«Таным» білім беру саласыны? жратылыстану ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы


«Таным» білім беру саласының жратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Бізге күз не береді».
Мақсаты: Жеміс-жидектер туралы балаларға білім беру. Жемістер мен көкіністерді ажырата білуге үйрету.
Алдын-ала жұмыс: Жеміс-жидектермен таныстыру
Сөздік жұмыс: күз,күн,себет
Дидактикалық құрал: Күз мезгіліне байланысты бірнеше суреттер жинағы.
көрнекіліктер
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің басқарымдық қызметі Балалардың іс-әрекеті
І кезен
Мотивациялық
қозғаушы
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықсың күн бүгін! Тәрбиешімен бірге қайталайды.
ІІ кезен
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Тіл дамыту.
Суретпен жұмыс.
Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
Ал күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Мына суретте қандай жыл мезгілі суреттелген?
Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Тақпақ: «Күз береке».
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Тақпақты талқылаймыз.
Сергіту сәті.
Біз көңілді балдырған,
Сескенбейміз жаңбырдан.
Қолымызда қол шатыр,
Алдымызда жол жатыр.
Суретпен жұмыс.
Жемістер мен көкіністерді ажырата білу үшін бірнеше рет жемістер мен көкіністердің аттарын қайталаймыз.
-Күз мезгілі
-Күн суық болады,жапырақтар сарғайады.
- Күз мезгілі.
Күн суытып, жаңбыр жие жауады.
Тәрбиешімен бірге қайталап, тақпақтың қысқаша мазмұның айтады.
Қайталайды, қимыл-қозғалыс жасайды.
Балалар сурет бойынша қайталап айтады.
ІІІ кезен
Рефлексивті түзеуші Д/ойын «Жемістерді тап?».
Мақсаты: Көкіністердің ішінен тек жемістерді тауып себетке жинау.
Ойын арқылы бүгінгі тақырыпты қортындылай отырып, балаларды мақтап, мадақтаймын. Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Күтетін нәтиже:
Ұғынады: Күз мезгілі ерекшеліктерін айта білу, сурет арқылы сөйлей білу, жемістер мен көкіністерді ажырата білу.
Түсінеді: Сергіту жұмысын қайталайды,мағынасына қарай қимыл-қозғалыс жасайды.
Қолданады: Д/ойын «Жемістерді тап?» ойыныңда жемістердің атауын атап, дұрыс табады.