«?леумет» білім беру саласыны? экология негіздері ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы Та?ырыбы: «Кім ?айда т?рады?»


«Әлеумет» білім беру саласының экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Кім қайда тұрады?»
Мақсаты: Балаларға жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің кенеттен емес өз тіршілігімен өмір сүріп жатқанаң түсіндіру.
Алдын-ала жұмыс: Аю апанда
Сөздік жұмыс: қасқыр,аю,түлкі
Дидактикалық құрал:көрнекіліктер
Іс - әрекет кезені Тәрбиешінің басқарымдық қызметі Балалардың іс әрекеті
І кезен
Мотивациялық
қозғаушы Таңғы шеңбер:
Табиғат жайлы өлең оқу.
Қар еріді су ақты
Күндер келді шуақты
Байтақ дала келбеті
Түкті кілем сияқты. Күн дидарлы арайлы
Нұрын төгіп тарайды
Барлық бала шаттанып
Қуанышпен қарайды
ІІ кезен
Ұйымдастырушылық-ізденушілік Тосын сәт:
Балалар бізге қонаққа біреу келе жатқан сияқты.
Бізге қонаққа кім келді?
Аю туралы не білеміз?
Қане аю туралы тақпақ кім айтады?
Аю нені жақсы көреді?
Аю қайда тұрады?
Орманда аюдан басқа нелер тұрады?
Аю өзінің мекені жайында айтып береді
Ол өзінің достарының суреттерін көрсетіп, олардын қалай тіршілік ететінің айтады. Қызығушылыұтарын арттыру
Аю келді
Тақпақ білеміз
Жанель:
Ормандағы аюдың
Құлпынай көп екен
Теріп теріп аламыз
Қалтамызға саламыз
Аю балды жақсы көреді.
Аю орманда тұрады.
Қасқыр, түлкі қоян.
ІІІ кезен
Рефлексивті түзеуші Д/О: «Кім қайда тұрады?»
Мысалы: балық суда, аю орманда. Балалар белсенділіктерін көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: табиғаттағы тіршілік иелерін
Түсінеді: олардың өмір сүру мекенін түсіндіруҚолданады: Көкөністер