«Таным» білім беру саласыны? жаратылыстану ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы Та?ырыбы: Жапала?тап ?ар жауады


«Таным» білім беру саласының жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Жапалақтап қар жауады
Мақсаты: Тірі және өлі табиғаттың қысқы құбылыстары туралы білімдерін бекіту. Айналадағы
табиғатқа деген эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Алдың ала жұмыс: қыс мезгілін бақылау
Сөздік жұмыс: қыс , қар, аяз.
Көрнекі құралдар: шығарма, қыс туралы суреттер
Іс- кезеңі Тәрбиешінің басқарымдық қызметі Балалардың іс-әрекеті
І кезең мотивациалық- қозғаушы - Балалар, бүгін күн өте суық сияқты. Сондықтан біз бір - бірімізге алақанымыз арқылы жылу беріп, жылы сөз айтып амандасып алайықшы!- Балалар, денелеріңді бос ұс- тап, көздеріңді жұмып, мені тыңдап, айтқанымды көз алда- рыңа елестетіп отырыңдар.«Орман ағаштарын қалың қар басқан. Орманшының үйінің төбесінен будақ - будақ түтін шығады. Үй иесі есік алдын қалың қардан тазалап, қора- дағы малдарға шөп, жем са- лып жүр. Басқан аяғы қырт - қырт етеді».- Ал енді көздеріңді ашыңдар. Бұл жылдың қай мезгілі туралы айтылған? Арайлап атқан таңға сәлем!Жылуын шашқан күнге сәлем!Жайнап өскен бізге сәлем!Білім беріп тәрбиелеген,Апайларым сіздерге сәлем!
Балалар денелерің бос ұс- тап, көздеріңді жұмып, тәр- биешіні тыңдап, айтқанын көз алдарыңа елестетіп отырады.
Балалар қыс мезгілі екенін, оның ерекшеліктері туралы айтып береді
ІІ кезең ұйымдастыруышылық- ізденушілік Іздену-ұйымдастыруыш
- Балалар, сендер «Балапан» бағдарламасын көресіңдер ме?- Онда көптеген қызықты бағдарламалар болады, солай емес пе?- Қызықты тапсырмалар беріліп, көп нәрсе үйреніп жүрміз ғой. Бізге бүгін сол «Балапан» бағдарламасынан хат келіпті. Онда бізге тапсырмалар беріліпті.
1- тапсырма. Жұмбақ шешу.Қыста ғана боладыҰстасаң қолың тоңады.3 - тапсырма. Қыс туралы тақпақ айту4 - тапсырма. Қыс туралы өлең айту- Жарайсыңдар, балалар! Сендер тапсырманы жақсы орындап, суреттен әдемі әңгіме құрадыңдар. Осы суретке қарап мұны «сықырлауық қыс» деп атар едім. (Тәрбиеші де осы суретке қарап әңгімелеп айтып береді, «сықырла- уық» сөзінің мағынасын түсіндіреді)- Сендерге әңгіме ұнады ма?Ендеше орнымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті«Не артық» ойыныТөрт мезгілдің суреттері араластырып ілінеді.(Үнтаспадан ысқырған боранның даусы естіледі.)- Балалар, бұл ненің даусы?- Енді терезеге қарайықшы, әйнегінен не көріп тұрсыңдар?- Бұл суретті аяз бізге көрсетпей салып кеткен екен. Күн қатты суық болған кезде, аяз әр үйдің терезесіне осындай әдемі суреттер салады. Осы өрнектерді «аяз өрнектері» дейміз. Сендер осындай өрнектерді қағаз бетіне сала аласыңдар ма?- Жарайсыңдар, балалар! - Ия, көреміз
- Ия, солай
Балалар суреттерді өз орындарын орналастырады, қыс мезгілінің бейнесі шығады, суретке қарап әңгімелейді
Балалар жұмбақтың шешуін табады
Қыс туралы тақпақ айтады
Қыс туралы өлең айтады
Тәрбиешінің әңгімесін тындайды.
Ия.
Орнымыздан тұрамыз,
Қос бүйірді сығамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Бір айналып шығамыз.
Бір, екі, үш, төрт, бес
Қолды қолға ұрамыз.
Балалар артық суреттерді тауып, оның қай мезгілге тән екенін айтадыҮнтаспадан ысқырған боран ның даусың тындайды.
Боранның даусы
Әдемі суретті көріп тұрмыз
ІІІ кезең рефлексивті-
түзетуші Суреттерің маған қатты ұнады.- Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?- Несімен қызық деп ойлайсыңдар? -Ия, ұнайды
-Қыс аққаласымен, ақ ұлпа қарымен, Аяз атасымен, сырғанап ойнайтын мұзымен қызық.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: қыс мезгілі туралы айту
Түсінеді: әсемдікті сезіну
Қолданады: тақпақты оқу