Алжап?ыш ж?не ?шкіл орамал сызбасын жасау ?шін ?лшем алу.


Сынып:6 «а»,6 «б»
Пәні:Технология
Тақырыбы:Алжапқыш және үшкіл орамал сызбасын жасау үшін өлшем алу.
Негізгі түйінді идея:Алжапқыш және үшкіл орамал сызбасын жасау үшін өлшем алуды үйрену.
Оқу мақсаттары:Өлшемдерді дене бітімінің оң жағынан алуды үйренеді.Оқушылардың 60 пайызын 20 минут ішінде өлшем ұзындығы мен айналымы қалай жазылуын білуге дағдыландыру.Алжапқыш сызбасының өлшем алу кестесімен танысады.
Тілдік мақсаты:Сызба сызу кезінде қолданылатын сызықтардың атауларын,кескінін,қолданылуын үйренеді.
Табыс критерийлері
Барлық оқушылар:Өлшем алу кезінде дене бітіміндегі негізгі сызықтарды атайды.
Көпшілік оқушылар:Оқушылардың 60 пайызы өлшем алу ережелерін айтып берді.
Жекелеген оқушылар:Жалпы тақырыпты меңгереді шығармашылықпен жұмыс жасайды.
Кезеңдер-Уақыт-Кіріспе-5 минут
Мұғалім не істейді?
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады.
2.Топтастыру.
Оқушылар не істейді?
Оқушылар сергіту сәтін жасайды,түрлі-түсті алжапқыш суретін алып бірдей топтарға бөлінеді.
Іс-әрекет 35 минут
Жаңа сабақ:Мәтінмен жұмыс
2.Тақырып бойынша постер қорғату.Жұппен талқылау.Топпен талқылау.
3.Оқулықпен жұмыс.
1.Оқушылар
1)9 кестені пайдаланып,өз өлшемдерін алып,нәтижесін жұмыс дәптерлеріне жазып алады(жұптық жұмыс).
2)Қосымша тапсырмаларды орындайды.
Жұптық бағалау.Екі жұлдыз,бір ұсыныс.
Рефлексия-5минут
«Бір ауыз сөз» (ұнады,қажет,пайдалы,білдім,үйрендім,қызықтым,ұмтылдым,есте сақтадым).Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтып,сабаққа кері байланыс береді.Өзін-өзі бағалау.Стикер,бағалау парағы.