?йымдас?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы. Екінші кіші тобы Б?лімі: «Дене шыны?тыру» Та?ырыбы: ?осымша адыммен ал?а ?арай ж?ру, тегіс тайыз б?ренемен ж?ру, ?уен ыр?а?ымен ?имылдау.


Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы.
Екінші кіші тобы Бөлімі: «Дене шынықтыру»
Тақырыбы: Қосымша адыммен алға қарай жүру, тегіс тайыз бөренемен жүру, әуен ырғағымен қимылдау.
Мақсаты: Қосымша адыммен жүруге үйрету, бір аяқты алға шығарып, екінші аяқты қосымша қоюға дағдыландыру, әуен ырғағымен қимылдарды жасауға жетілдіру.
Ойын: «Қасқырды аулау»

Іс-әркет мақсаты Сабақтың мазмұны Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті уақыты
Дәлелдеп-талаптануСпорт залына кіру,жүру, амандасу,бұрылу, жүгіру,дем алу, дамыту жаттығуларын бір тізбек жасап жүру. Спорт залына балаларды шақыру, бір-бірінің артынан жүргізу, бір қатарға тұрғызу, амандасу, сабақтың тақырыбын айту, жаттығу жасағанда балаларға көмек жасау. Бір тізбек жасап кіреді, бір қатарға тұрады, амандасады, мұғалім айтқан тақырыпты тыңдайды,мұғалімнің есебін айтқызбай орындау, жаттығуларды жасау. 3 рет
3 рет
Ұйымдастырушылық ізденіс Қосымша адыммен алға қарай жүру, тегіс тайыз бөренемен жүру, әуен ырғағымен қимылдау.
Ойын: «Қасқырды аулау»
Қосымша адыммен алға қарай жүру,гимнастикалық қабырғамен өрмелеу.Төбеге ілінген затты алуға тырысып, бір орында тұрып екі аяқтап секіру.
Ойынды түсіндіру: Көлбеу тақтаймен жүріп гимнастикалық қабырғаға өту,қабырғаға өту,қабырғадан төмен қарай түсу.Бір орыннан ұзындыққа секіру.Бөренемен жүру.
Бір,екі,
Жердің,беті.
Сары шымшық,
Қасқырды аулап шық. 3 рет
4 рет
Рефлекстік түзету Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорыту. Балалармен құралдарды бірге жинау, сабақты қорыту. Құралдарды жинап болғаннан кейін балалар өз пікірін сабақ туралы айтылады. 5 рет
Күтілетін нәтиже:
Білу: Қосымша адыммен жүруді білу.
Болу: Бір аяқты алға шығарып, екінші аяқты қосымша қоюға дағдыландыру
Қолдану: Әуен ырғағымен қимылдарды жасауға жетілдіру.
Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы.
Екінші кіші тобы (64 сабақ)
Бөлімі: «Дене шынықтыру»
Тақырыбы: Қосымша адыммен артқа жүру, зат арасымен екі аяқпен секіру.
Мақсаты: Қосымша адым жасауға үйретуге жалғастыруға, үйлесімдікті дамыту, биік емес заттардан кезектеп секіруге білімдерін бекіту.
Ойын: «Қарға мен балалар»

Іс-әркет мақсаты Сабақтың мазмұны Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті уақыты
Дәлелдеп-талаптануСпорт залына кіру,жүру, амандасу,бұрылу, жүгіру,дем алу, дамыту жаттығуларын бір тізбек жасап жүру. Спорт залына балаларды шақыру, бір-бірінің артынан жүргізу, бір қатарға тұрғызу, амандасу, сабақтың тақырыбын айту, жаттығу жасағанда балаларға көмек жасау. Бір тізбек жасап кіреді, бір қатарға тұрады, амандасады, мұғалім айтқан тақырыпты тыңдайды,мұғалімнің есебін айтқызбай орындау, жаттығуларды жасау. 3 рет
3 рет
Ұйымдастырушылық ізденіс Қосымша адыммен артқа жүру, зат арасымен екі аяқпен секіру.
Ойын: «Қарға мен балалар»
Адымдап жүре отырып,зат арасындағы заттардан сүрінбей өту.Заттардың арасынан қос аяқтап секіру.
Ойынға жалпы түсіндіру: Алға жылжи отырып,бір аяғынан екінші аяғына секіру.
Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсем сөзім жоқ.
Маған жақын келіңдер,
Бір ыз ұстап беріңдер! 3 рет
4 рет
Рефлекстік түзету Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорыту. Балалармен құралдарды бірге жинау, сабақты қорыту. Құралдарды жинап болғаннан кейін балалар өз пікірін сабақ туралы айтылады. 5 рет
Күтілетін нәтиже:
Білу: Қосымша адым жасауды білу.
Болу: Үйлесімдікті дамыту.
Қолдану: Биік емес заттардан кезектеп секіруге білімдерін бекіту.