Д?ниетану п?нінен К?лік ж?не к?лікте ?зін ?стау ережесі та?ырыбында ?ыс?а мерзімді жоспар 2 сынып


Қысқа мерзімді жоспар
Дүниетану
Тақырып: Көлік және көлікте өзін ұстау ережесі
Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мухамбетжанова С.О.
Сынып: 2 "а" Қатысқандардың саны:16 Қатыспағандар:
Оқу мақсаттары 2.1.4.3 көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату
2.1.4.4 қоғамдық көліктегі өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіру
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
қоғамдық көліктегі мінез-құлықтың негізгі ережелерін атай алады;
әртүрлі қоғамдық көліктегі мінез-құлықтың ережелерін ажырата алады;
көліктегі дұрыс мінез-құлықтың мысалдарын келтіре алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
көліктегі дұрыс мінез-құлықтың маңыздылығын негіздей алады;
көлік пен аялдамадағы мінез-құлық ережелерін бұзушылықты анықтай алады;
«Көліктегі мінез-құлық ережелері» жаднамасын құрастыра алады;
Өз сөзімен қорытынды тұжырымдай алады.
Кейбір оқушылар:
сөз тіркестері бойынша жүйелі әңгіме құра алады;
тесттің барлық сұрақтарына дұрыс жауап бере алады;
қойылым сюжеті бойынша ойларын ұсына алады.
Тілдік мақсат Дағдыларды дамыту:
Қоғамдық көліктегі мінез-құлық ережелерін меңгеру.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Қоғамдық көлік, трамвай, троллейбус, автобус, маршрут, көліктегі мінез-құлық ережелері, жолақы төлеу, отырғызу, түсіру, аялдама, жолаушы, кондуктор.
Диалог/жазу үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Көлікті қоғамдық орын деп атауға бола ма? Неге?
Қоғамдық орындағы мінез-құлық ережелерінің қайсысы көлікке де жарамды?
Көлікте кімге орын беру қажет?
Осы ережелерді барлық көлік түрлерінде сақтау керек не керек еместігі туралы ой бөліс.
Жазуға арналған сөйлемдер:
Өз сыныптастарыңа арнап «Көліктегі мінез-құлық ережелері» жаднамасын құрастыр.
Сыныптарыңа арнап кітапша құрастыр. Қосымшадағы шаблонды пайдалан.
Алдыңғы оқу Қоғамдық орындағы мінез-құлық ережелері туралы білім.
Жоспар
Жоспарлы уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Басталуы
Ширату
(Ұ) Орнымызға жайғастық,
Сабақты біз бастадық.
Құпияны ашайын:
Бүгін қызық болады!
Өткенді бір қайталап,
Біліктерді бекітіп,
Жаңа білім аламыз.
Ең соңында «Қолымнан келеді!»
Деп айтамыз.
(Ж) – Қозғалысты жеңілдету үшін адам көлік түрлерін ойлап тапты. Бүгін біз қаладағы өмірді автобус, трамвай, троллейбус, метросыз елестете алмаймыз.
Көлікті мектепке, дүкенге, стадионға, басқа қалаға немесе елге бару үшін пайдаланамыз. Үйде сөзжұмбақты шешіп, көлік түрлерін анықтадыңдар.
(Ұ, Ж, Ө) Сабақ тақырыбы кестеде жасырылып, кілті берілді. (Жолаушы)
1 2 3 4 5 6 7 8
1 о Д Е Ы ш а О Г
2 ы у Э ж З В Р Л
Кілт: 2-4, 1-1, 2-8, 1-6, 2-2, 1-5, 2-1, 2-7
– Жолаушы деп кімді атайды? (Ұ, Ө)
Сабақта нені білуіміз керек? Нені үйренуіміз керек?
Қоғамдық көлікте өзін қалай ұстау керектігін білу
Қоғамдық орындағы мінез-құлық ережелерін меңгеру
Ортасы
(Ұ) – Көлікті қоғамдық орын деп атауға бола ма? Не себепті?
(Ө) Мәтін оқу
– Қандай көлікті қоғамдық деп атауға болады?
