?ыс?а мерзімді жоспар М?тінді теру ережесі. М?тін бойымен жылжыту


Пәні: Информатика Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.
Сабақтың танымдық мақсаты: Оқушыларға мәтіндік редактормен жұмыс істеу, мәтін ережесін, «редакциялау» түсінігін, редакциялауға пернелер мен командалардың қолданылуын, мәтінді ретімен теруді, пернетақтаиен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, әрекеттерді кері қайтару командаларын үйрету, түсінік қалыптастыру
Сілтеме: 5-сынып оқулығы. Авторы: Е.Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б.Қ. Әбенов электрондық оқулық, презентация
Күтілетін нәтиже: Оқушылар компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды, мәтін енгізудің тәртібін өзгертуді біледі.
Әдіс –тәсілдер: Баяндау, сұрақ-жауап, диалог, тест жұмысы , топпен жұмыс, АКТ, қолдану, электронды оқулықпен жұмыс, «Блум таксономиясы», Сын тұрғысынан ойлау («Жигсо», », «Информатикалық диктант», «Топтастыру», «БҮҮ» )
Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мотивациялық кезең
Сыныппен сәлемдесу.
Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру)
Сергіту сәті «Қызықты сұрақ» әдісі(тақырыпқа қатысты сұрақ қойылады ?)
Оқушыларды гүлдер арқылы топқа бөлу.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
«Білу»
«Жигсо» әдісі
Тақырып бойынша үйге берілген тапсырманы орындау
Оқушылармен мұғаліммен амандасады, сабаққа дайын.
Жағымды психологиялық әсер алады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Операциялық
кезең «Түсіну»
Топтастыру
End
Home

Мәтін бойынша жылжу

Page Down
Page Up

Мәтін теру ережесі:
Бас әріпті немесе символды жоғарғы ригистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.
Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу болса – CapsLock пернесін бас.
Бір орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
Дефис бос орынсыз қойылады.
Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады.
Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын қолданылады.
Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды:
Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.
Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.
«Қолдану»
«Информатикалық диктант» бүгінгі тақырыпты мәтіндік редакторда жаздыру, мәтінді теру арқылы тапсырма бойынша орындау..
А деңгейі Полкан деген ит
Біз мектепке оқп жүргенімізде ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген үлкен ит бар еді. Терезеден қарап тұрғанымызда, әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп, өршіленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тиісе бастады. Сонда мен айттым:
Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды қоймасаң, Полкан сазайыңдф берер – деп .
Біраз қарап тұрсақ та, кішкентай қанденнің ойнақтағанына, тістеріне Полкан ашуланып қозғалмады. Артыма қарасам, арт жағымда ұстазымыз келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап айтты:
-Көрдің бе, анау Полканның сенен гөрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші балалармен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың немесе ренжітесің: Полкан, ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр, -деді.
Оқушы бүгінгі сабақтағы тапсырманың орындалуын түсінеді
Әр оқушы тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар компьютермен жұмыс жасайды.
Рефлекциялық кезең Сергіту сәті.
«Талдау»
Компьютерде орындалған тапсырманы талқылау.
Бас әріпті қалай енгіземіз?
Бос орын қай кезде қойылады?
Enter пернесін қай кезде басу керек?
Ұзын сызықша (тире) қалай қойылады?
Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар.
«Жинақтау»
ББҮ
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Қорытынды.
Өзім: өткен тақырып туралы мағлұмат беру.
Бағалау.
Тақырыптың мазмұнын бағалау.
Өзін –өзі бағалайды.
Рефлексия.
Стикерге өз әсерін суретпен бейнелеп салу. Өз ойын еркін айтады
Оқушы білгенін, үйренгенін жазады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады.
Оқушы өз шешімен бөліседі.
Үй тапсырмасы Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту