Статья по физкультуре на тему: «Дене шыны?тыру мен спортты бас?аруды? о?ушы т?л?асын дамытуда?а ма?ызы»


Дене шынықтыру мен спортты басқарудың оқушы тұлғасын дамытудаға маңызы
Адам тұлғасының даму негіздері мектепке дейін және төменгі сыныптарда оқып жүрген жас мезгілдеріне сәйкес жалғасады. Сонымен қатар тұлғаның жан-жақты дамуы биологиялық заңдылықтарға да байланысты. Ең маңызды заңдылықтардың біріне тоқталатын болсақ, ол адамның организмінің өсіп дамуы табиғи ортаға байланысы бар екендігін атағанымыз орынды болады.
Дене мәдениеті дегеніміз жалпы мәдениеттің бір бөлігі екендігін атай отырып, қоғамның адам тұлғасының дамуына бағытталған арнайы әдістемелер мен тәсілдердің, мақсатты түрде тиімді пайдаланудың бірлігі деп. ұғынуға болады. Дене мәдениетінің даму дәрежесі қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының деңгейіне байланысты.
Дене мәдениетінің негіздері дегеніміз дене дайындығын, осы салака қатысты білімді қамтамасыз ете отырып, әрбір адам баласының болашақта денесінің жан-жақты даму негізінде спорт пен дене тәрбиесіне терең шұғылданумен бірге өмір белсенділігін арттыру деп. түсінеміз. Дене мәдениетінің негіздері мектеб жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен өткізілетін дене тәрбие сабақтарында қалыптасуға тиісті.сондықтан да бала-бақшалардың және орта мектептердің бағдарламаларында дене тәрбиесі сабақтарыміндетті түрде жетісіне екі рет өткізілуге тиісті екендігі атап көрсетілген. Олай болатын себебі осы жас кездерінде, жалпы дене тәрбиесінің негіздері қаланумен бірге адам бойындағы физикалық қасиеттердің қалыптасатындығын ескер туге тиістіміз. Демен орта мектеб інде, сонымен бірге бала-бақшаларда өткізілетін дене тәрбиесінің маңызы орасан зор екендігін көре отырып болашақта адам тұлғасының қалыптасуының ең бір бастр негіздерінің бірі деп. атағанымыз жөн.
Дене тәрбиесі жөніндегі білім дегеніміз қозғалыстарға үйретудің негізгі мазмұнын құрай отырып,адамның өз қозғалыстарын басқарудағы орынды тәсілдерді мегеру жүйесін жасайды, сол арқылы іскерліктің, дағдылардың және соларменбайланысты білімдердің өмірге қажет қозғалтқыш қорын меңгереді.
Дене дайындығы дегеніміз белгілі бір іс-әрекетке байланыстымақсатты орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандандырылған процесі. Ол жалпы және арнайы дене дайындығын танып білуге көмектеседі. Сонымен бірге дене дайындығы еңбекке әзірленудің, қажет десеңіз әскери қымет етуге дайындаудың бөлінбес құнрамы болыптабылады.
Дене пішінінің дайындығы дегеніміз белгілі бір қызметке дене жағынан әзір болудың хал-жағдайы, яғни қолжеткен жұмыс Істру қабілетін тұтастырған дене дайындылығының нәтижесі мақсатты қызметтің әсерлілігін арттыруға мүмкіндік беретін, жадай жасап ұйымдасқан қолданбалы қозғалитқыштың іскерліктер мен дағдылар деп. түсінгеніміз жөн болады.
Жаттықтыру процесінің ұзақтығына байланысты жопарлаудың перспективалық және жедел деген екі түрі болады. Перспективалық жоспарлау айлық (мезоцикл), ал жедел жоспарлау апталық (ликроцикл) және жеке жаттықтыру сабақтарына арналып жасалады. Микроциклге спортшы қатысатын жарыстардың түрі, уақыты, сол жарыстағы спортшының орындайтын міндеті, оның дайындығындағы аралық кіші міндеттер және жыл көлемінде орындалатын үлкен міндеттер сипаты, жүктеменің көлемі кіргізіледі.