– Нені есте сақтауларың қажет?
(Ұ, Ж, Т) «Қателіктерді түзет» дидактикалық ойыны.
Қоғамдық көлікті пайдалану ережелері:
Автобус, троллейбус, трамвай, велосипед, метро және такси қоғамдық пайдаланудағы қалалық көлікке жатады.
Көлік қозғалысы кезінде жолаушылар жүргізушіні алаңдатуы тиіс.
Автобус не троллейбусты арнайы отырғызу алаңында не тротуарда күту қажет.
Автобус не троллейбус толық тоқтағаннан кейін оларға кіруге немесе шығуға рұқсат етілмейді.
Жолаушыға көлік құралының есігін ашуға рұқсат етіледі.
Көлік қозғалысы кезінде жолаушыға терезеден шығуына болады.
Жолаушыға көлік есігінің жабылуына кедергі жасауға болады.
Жолаушыға тұрмыстық қалдықтар мен өзге де заттарды көліктің ашық терезесінен лақтыруға тыйым салынады.
Автобус не троллейбустан шыққаннан кейін жолаушы өткеліне дейін жетіп, сол жерден жолдан өту керек.
Көлікке кірген кәрі жолаушыларға немесе балалы жолаушыларға орын беру қажет.
Көліктің есігіне өткенде барлығын шынтақтап итеру керек.
Көлікте жолақы төлеу міндетті емес.
– Билетсіз жолаушы қалай аталады («қоян», «қоян сияқты жол жүру»)
– Не себепті ол осылай аталады?
Мұғалімге арналған ақпарат:
Осы теңеудің шығу тарихы нақты анықталған жоқ, бірақ оның едәуір ескі екені белгілі. 19-ғасырда да билетсіз жолаушылар «қоян» деп аталған.
1. Француз тілінің aller (voyager) en lapin – қоян сияқты саяхат жасау (яғни үй қояны, lapin "үй қояны") деген сөйлемінен туындаған. Билетсіз жолаушының ұсталып қалудан қорқып, қоян сияқты дірілдейтінін меңзейді.
2. Қоянның жылдамдығы да ескеріледі, өйткені билетсіз адамдар кондуктордан сытылып кету үшін жылдам болуға мәжбүр.
Қорытынды: Есте сақтаңдар! Кез келген көлікпен жүрген кезде жолақы МІНДЕТТІ ТҮРДЕ төленуі тиіс! Қоғамдық көлікті пайдалану ережесін бұзған адам өзінің және жол қозғалысына қатысушылардың өмірлеріне қауіп төндіреді.
(К) «Автомобильдер» сергіту сәті.
«Ояндық, керіліп-созыламыз»
Негізгі тұрыс, басты еңкейту, қолдар бастың артында, шынтақтар төменде. Қолдарды жоғары көтеріп, екі жаққа созамыз, басты көтеріп, бүгілеміз – терең тыныс аламыз; бастапқы қалыпқа ораламыз – дем шығарамыз.
«Моторды от алдырамыз»
Тік тұрамыз, қолдар екі жаққа созылады. Қолдардың білезіктерін денеміздің алдында айналдыра отырып, сол немесе оң жаққа денені бұрамыз.
«Қауіпсіздік белдігін тексереміз»
Тік тұрамыз, аяқтар алшақ қойылады, қолдарымыз денеміздің бойында. Оңға-солға еңкейіп, қолдарды дене бойымен сырғытамыз.
«Тежегішті тексереміз»
Тік тұрамыз, қолдарымыз арқамыздың артында, алдымен сол аяқтың табанын, одан кейін оң аяқтың табанын айналдырамыз.
«Кеттік!»
Бір орында жүру, кейін ол жүгіруге ұласады.
(Т, Қ) Оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс
– Ата-анаң саған қоғамдық орындардағы қандай мінез-құлық ережелерін үйретті? (Тәртіптілік, сыпайылық)
Айсұлудың сұрағы:
– Көлікте кімге орын беру керек?
(Ж) Оқулық бойынша жұмыс
Ережелер жазылған бұлтшалармен жұмыс.
