Майлы?ожа С?лтан?ожа?лы ?мірі мен шы?армашылы?ы 10 — сынып


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Сабақтың мақсаты : а) Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары тағлымдық шығарма екенін түсіндіру;
ә) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,слайдтар
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
Абыл Тілеуұлының жинақтары қандай атпен жарық көрді?
Қандай айтыстарын білесіңдер?
Қандай жырларды жырлап жеткізген?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы дүниеге келген. Әкесінен 14 жасында жетім қалған ол жоқшылық-мұқтаждықты көп көреді. Жастайынан өлең шырқауды машық етеді. Ол қарапайым халықтың күйзелісін, махаббат бостандығын жырлап, адал еңбекке үндеген көптеген өлеңдерін жазады. "Жігіттің көркі - өнері", "Жақсылардан шыққан сөз" шығармаларында терең ойшылдың, сын көзбен қараушылық басым.
Майлықожа қазақ ақындарының дәстүрін жалғастырған. Шығыс әдебиетінің үлгілерімен жақсы таныс болғандықтан, өз шығармашылығының өрісін кеңейтуге, оларға еліктеп, мол әсер алғанын байқауға болады.
Ақын:
...Мәлім болған халыққа, Не жүйрік келіп дүниеге,
Өтірік емес анық та, Аяқтарын тіреді.
Өнер алды — тіл еді. Қарсыласқан хандарға
Сарттан өткен Науаи Үзеңгісін шіреді...
Тілдің гаусар гүлі еді. Бәрі де өтті дүниеден,
Парсыда еткен Фирдоуси, Адам бар ма оларды
Заманында дүр еді. Есіткенде күймеген, -
деп, оларға ерекше ден қойып құрметпен қарағанын, өзіне
үлгі тұтатынын мақтанышпен айтады.
Кітаппен жұмыс: Майлықожа Сұлтанқожаұлының толғауларын мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Майлықожа қай жылы дүниеге келген?
Қандай толғауларын білесіңдер?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.