?лшем алу. Алжап?ыш ж?не ?шкіл орамал.


Сабақтың тақырыбы: өлшем алу. Алжапқыш және үшкіл орамал.
Сабақтың мақсаты:
Алжапқыш және үшкіл орамал дайындау технологиясымен таныстыру;
өлшем алу жұмыстарын жүргізе отырып ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, сарамандық жұмыс.
Қажетті құрал – жабдықтар: сантиметрлік таспа, қалам, қағаз, қарындаш, өшіргіш.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ.
Өлшемді дұрыс алу үшін адам денесіндегі негізгі өлшем сызықтардың орналасуын жақсы білу қажет және мына ережелерді сақтау керек.
Өлшемді денебітімнің оң жағынан алған дұрыс.
белді жіппен алдын ала өлшеп алады.
Өлшем алу кезінде денебітімді түзу және тік ұстау керек.
Өлшемді сантиметрлік таспамен өлшеп алады. Өлшеу барысында сантиметрлік таспаны созуға не бос ұстауға болмайды.
ұзындық өлшемі түгел, ал ен өлшемі мен дене айналымының жарты өлшемі жазылады. Себебі, сызба құрастырғанда дененің жарты өлгшемі алынады.
ІІІ. Сарамандық жұмыс.
Алжапқыш сызбасын алу үшін өлшем алу.
Өлшем атауы Әріптік белгілеу Өлшем алу ережесі Қолданылуы
Көкірекше ұзындығы КҰ Бел сызығынан жоғары қарай қажетті ұзындыққа дейін Алжапқыш көкірекшесінің ұзындығын анықтау.
Төменгі бөлшек ұзындығы ТБҰ Бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін Алжапқыштың төменгі бөлшегінің ұзындығын анықтау.
Белдің жарты айналымы Бжа Тұлғаның ең жіңішке бөлігі Белбеудің ұзындығын анықтау.
Мықын жартылай айналымы Мжа Көлденеңінен алғанда мықын айналымы. Алжапқыштың төменгі бөлшегінің енін анықтау.
Кестені пайдалана отырып өз өлшемдерін алады. Нәтижесін дәптерге жазып алады.
ІҮ. Бекіту сұрақтары.
Өлшемді қалай алған дұрыс?
Өлшем ұзындығы және айналымы қалай жазылады?
Өлшем алу ережесі қандай?
Денебітімдегі негізгі өлшем сызықтарды атаңдар.
Ү. Қорытынды.
Оқушылардың жұмыстарын тексеру, бағалау.