Математика п?нінен Рим цифрыта?ырыбында ?ыс?а мерзімді жоспар 2 сынып


Қысқа мерзімді жоспар
Математика
Тақырыбы: Рим цифры (2сағ)
Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Мухамбетжанова С.О.
Сынып: 2 а Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары: 2.1.1.3 12-ге дейінгі рим цифрларын оқу, жазу және салыстыруСабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:
12 дейінгі рим цифрларын оқу, жазу және салыстыруды біледі.
оқушылар үшін:
Бірқатар оқушылар үшін:
12 дейінгі рим цифрларын танып,оларды оқи алады.
Кейбір оқушылар үшін:
12 дейінгі рим цифрларын танып, араб сандарымен сәйкестендіріп жазады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар үшін:
12-ге дейінгі рим цифрларын оқу, жазу және салыстыруды үйренеді.
Пәндік лексика және терминология:
Рим цифры-римские цифры-roman numeral
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
Рим цифрларын қайда кездестірдің?
Бұл цифрлар қалай пайда болған?
Рим цифрлары неге ұқсайды?
Жазу:
Рим цифрларын жазады.
Алдыңғы оқу Рим цифрлары туралы түсінігі бар.
ЖоспарЖоспарланған уақыт (минут) Жоспарланған іс-әрекет Қоры
Сабақтың басы
Ширату.
1,2,3 қарлығаш боп ұш,
4,5,6 қарлығаш боп қалқы,
7,8,9,10 қарлығаш боп қон. Сабақтың ортасы
Қызығушылықты ояту.
-Біз санамақтан қандай цифрларды кездестірдік?
-Араб цифрлары.
-Араб цифрларынан басқа тағы қандай цифрлар болады. Мақсат қою.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты 12-ге дейінгі рим сандарын оқу, жазу және салыстыру.
Оқушылардан сабақтың соңында қандай жетістікке жетеміз.
- 12-ге дейінгі рим сандарын оқуды, жазуды және салыстыруды білетін боламыз. Слайд №1
Ой қозғау.
-Рим цифрларын қайда кездестірдіңдер?
-Рим цифрлары неге ұқсайды?
Жұптық жұмыс
Әр жұпқа санау таяқшаларын таратып беремін. Оқушылардан кестенің көмегімен 1-ден 12-ге дейінгі рим цифрларын құрып, оқуын сұраймын. Бір оқушы санды құрастырады, екіншісі оқиды. Содан соң керісінше.
Топтық жұмыс.
Араб цифрларымен берілген мысалдарды шешіп, рим цифрларымен алмастырып жаз және жауабын ламинатталған парақтарға жазуын сұраңыз. Топтар жұмысты орындаған соң қабырғаға іледі. Оқушылар өзге топтардың жұмыстарын көреді және өз жұмыстарымен салыстырады.
1+2=3 10-5=5 12-4=8
I + II = III X – V = V XII – IV = VIII
3+6=9 9-3=6 4+7=11
III + VI = IX IX – III = VI IV + VII = XI
5+5=10 10+2=12 12-6=6
V + V = X X + II = XII XII – VI = VI
Өздік жұмыс.
Түсіп қалған рим цифрларын жаз.
І,ІІ, ... IV, V ... VII, VIII, ... X, XI, XII
XII, XI, ... IX, VIII, ... VI, V, ... III, II, I
Тапсырманы орындаудағы мақсаты – оқушыға рим цифрларының ретін білуі мен римдік нумерация
бойынша жазуын бағалауға мүмкіндік береді.
Сергіту сәті.
Қалыптастырушы бағалау.
Бағалау критерийі:Білім алушы
12-ге дейінгі рим цифрларын таниды, оқиды және араб цифрларымен сәйкестендіріп жазады.
Тапсырма
Берілген сандардың арасынан рим цифрларымен жазылған сандарды тауып, қоршап сызыңыз және оқыңыз.
III420I26V18
011X39 12VI
Берілген сандарды рим цифрларымен жазыңыз.

Дескриптор:Білім алушы
− рим цифрларының барлығын тауып, белгілейді;
− рим цифрларын дұрыс оқиды;
− 2 санын рим цифрымен жазады;
− 9 санын рим цифрымен жазады;
− 4 санын рим цифрымен жазады;
− 12 санын рим цифрымен жазады.
Қосымша тапсырма.
Заңдылықтан қатені тап.
Берілген сандардың қойылған қатарына қарап, заңдылықты анықтауын, ондағы қатені тауып, түзетіп және өз жауабын түсіндіруін сұраймын.
а) I, III, V, VII, VIII (VIII)
ә) II, IV, VI, VII, X (VII) Сабақтың соңы
Кері байланыс.
Бағдаршам көздері арқылы сабақты қаншалықты меңгергенін анықтау. Өздерінің жауаптарына сәйкес түсті көтереді.
Қызыл түс-нашар жұмыс істедім.
Сары түс –орташа жұмыс істедім.
Жасыл түс-өте жақсы жұмыс істедім.
Бүгінгі сабақта не қиын болды?
–Не қызықты болды?
–Не маңызды болды? Саралау Бағалау Пәнаралық байланыс
1-12-ге дейінгі жұп сандарды ламинатталған қағазға жазып көр. Қалыптастырушы бағалау
Оқушылардың мақсатқа қол жеткізуін бағалау.
Сабақ соңында оқушылар:
1-ден 12-ге дейінгі рим цифрының жазылуын біліп, оларды оқи алуын бағалау.
12-ге дейінгі рим сандарымен қосу және азайту амалдарын орындай алуын бағалау.
Өнер, АКТ, жаратылыстану пәндерімен байланыстыру