?оян мен ?ар?а мектепалды даярлы?


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Сағат саны:
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:
Тақырыбы: Қоян мен қарға
Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.
2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.
3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.
Іс- әрекет кезендері Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.
- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.
— Армысың асыл күн, армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.
- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?
- Жылылық, қуаныш, т.б.
Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.
Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді. Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі Қоңыр күз келеді. Ағаштың жапырақтары түсіп, тек жабайы алма ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы кезде орман аралап жүрген қоян алманы байқап қалады. Оны қалай алуға болады? Алма өте биікте - секіріп жете алмайсың! Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп отырады.
Қарқ! қарқ! Оны көрген қоян:
Қарға, қарға, маған алманы үзіп алып берші! дейді. Қарға ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ алманы түмсығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп алады. Рақмет, саған қарға! деді де қоян алманы жерден көтермек болады. Ал жерге түскен алма жаны бардай дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре жөнеледі. Бұл қалай?
Қорқып кеткен қоян ағаш алмасының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің тікеніне құлағанын түсініп:
Кірпі, кірпі тоқта! тоқта! деп айғайлайды. Менің алмамды қайда алып бара жатырсың?
Кірпі кідірместен: бұл, менің алмам! ол төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап алдым. Қоян да қояр емес! Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған мен.
Таласып жатқан қоян мен кірпіге қарға қосылады. Босқа таласасыңдар, алма менікі. Мен оны өзім үшін үзіп алдым - деді ол өтірік шынын араластыра. Олар бір-бірімен түсіне алмай , алманы әрі тартып, бері тартып, орман айғайдан у-шу болып кетеді. Сол кезде қорбаңбай аю келіп қалады. Бұл не деген айғай шу мазамды алдыңдар ғой! Бәрі оған жақындап, сен аю біздің ормандағы ең үлкен, әрі ең ақылдысың. Сондықтан бізге алманың кімдікі екенін айтып берші? деп аюға оқиғаның қалай болғанын баяндап, төрелігін сұрайды. Аю сәл ойланып сұрады? Алманы кім тапты? Мен деді қоян. Ал, алманы кім үзіп алды? Мен деп қарқ етті қарға. Жақсы. кім оны ұстап алды? Мен ұстап алдым деді кірпі. Мінекей , бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы алу үшін еңбектендіңдер. Алма бәріңдікі. Мұнда бір алма ғой - деді кірпі, қоян, қарға түк түсінбей. Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір-бір бөлігін алыңдар. деді аю. Мұны естіп бәрі қуанып кетті. Бағанадан бері біз бостан - босқа таласқан екенбіз ғой. Кірпі алманы төрт бөлікке бөледі. Қоянға бір бөлігін беріп: бұл саған қоян сен алманы бірінші көрдің. Екінші бөлігін қарғаға беріп: бұл саған қарға сен алманы үзіп алдың. Үшінші бөлігін кірпі аузына салып бұл маған, өйткені алманы ұстап алған мен. Кірпі аюға төртінші бөлігін беріп: бұл саған аю. Маған не үшін деп таңқалады аю. сен бізге ақыл айтып, татуластырдың деді ол риза кейіппен. Әрқайсы өзіне берілген алманың бөлігін жеп, риза болды, өйткені аю ешкімді ренжітпей дрыс, әділ шешім шығарған еді. Береке басы бірлікте- деген осыдан қалған көрінеді. Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
Қорытынды Күтілетін нәтиже:
балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау