерін түсіну.
Жоспар
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті 1-кезең: Қызығушылықты ояту:
(10 мин)
- ұйымдастыру
- үй тапсырмасын тексеру;
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады Амандасу, қалдарын және көңіл-күйлерін сұрау, сабаққа келмей қалған оқушыларды анықтау. Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. Сыныпта жайлы климат орнату үшін «Жүректен жүрекке» стратегиясымен оқушыларға ынтымақтастық жағдай жасаймын. Қолдарына таратылған сандар бойынша топқа бөлемін. «1-5» дейін 1-топ, «6-10» дейін 2-топ, «11-15» дейін 3-топ , «16-20» дейін 4-топ.
«Ыстық орындық» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұраймын.
Амандасады.
Шеңберге тұрады.
Есімдері бойынша топқа бөлінеді.
Пазлы құрастырады, түсіндіреді
Оқулық
Пазлы
Қорапша
Маркерлер
А3 беті
Сұрақ жазылған қағаздар
2-кезең: Мағынаны ажырату:
(15 мин)
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады «Жигсо» әдісі арқылы жаңа тақырыпты өздеріне оқытқызып, бірінші топта талқылатып, одан топта 1 оқушыдан қалып басқаларын келесі топ мүшелерімен ауыстырамын ол топта тақырыпты талқылағаннан кейін бастапқа топтарына қайтып келеді.
Берілген тақырыптарды оқулық бойынша оқып шығады, жаңа айнымалыны енгізу тәсілінің алгоритін топта талдайды. Стикерді алып, өзге топқа барып түсіндіреді.
3-кезең:
Ой-толғаныс:
(15 мин)
анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
синтез, бір-бірімен ой бөліседі
сабақ қорытындысы
Оқулық бойынша:
1 топ: №54
2 топ: №56
3 топ: №57
х+у+2ху=7ху+2(х+у)=8Тест тапсырмасын шешу (интербелсенді тақта)
Дұрыстығын топтардың дәптерлерін алмастыру арқылы тексертемін (1 топ 3 топтың, 2 топ 1 топтың,3 топ 2 топтың есептерін тексереді)
Берілген есептерді шығарады.
х+у+2ху=7ху+2(х+у)=8Шешуі: а=х+у; в=хуа+2в=7в+2а=8а=7-2в в+14-4в=8а=3в=2х+у=3ху=2х=3-у3-уу=2у2-3у+2=0у1=1 у2=2х1=2 х2=1Жауабы:(2;1), (1;2)
Есептерді тексереді,
дұрыс қателігін талқылайды
Келесі оқуға арналған тапсырмалар
(үй тапсырмасы)
Үйге тапсырма:
Қосымша ақпарат 7 сынып бойынша 10-нан 99-ға дейінгі натурал сандар квараттарының кестесі
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс.
Үлгерімі жақсы оқушылар үлгерімі төмен оқушыларға көмектесіп, бірлесіп жұмыс жасауды жоспарлаймын. Қабілеті жоғары оқушыны бір есептің ең кем дегенде екі шығару жолын көрсетіп шығартуға тырысамын. БББ кестесі: (өзін-өзі бағалау)
Бұрыннан білемін Білдім Білгім келеді
Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі
Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі: Оқушы оқу мақсатына талпынды, себебі:
Үздік оқитын оқушылар үлгерімі төмен оқушыларға көмектесті, топ болып жұмыс істеді.
Сабақ өткеннен кейін толтырасың! Төмен деңгейлі есеп шығарғандар орташа деңгейлі тапсырманы орындауға, ал орташа деңгейлі тапсырманы орындағандар жоғары деңгейлі тапсырмаларды шығаруға тырысты.
Сабақ өткеннен кейін толтырасың!
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен? Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетің не білдім?