Қорытынды:
Жаныңда жасы үлкен адам тұрмаса ғана орындыққа отыра аласың. Олай болмаса сен орын беруге тиіссің. Жасы кіші жасы үлкенге, ер адам (ер бала) әйелдерге (қыздарға) орын береді. Науқас және мүгедек адамға да орын беру керек. Осындай іс-қимылға әрқашан алғыс айтылады.
Қоғамдық көлікте достармен (телефон арқылы) сөйлескен кезде, сені сөйлесіп отырған адам ғана естуі тиіс. Дауысыңды қатты шығарып, назар аудартудың қажеті жоқ.
Құлап қалмау үшін тұтқадан ұстап тұру керек.
Көлік толық тоқтағаннан кейін ғана көлікке кіруге (түсуге) болады.
Шығуға алдын ала дайындал. Аялдамада шықпайтындармен орын ауыстыр.
Біз қоғамдық көлікті үнемі пайдаланамыз. Ойлап қарасаң, қиын ештеңе де жоқ, отыр да жүре бер. Алайда жолаушыларға арналған қауіпсіздік ережелері бар.
(Ұ, К) «Автобуста» мультфильмін көріп, одан әрі талқылау.
Оларды сақтамау мынадай жағдайға әкеп соғады.
– «Барлық көлікте бірдей осы ережелерді сақтау керек пе?» деген сұраққа ойланып көріңдер?
(Ж) Ауызекі сөйлеу тілін дамытуға арналған «Әңгіме құрамыз» жаттығуы.
– Тақтада сөз тіркестері жазылған, көлікте жүрген кездегі іс-қимылдарды ретімен орналастыру қажет:
1. Автобус келіп тоқтады.
2. Билет алдым.
3. Орын бердім.
4. Көлік салонына кірдім.
5. Шығуға дайындалдым.
– Осы сөз тіркестерімен сөйлем құрып көр.
(Ұ) «Ол – мен және менің достарым!» ойыны.
– Мен сендерге сұрақтар қоямын, онда айтылғанды істейтін болсаңдар, «Ол – мен және менің достарым!» деп айтыңдар. Егер ереженің қайсыбірі нормаға сәйкес келмесе, онда үндемейсіңдер.
– Кім көше ортасындағы жолмен
Үйге қайтады мектептен?
– Жолаушы өткелімен
Жолдан өтетін кім?
– Кім желдей заулап жүгіретін,
Бағдаршамды көрмейтін?
– Ережені кім біледі –
Жасыл шамға жолдан өтетін?
– Сары шамға қарайтын –
Назар салып, тоқтайтын?
– Трамвайға ілініп жүретін кім?
– Қызыл шам жанса болды,
Қазықтай тоқтайды кім?
(Ж) Оқулықтағы суреттермен жұмыс
– Көліктен шыққаннан кейін жолдан қалай дұрыс өту керектігі жөнінде айтыңдар.
(Т) Қойылым.
– Аялдамадағы мінез-құлық туралы қойылым қойыңдар.
Әлия автобустан шыға салып, бірден көшенің екінші жағына жүгіре жөнелді.
– Әлия дұрыс істеді ме? Көліктен шыққаннан кейін көшеден қай жерден және қалай өту керек?
– Сендер көше мен жолдағы мінез-құлықтың негізгі ережелерін білесіңдер. Бірақ кейде басқа адамдардың жол қозғалысы ережесін бұзғанын көресіңдер. Қате мінез-құлықтың салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алады. Адамдар әртүрлі, кейде ауыр жарақаттар алады. Осының себебі – ереженің бұзылуы.
Қорытынды:
Жолдың жанында барынша мұқият және зейінді бол.
Ересектермен бірге жол қозғалысы ережесін зерделе.
Қалыптастырушы бағалау.
Тапсырма
Суретке мұқият қараңыз. Қоғамдық көлікте өзін дұрыс ұстай алмай тұрған балаларды анықтап, сәйкес нөмірін бояңыз.
Олардың жасаған іс- әрекеттері басқаларға қандай жағымсыз, қауіпті жағдайлар туғызуы мүмкін?
Топтық жұмыс.
Қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелері туралы постер жасаңыз және таныстырыңыз.
Дескриптор:Білім алушы
− қоғамдық көлікте ереже сақталмаған балаларды анықтайды; − балалардың жасаған әрекеттері туралы ойын айтады;
− қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстау ережесін құрастырады;
− шығармашылық жұмысты таныстыруға қатысады.
Оқулық
Оқулық
Оқулық
https://www.youtube.com/watch?v=-2B1qfv2wioСөз тіркестері жазылған карточкалар
Оқулық
1197610-8209280974725-8209280974725-8294370Аяқталуы
(Ө) Саралау тапсырмалары.
1-деңгей – Жолаушылар көлікте өздерін дұрыс ұстаған суретті жасыл түсті қарындашпен белгіле, мінез-құлық ережесі бұзылған суретті қызыл түсті қарындашпен белгіле.
2-деңгей – Өз сыныптастарың үшін «Көліктегі мінез-құлық ережелері» жаднамасын құрастыр.
3-деңгей – Көліктегі мінез-құлық ережелері бойынша білімдеріңді тексеріңдер.
1. Автобусты:
а) алдынан
б) артынан
в) кез келген жағынан айналып өтуге болады
2. Көлікте өз-өзіңді қалай ұстау керек?
а) қатты дауыспен сөйлеу, шулау керек
б) жолаушылармен ұрсысу керек
в) өзіңді тыныш ұстау керек
3. Көлікте:
а) орынды жасы үлкендерге ғана беру керек
б) ешкімге орын бермеу керек
в) қыздар мен әйелдерге орын беру керек
г) отыруға мұқтаж адамдарға орын беру керек
4. Көлікте:
а) кейде билет сатып алмауға болады
б) әрқашан билет сатып алу қажет
в) билет сатып алудың керегі жоқ Дәптер
VII. Үй тапсырмасы
Үйден сыныптастарыңа арнап кітапша құрастыр. VIII. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия
(Ө, Ұ, Қ) – Балалар, мен сендердің жолда және көлікте бүгінгі сабақтағыдай зейінді әрі мұқият жүретіндеріңе сенімдімін. Жол қозғалысының барлық ережелерін сақтасаңдар, ешқандай жол-көлік оқиғасына кезікпейсіңдер.
Сабақтағы өз жұмысыңда бағала:
Көлікте қояндардың жүретіні не жүрмейтіні туралы білдің бе?
Қоғамдық орындағы мінез-құлық ережелерін білдің бе?
– Егер екі сұраққа «иә» деп жауап берсең (яғни екі «қосу» белгісі), гүл жасыл түске боялады, егер «бір сұраққа «иә», ал екінші сұраққа «жоқ» деген жауап берілсе (яғни бір «қосу», бір «алу» белгісі), гүл сары түске боялады, ал егер екі сұраққа да «жоқ» деп жауап берілсе (екі «алу» белгісі), онда гүл қызыл түске боялады. -50298614355
Қосымша ақпарат
Саралау
Деңгейі жоғары оқушылар ұсынылған сөз тіркестері бойынша жүйелі әңгіме құрады. Бағалау
Мұғалім:
Кері байланысты және оқушылардың әрқайсысына қолдау көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Оқушылардың дәптердегі жұмысын (деңгейлері әртүрлі тапсырмалар) қарайды
«Үш шапалақ» әдісі арқылы үй топтарда өзара бағалауды ұйымдастырады
Оқушылардың дәптердегі жұмысын (деңгейі әртүрлі тапсырмалар) қарайды
Оқушылар рефлексиясының нәтижесін талдайдыПәнаралық байланыстар
«Өзін-өзі тану»
«АКТ»
Құндылықтар
Құндылықтар – қоғамдық көліктегі мінез-құлық ережелері, айналадағы адамдарға қатысты сыпайылық
АКТ – мультфильм көру
Өнер – қойылым қою
Үлгілеу – кітапша жасау
ЖҚЕ – көліктен шыққаннан кейін жолдың қозғалыс бөлігі арқылы өту ережесі
Рефлексия
Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай? Мен жоспарлаған саралау тапсырмалары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?