Д?ниетану п?нінен Су еріткіш та?ырыбында ?ыс?а мерзімді жоспар


Тақырып: Су-еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар. Судың маңызы. ӨҚН* Күні: 10.12.16 ж.
Оқушы саны: 24 Сабаққа қатыспағандар:
Сабақ мақсаты: Судың еріткіштігін тәжірбие жүзінде анықтау
Міндеттері: Білімділік:  1. Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру. Қандай заттың суда еріп, қандай заттың суда ерімейтіні туралы мағлұмат беру;
Дамытушылық: Судың адам үшін маңызын, сусыз тіршілік жоқ екенін дәлелдеу және оқушылардың байқағыштық, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Суды ластамау, суды үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.
Әдісі:    Топтық, тәжірибе  жұмысы, түсіндіру, сұрақ –жауап
Күтілетін нәтиже: Оқушылар судың еріткіш қасиетін бөліп көрсетеді және тізіп айтады.
Оқушылар судың қасиеті  туралы білімдерін көрсетеді.
Сұрақ-жауап арқылы диалогтық сөйлеуі қалыптасады.
Cыни ойлауға үйренеді
Өз ойын ауызша жеткізуге үйренеді
Ресурс: су, тұз, қант, құм, ас содасы, бор, тірек сызбалар, суреттер, калий пермангонаты.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау
Мотивациялық Молекула ойыны
Топқа бөліну: молекула санына қарай Сабаққа қызығушылықтарын оятады.
Топта жұмыс жасау ережелері еске түсіріледі. Топ басшысы сайланып, топтағы міндеттер өзара бөлінеді. Ауызша
Операциялық «Сен маған-мен саған ойыны»
Су қасиетін және жай - күйі туралы білімдерін жинақтау, қорытындылау.- Судың қандай үш жағдайы болады?- Ол бір жағдайдан пішіні екінші жағдайға қалай көшеді?Судың жай - күйісұйық, бу, қатты(мұз)
Оқулықпен жұмыс. Жұптық тапсырма. Оқу жұбына оқығаны бойынша сұрақ қоюСу жер бетінде көп кездеседі. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар.Су табиғатта өте жақсы еріткіш.Топтық тапсырмаТәжірибелер:1 - топ: Суға қант салып, араластырайық. Қант еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды. Қант суда жақсы ериді.2 - топ: Суға бір қасық тұз салып араластыру. Тұз суда еріп кетеді. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болады. Тұз суда жақсы ериді.3 - топ: Стакандағы суға құм салып араластыру. Құм қиыршықтары сол қалпында стакан түбінде шөгеді. Құм суда ерімейді.4 - топ: Стакандағы суға бояу салып араластыру. Су лайланады. Судың түсі өзгереді.Дәптермен жұмыс.Жасаған тәжірибе бойынша суда еритін, ерімейтін заттарды жазу.Не аламыз? Нені бақылаймыз?Қант, ас содасы суда жақсы еридіТұз, калий перменганаты суда жақсы еридіҚұм суда ерімейдіБор суда ерімейді Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкене ағаштар биік-биік өседі.Логикалық тапсырмаларЖүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды?Жұмбақ шешу1. Ақ көрпесін тұйықтап,Қыстай жатыр ұйықтап. (қар)2. Тілі былдыр,Үні сылдыр (жаңбыр)3. Отқа жанбас,Суға батпас (мұз)4. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,Пайдаланбас кісі де жоқ (су) Тест жұмысы Оқушылар әр топтан келесі топқа өткен тақырып бойынша сұрақ қояды. Жауап берген топ келесі топқа үйде жазған эсселерін оқу тапсырмасын айтад. Осылайша өткен сабақпен байланыс орнатылады.
Жұптасып отырып бірбіріне оқығандары бойынша сұрақ қоюға дағдыланады
Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Тәжірбие дасау негізінде топтар судың еріткіш екендігіне көз жеткізеді.
Дәптерге тәжірбие нәтижесін жазып алады.
Қант, ас содасы суда жақсы еридіТұз, калий перманганаты суда жақсы еридіҚұм суда ерімейдіБор суда ерімейді
Сергіту сәтін қайталап орындайды
Логикалық тапсырманың жауабын табады. Тұз суда еріп кетеді. Ал мақта ерімейді, суға түскенде салмағы ауырлай
кететіндігін айтады
Жұмбақ жауаптарын табады. Тест жұмысын орындай отырып, сабаққа қорытынды жасалады.
5 саусақ
Жұптық
Топ басшылары бағалайды
Жұптық
Бас бармақ
5 саусақ
Рефлексия Баспалдақ
Бағалау
Ү й тапсырмасы Сабақтан қандай әсер алғандарын, қандай көңіл күйде екендіктерін айтады. Үй тапсырмасын жазып алады Суммативті