Жылдық жоспар жасағанда спортшының шамасы, мүмкіншіліктері спорттық көрсеткіштерінің өсу қарқыны негізге алынады. Жоспарды спогртшымен келісе отырып жасаған дұрыс. Ол жоспардың дұрыстығына сеніп, оның дұрыс орындалуына бармүмкіншіліктерін пайдалана біліуі керек. Жылдық жоспардың міндеттері жедел жәржем жасалғанда кеңінен, нақтылы ашыла көрсетіледі. Мезоциклдер 3-4 микроциклдерден құралады да, 2-3 екпінді және 1-2 қалпына келу толқындары түрінде үргізіледі.
Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың неізгі түрі болып келенді. Ол дайындық, негізгі және қортынды бөлімдерден тұрады. Дайындық бөлімінің мақсаты-спортшы денесн негізгі бөлімде өтетін қарқынды, көлемді жұмысқа дайындау. Дайындық жалпы және арнайы деген екі бөлімге бөлінеді. Дайындық бөлімінде әртүрлі жалпы дайындық жаттығулары қолданылады. Мысалы, жүгіру жаттығулары, әр түрлі снарядтармен жаттығу, жалпы жаттығу, екі-екіден топтық жаттығу т.б.
Қазіргі кезде балалар спорт пен өте жас кезінен шұғылдана бастайды. Сондықтан жаттықтыру процесі не, жарыстар өткізугеайрықша көңіл бөлген жөн. жаттықтыру кезінде дене қуаты дайындығы жан-жақты дамытылуға, организмнің жұмыс істеу қабілеті арттырылуға тиіс. Психикалық және дене күші өсіп келе жатқан бала организмінің мүмкіндігіне, жасына, жынысына, дайындық деңгейіне сай болуы керек. Жаттықтыру жетісіне 3-6 рет өткізіліп, жаттығу балалрады жалықтырмайтындай әр түрлі әсерлі, көбінесе ойын түрінде болуы қажет. Организмнің бастапқы қалпына келу тәртібі, жаттықтырушының, дәрігердің ұсыныстары, ұйқы, тамақтану, дем алу тәртібі қатаң сақталғаны жөн. жаттығулардың бастапқы кезінде толық және қарапайым қалпына тәртібі, дене қуаты дайындығының деңгейі көтерілген соң қатаң қалпына келу процесін жеңілдету үшін күндік микроциклдер пайда болады да, аздап және орта күш түсіру қалпына келу процестерінің жеңіл өтуіне себебін тигізеді. Жыныстық же тілу мерзімі кезеңінде спортшы организмнінің қызметі қатаң бақылауға алынады. Бұл мерзімде жасөспірім ұл мен қызбалаларға өте күш түсіру олардың денсаулығына зиянынын тигізуі мүмкін. Әсіресе қыз балаларға айрықша көңіл бөлген жөн. олардың жұмыс қабілеттілігінің өзгеруі, тез әсерленгіш көңіл-күйлері көбінесе етеккір келу циклдердің мерзіміне байланысты. Етеккір келер алдында және келген кезде жаттықтыру жүктемелерін азарту. Цикл аяқталған соң, спортшы қыздардың жұмыс қабілетінің тез қалпына келуіне көмектеседі. Ал енді қыз балалар организмінің ерекшеліктері ескерілмей жүргізілген жаттықтыру жұмыстары олардың қабілетін төмендетіп, жаттықтыруға ықыласын азайтады. Жаттықтырушының беделіне, біліміне сенімсіздік туғызады.
Дене қуаты қасиеттерін, қимыл шеберлігі мен дағдысын жетіллдіру арқылы жасөспірімдерді еңбекке дайындау. Спорт пен шұғылдану балалардың бойында көпшілдік, адалдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қайсарлық, табандылық тәрізді мінез-құлықтарды қалыптастырады. Жас спортшыларды тәрбиелеуде жаттықтырушы ата-аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Олардың қойған талаптары бірдей болса ғана жұмыс нәтижелі болады. Тәбиелеу өзгерістері сендіру және дағдылангдыру әдістерінен тұрады. Сендіру әдісінің көмегімен спортшының ақыл-ойында қоғамның талаптарына сай мінез-құлық, жүріс-тұрыс тәртіптері қалыптастырылады. Спортшы қоғамдық орында өзін-өзі ұстауға дағдыланып, тәртіптілікке, ұжымның мүддесін ойлау сезіміне тәрбиеленіп, басқа да жақсы әдеттерді бойына сіңіруі керек. Сонда ғана ол саналы азамат болып өседі.