Технология п?нінен ашы? саба?. Та?ырыбы: Ая??ап?а ою тігу


Алматы облысы,Қарасай ауданы,Абай ауылы.
«Абай ауылындағы орта мектеп»мектепке дейінгі шағын орталықпен КММ.
Технология пәнінің мұғалімі:Бектемисова Раиса Даркенбаевна.
Аяққапқа ою тігу
I.Сабақтың тақырыбы:Аяққапқа ою тігу.
II.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Аяққапқа ою тігу,әшекейлеу ұлттық қол өнердің түрі екенін түсіндіру.
Дамытушылық:Ұлттық тәрбие беру,ұлттық өнер арқылы танымдық қабілетін дамыту.Оқушыларды техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Қыздарды әсемдікке баулу,қолөнердің шеберлігі мен әсемдігін бойларына сіңіру,таныта білу.
III.Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндіру сұрақ-жауап,әңгіме көрнекілік.
IV.Сабақтың түрі:Практикалық сабақ.
V.Қажетті құралдар:ине,жіп,қайшы,моншақты ине,аяққап,ою-өрнек түрлері,қағаз.
VI.Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.
-Сабаққа дайындықтарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
-Біз өткен сабақта не істедік?
-Ою,қайшы,ине,аяққап,тор тігіс,қол тігіс атаулары.
3.Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбының мақсатын жариялап,түсіндіру.
-Қыздар бүгін біз аяққапқа ою түрлерін тігеміз.
Оюдың түрлерімен таныстыру,түсінік беру.
VII.Дидактикалық ойын. «Орнын тап»
Шарты:Тақтаға 4 сурет ілінеді.Қойдың,гүлдің,айдың,геометриялық фигуралардың суреті ілінеді.Сол суретті оюдың қай түріне жататынын анықтап тауып қояды.
Мысалы:Қошқар мүйіз оюы болса қойдың астына қояды.
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
-Алдымен инемен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз.Инені,түйреуішті кеудеңе түйірме,аузыңа салма,ине қадағышқа қадап қою керек.
Инемен жұмыс жоспары:
1.Алдымен жіппен инені ал.
2.Сосын жіпті қи.
3.Сонан соң жіпті инеден өткіз.
4.Кейін жіптің ұшын түй.
Тау оюы-қолөнер бұйымының жиектеріне салынады.Мәңгілік күш-құдіреттің символы.Қариялардың таудай бол деп бата беруі де тектес тек емес.
Қошқар мүйіз-қошқардың мүйізі тәрізді ою.Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының көшпелі өмір салтымен туған.Қошқар мүйіз оюы неше түрлі формаларға еніп,қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі.
Практикалық жұмыс
Ою түрлерін аяққапқа тігу.
Жоспары:
1.Аяққаптың оң жағын өлше,белгіле.
2.Белгінің үстіне оюды қой.
3.Оюды инешелермен қадау.
4.Аяққапқа оюды көмкеру немесе тор тігісі мен тік.
VIII.Қорытындылау.
Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақтан алған білімдерін тексере отырып,сабақты қорытындылау керек.
а)Қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз.
ә)Сынып ішін жинастыру.
б)Бағалау.
IX.Үйге тапсырма:Оюдың түрлерін қағазға түсіру.Аяқталмаған жұмыстарын үйден аяқтап келу.