?ыс?а мерзімді жоспар Мен кіммін? та?ырыбында


Пән: Дүниетану МЕКТЕП: Ақшұқыр мектеп-лицейі
Күні: 05.09.2016 Мұғалімнің есімі: Ескелді Т.
СЫНЫП: 1 «Ғ» Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Мен кіммін?
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Өзі туралы қысқаша әңгіме құрастырып ,айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Өзін мектеп оқушысы және ұжымның мүшесі ретінде сипаттайды.
Кейбір оқушылар:
Есімінің мағынасын түсіндіріп, айтады.
Тілдік мақсатНегізгі сөздер мен тіркестер:
Адам
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Суреттерге қара.
Кімдерді көріп тұрсың?
Адамдарды салыстыр.
Талқылауға арналған тармақтар:
Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Адамдардың ерекшеліктері.
Есімдері.
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Өзіңді сал.
Мектепте өзіңді қалай сезінесің?
Көңіл күйіңді көрсет.
Алдыңғы оқу
5 мин «Ыстық картоп» ойыны.
Мұғалім балаларға доп лақтырады, ал допты қағып алған бала ол тез өз аты-жөнін айтады.
ЖОСПАР
Жоспарланған уақыт РесурстарБасы
2 мин
8 мин Дүниетану пәнімен ,тараумен таныстыру. Жұмыс дәптеріндегі Ботамен таныстыру.
Жаңа сабақ:
«Мен » сөзі жазылған шарды көрсетіп, кім оқи алатынын сұрау.
Мен деген сөз нені білдіреді?
/ Егер адам өзі туралы айтса мен дейді /
Хормен айтқызып, тақырыпты хабарлау.
Салыстыр тапсырмасын орындату.
Жұптық жұмыс:
Бір-юіріне қарап ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтқызу.
Біз қандаймыз? / мәтінді оқып беру/
АКТ
шар
Ортасы5мин
5 мин
5 мин
Кім зерттеуші болғысы келеді?
Зерттеу дегеніміз бір нәрсені толық анықтауға бағытталған іс-әрекеттер.
Шеңберге тұрып бір-бірінің есіміне мінездемені қосып айту. Ақылды альбина,...
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Топтық жұмыс:
Өздерінің басынан өткен қызықты оқиғаны айтып беру.
Алға шығып, үнсіз көрсету, қалған оқушылар оның не туралы айтып жатқанын табу керек.
АКТ
ҮлгіАяқталуы
5 мин
«Өрмек » жаттығуы.
Орам жіпті оқушылар алып, есінде қалған оқушының есімін айтып соған қарай лақтырады.
Орам жіп
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс№ Аты-жөні №1 №2 №3 №4 қорытынды1. 2. 3. «5»-өте жақсы;
«4»-жақсы;
«3»-орташа; АКТ, әдебиеттік оқу, д/ш, дүниетану.
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?