Урок по математике число и цифра 9


Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты: 9 саны, құрамы туралы білімін, сәйкес өрнектерді жазуды, оларды пайдалануды қалыптастыру.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, сыни тұрғысынан ойлауын дамыту.
Күтілетін нәтиже: 1. 9 санының құрамымен танысады.
2. 9 саның жазып үйренеді
3. Сәйкес өрнектерді жазуды үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі: сандар,смайликтер, оқулық, суреттер.
Сабақ барысы: 1. Кіріспе. Амандасу, түгендеу, оқу құралдарының дайындығын тексеру.
Топқа бөлу. 6,7,8 сандар арқылы үш топқа бөлнеді.
а) үй тапсырмасын тексеру, әр топтан бір оқушы оқиды.
ә) Бекіту.
1-ші топ. 6- санына байланысты, топ ішінен 6 әріптен
тұратын оқушының есімін атаңдар.
2-ші топ. 7 санына байланысты, топ ішінен оқушының 7 әріптен тұратын есімді атаңдар.
3-ші топ. 8 әріптен тұратын жануарлардың атын атаңдар.
2. Тұсаукесер. –Балалар, қандай қасиетті сандар бар? (3,7,9)
- 9 саны туралы не білесіңдер?
- Қаз. ұлттық ойындарын атаңдар? (тоғызқұмалақ)
- Неге бұл ойын 9 құмалақ деп аталады?
- Себебі 9 ұяшық, 9 тастары бар. (тоғызқұмалақты көрсету)
3. Негізгі бөлім. Оқушыларға суреттер таратып беру. Сол арқылы өрнектер құрайды.(9 санына байланысты)
1-топ: 6 саны. 8+1 = 9 1+8 = 9 5+4= 9
9 -1 = 8 9 -8 = 1
2 топ: 7 саны. 7 + 2 = 9 2 + 7=9 4 +5 =9
9 – 2 = 7 9 – 7 = 2
3 топ: 8саны. 6 +3 = 9 3 +6 = 9 9 – 5 = 4
9 – 3 = 6 9 – 6 = 3 9 – 4 = 5
(әр топтан 1 оқушы өрнектерді оқиды, 1 оқушы тақтаға жазады)
Оқулықпен жұмыс. Мыс2. (Тақтада орын).
Мыс 3 ауызша орындау
Тренинг өткізу. Ат, асфальт, кедергі(оқушылар әр түрлі қимылдар жасайды)
4. Бекіту: - Балалар, әр топқа неше оқушы керек, 9 саны шығу үшін.
(оқушылар орындарынан тұрып келесі топқа барады.
Мыс: 6 оқушыға 3 оқушы қосылады. Осылай бірнеше түрін көрсетеді)
5.Қорытынды: Логикалық есептер шығару.
- Біз қайда тұрамыз? – Ауылда.
- Ауылда адамдар мал ұстайды.Көлік түрлері бар.
Есеп 1. – Айдарханнан үш машина шықты, жеңіл,газель, жүк машина.
Қайсысы тез жүреді?
Жеңіл машина жолда 2 сағат жүрді, газель 3 сағат, жүк машина
4 сағат. Барлығы неше сағат жүрді?
Есеп 2. – Қорадан 4 сиыр, 5 бұзау шықты. Барлығы қанша сиыр шықты?
Балалар,өздерін осындай есеп құрастырындар.
6.Бағалау. – өзін-өзі бағалауы
- мұғалімнің бағалауы
7.Рефлексия. Не нәрсе оңай болды?
Не нәрсе қиын болды?
8.Үйге тапсырма. Мысал 1 , 75 бет.
(Ашық тәрбие сағаты. 4 сынып 2012-2013о.ж)
Сабақтың тақырыбы: Анам және мен.
Сабақтың мақсаты: ойын арқылы оқушылардың тілін дамыту,алған білімдерін тиянақтау, тексеру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, ата-ана, мұғалім, оқушы мен арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
Сабақтың барысы: 1. Ұйым. кезеңі. 1.Кіріспе сөз.