Математика п?нінен Ж?здік. Ж?здіктермен 1000-?а дейін санау та?ырыбында ?ыс?а мерзімді жоспар 2 сынып


Қысқа мерзімді жоспар
Математика
Тақырыбы: Жүздік. Жүздіктермен 1000-ға дейін санау
Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Мухамбетжанова С.О.
Сынып: 2 а Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары: 2.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000-ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру
2.4.3.2 берілген заңдылық бойынша тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу
2.1.2.7 мынадай жағдайларда: 45±9,45±19; 26+14, 40-14, 65+35, 100-35 ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындау
2.4.3.1 100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар үшін:
ірі санау бірлігін – жүздікті құрады, 1000-ға дейін жүздіктерменсанайды, үштаңбалы толық сандарды жазады.
Көпшілігі: əртүрлі санау бірліктерінде жазылған үштаңбалы толық сандарды салыстырады, оларды алдын ала бірдей санау бірліктеріне ауыстырып, өсу жəне кему ретімен жазады.
Кейбір оқушылар үшін:
100-ге дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтап, берілген заңдылық бойынша тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын тауып түсіндіре алады
Тілдік мақсаттар 100-ге дейінгі сандардың атауы, толық ондықтар, бірліктер, жүздіктер, санау бірліктері, артық, кем, үштаңбалы сан, үшінші разрядты бірлік.
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
Санның графикалық үлгісін ойлап табыңдар. Жүздік – ірі санау бірлігі, 10 ондықтан немесе 100 бірліктен тұрады.Жүздіктерді өсу, кему ретімен атаңдар.
Жазу:
100-ден 1000-ға дейінгі сандар, толық жүздіктер, сандарды салыстыру, жазу жəне оқу.
Алдыңғы оқу 100-ге дейін санау, разрядты қосылғыштар, толық ондықтар, бірліктер, екітаңбалы сан, екітаңбалы санның үлгісі.
ЖоспарЖоспарланған уақыт (минут) Жоспарланған іс-әрекет Қоры
Сабақтың басы
Сабақта оқушыларға «Өнімді жина» ойынын ойнайтынын хабарлаймын. Ол үшін оқушыларға 4 топқа бөлінуді ұсынамын. Тақтаға бос 4 себет ілінген. Әрбір оқушыда түсті қағаздан қиылған жемістер мен көгөністер бар. Оларға екі таңбалы сандарды ондықтан аттап бағанмен қосуға немесе азайтуға мысалдар жазылған. Топтағы оқушылар кезекпен өздерінің мысалдарын шығарады және өнімді өзінің себетіне салады. Қай топ өнімді тезірек жинап себетіне салса, сол топ жеңіске жетеді. Одан ары оқулықтағы екі таңбалы сандарды ондықтан аттап азайтудың ережесін қайталатыңыз.
Сандарды ата. Оқушыларды демонстрация жасайтын үстелге шақырамын және олардың барлығына 100 санының моделін құрастыруды ұсынамын. Қандай санның моделі шыққанын және оны қалай аынқтауға болатынын сұраңыз. 1000-ға дейінгі сандарды санай білетін оқушылар, бұл жағдайда жүздіктермен санаудың оңай болатыны туралы айта алады: 1 жүздік, 2 жүздік т.с.с. Бұл сандардың қалай аталатынын айтыңыз: 100, 200, 300 және т.с.с. Бұл сандардың бұрын санауға қолданып жүрген сандардан қандай айырмашылығы барын сұраймын. Оқушылар бұл сандардың жазылуында үш белгі барын, сондықтан олар үш таңбалы сандар деп аталатыны туралы қорытынды жасайды. Құрамында 10 жүздік бар сан қалай аталатынын сұраймын. Егер оқушыларға оны атау қиындық туғызса, бұл санның мың деп аталатынын айтамын. Ол 1000 бірліктен тұрады. Оқушыларға 1000-ға дейін жүздік бойынша тура және кері санап жаттығуды ұсынамын.
Жұптық жұмыс
Оқушыларға ойын ойнауды ұсынамын. Ол үшін ойын текшесі, ламинатталған беттер және маркерлер қажет. Оқушылар кезекпен текшені лақтырады. Текшедегі әрбір нүкте 100 санын білдіреді. Оқушылар түскен ұпайға байланысты санды жазады. Мысалы, егер оқушының текшесінде 4 нүкте түссе, ол өзінің бетіне 400 деп жазады. Одан ары жүріс келесі ойыншыға ауысады. Ойынды екі-үш рет қайталауға болады. Оқушыларға кімнің саны көп екенін салыстыруды сұраймын. Қай ойыншы 1000санына жеткізсе, сол жеңімпаз болады.
Шығарып көр. Оқушыларға сандар жасырып ойнауды ұсынамын. Олардың жасырған сандары үш таңбалы болу керек. Ойынды өзіңіз бастаңыз. Мысалы: «Мен ойлаған сан 100 санынан 200-ге артық. Бұл сан – …». Санды бәрінен бұрын тапқан оқушы, келесі жүрісті алады да, ол өзінің жұмбағын айтады. Мектептің суретіҚосымша жинақ
Сабақтың ортасы
Математикалық диктант
Сандарды оқимын, оқушылар жазады.
7онд.4 бірл.=74;9 онд.0 бірл.; 8 онд.8 бірл.; 10 онд.; 10 жүзд.; 10 бірл.; 100 бірл.; 100 онд.; 2 жүзд.; 5 жүзд.; 9 жүзд.; 1000 бірл.
Қалыптастырушы бағалау.
100,200,300,400,500,600,700,800,900 неше жүздік бар?
Кему ретімен дәптеріңе жаз.
Қалыптастырушы бағалау. Сабақтың соңы
Рефлексия.
Жетістіктер дәрежесіне бағалау жүргізіңіз.
Оқушылардың бұл тақырыптағы білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін, оларға келесі сұрақтар қойыңыз:
100 санының жазуында қанша белгі бар?
Жүздікте қанша бірлік бар?
100 санында қанша ондық бар?
99 санынан кейін қандай сан келеді?
1000-ға дейін өсу ретімен жүздікпен сана.
1000-ға дейін кему ретімен жүздікпен сана. Жетістік баспалдағы
Саралау Бағалау Пәнаралық байланыс
Топтық жұмыста күрделі тапсырмаларды орындауды тапсырамын. Қалыптастырушы бағалау
Оқушылардың мақсатқа қол жеткізуін бағалау. Өнер, АКТ, жаратылыстану піндерімен байланыстыру