?йымдас?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы. Екінші кіші тобы Б?лімі: «Дене шыны?тыру» Та?ырыбы: Тегіс тайыз б?ренемен ж?ру. Модулден т?рт ая?тап е?бектеу, ала?анмен тізеге таянып ?ту.


Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы.
Екінші кіші тобы Бөлімі: «Дене шынықтыру»
Тақырыбы: Тегіс тайыз бөренемен жүру. Модулден төрт аяқтап еңбектеу, алақанмен тізеге таянып өту.
Мақсаты: Бөренеден дұрыс жүруге үйрету, кедергіден өтуге білімдерін жетілдіру, төзімділікке, ептілікке дамыту.
Ойын: «Балапандар»

Іс-әркет мақсаты Сабақтың мазмұны Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті уақыты
Дәлелдеп-талаптану Спорт залына кіру,жүру, амандасу,бұрылу, жүгіру,дем алу, дамыту жаттығуларын бір тізбек жасап жүру. Спорт залына балаларды шақыру, бір-бірінің артынан жүргізу, бір қатарға тұрғызу, амандасу, сабақтың тақырыбын айту, жаттығу жасағанда балаларға көмек жасау. Бір тізбек жасап кіреді, бір қатарға тұрады, амандасады, мұғалім айтқан тақырыпты тыңдайды,мұғалімнің есебін айтқызбай орындау, жаттығуларды жасау. 3 рет
3 рет
Ұйымдастырушылық ізденіс Тегіс тайыз бөренемен жүру. Модулден төрт аяқтап еңбектеу, алақанмен тізеге таянып өту.
Ойын: «Балапандар»
Тегіс тайыз бөренемен тура және бір қырындап жүру.Модулден төрт аяқтап еңбектеу,көлбеу тақтаймен жүріп гимнастикалық қабырғаға өту,қабырғадан төмен қарай түсу.
Ойынға жалпы мағлұмат беру: Бөренеден бір сатыдан екіншісіне тырмыса көтеріліп өрмелеу.Оң және сол қолмен өзінен төмен қарай көлденең нысанаға лақтыру.Гимнастикалық скамейкадан қарғып түсу.
Тәрбиешімен бірге ойынды ойнау. 3 рет
4 рет
Рефлекстік түзету Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорыту. Балалармен құралдарды бірге жинау, сабақты қорыту. Құралдарды жинап болғаннан кейін балалар өз пікірін сабақ туралы айтылады. 5 рет
Күтілетін нәтиже:
Білу: Бөренеден дұрыс жүруді білу.
Болу: Кедергіден өтуге білімдерін жетілдіру.
Қолдану: Төзімділікке, ептілікке дамыту