«Таным» білім беру саласыны? жаратылыстану ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы Та?ырыбы: К??ілді а??ала


«Таным» білім беру саласының жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Көңілді аққала
Мақсаты: тәрбиешінің үлгісімен әңгімелерді құрастыруды жалғастыру; киімдер атауларың, әрекеттерді, түстерді белгілейтін сын есімдерді атауды үйрету; антонимдерді қолдануды үйрету; дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлеу
Сөздік жұмысы: Шана,қыс,сырғанаймыз.
Алдын-ала жұмыс: қыс қызығы,аққала
Дидактикалық құрал: ойын
Іс- кезеңі Тәрбиешінің басқарымдық қызметі Балалардың іс-әрекеті
І кезең мотивациалық- қозғаушы Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, бүгінгі күнмен амандасады.- Балалар қазір бізде қыс мезгілі, қыста қар жауады. Енді мына қар арқылы бір-бірімізге жылы тілектер айтайық. (Шеңбер бойында бір-біріне тілек айтқызу). Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «Қысқы табиғатпен танысамыз.- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, кім шешуін табады екен?Аяз қыстап, өрнек сызып,Терезені торлайды,Қарға омбығып, бет домбығып,Балдырғандар ойнайды,Кейде ұлып, кейде ысқырып,Ұйытқып боран соғады.Бөбектерім айтыңдаршыБұл қай кезде болады?- Қазір жылдың қай мезгілі?- Қазір қыстың қай айы?- Ол қандай ай?- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?- Көрдіңдер ме балалар қыс мезгілі қандай тамаша.- Ал енді балалар табиғат дегеніміз не? Тағы кім айтады? Табиғат-біздің анамыз,Табиғатқа баламыз!Иіліп сәлем береміз,Біз әдепті баламыз! Сәлеметсіздер ме!
Қарды ұсынып бір-бірлеріне жылы жүрекпен өз тілектерін айтады. Балалар қызыға тыңдайды
Қазір жылдың қыс мезгілі.- Қантар айы- Қантар айы қыстың соңғы айы. Қыста шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз, қармен ойнаймызАдам, торғай, ағаш, күн, жануарларБізді қоршаған орта
ІІ кезең ұйымдастыруышылық- ізденушілік
Тәрбиеші: - Балалар енді мына суретке қарап қай мезгілге байланысты, балалар не істеп жүр екен әңгіме құрастырайық. Суреттер: Аққала, коньки, шаңғы,-Балалар біз қыста қандай ойындар ойнаймыз?
-Бүл суретте не көріп тұрсындар?
-Балалар не істеп жатыр?
-Қандай ойындармен ойнап жатыр?
-Қандай киім киінген,женіл ма әлі
қалын ба?
-Кім маған сурет бойынша әнгіме құрастырады?- Дұрыс айтасыңдар енді орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық.Шаршағанда ырғалып,Гүлге ұқсап дем алам.Қанатымды бір қағып,Гүлдей болып жайқалам.Орнымызға отырайық.- Жақсы балалар сендер қыс мезгілін білдіңдер. Мен сендерге жұмбақ жасырайын, кім шешуін табады екен.Ақ жібек асыл көрпедей,Қыс болса жерді жабады.Жазғытұрым болғандаСу болып сайға ағады (Қар) Балалар қызыға қарайды. Суретке қарап әңгіме айтады
Қимылмен көрсетеді Шаршағанда ырғалып,Гүлге ұқсап дем алам.Қанатымды бір қағып,Гүлдей болып жайқалам.Орнымызға отырайық.
Сұрақтарға жауап береді.
ІІІ кезең ефлективті-коррекциялаушы - Балалар сендер қыс мезгіліне байланысты тақпақтар білесіңдер ме?
- Енді балалар ойын ойнайық
Д. о «Ойлан тап»
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қандай айлар?
- Ақпан қыстың қандай айы?
Тақпақ жаттау - Үш ай бар
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
- Қантар қыстың соңғы айы Балалар тақпақты қайталайды
Жасап қардан сырғанақ,
Астымда шанам сырғанап,
Құламадан құлдырап,
Ағып барам зымырап
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: қыс мезгілінін ерекшеліктерін білу.
Түсінеді: сұрақтарға толық жауап беру
Қолданады: тәрбиешінің үлгісімен әңгімелерді құрастыру