Орта??ы топ?а арнал?ан ?йымдастырыл?ан оку іс-?рекетіні? технологиялы? картасы. Б?лімі: К?ркем ?дебиет Та?ырып: «Федоринге к?мек к?рсету»


Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оку іс-әрекетінің
технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырып: «Федоринге көмек көрсету»
Мақсаты: Әр түрлі ертегілерді мінездеме беру арқылы ажыратуға үйрету. Ертегі кейіпкерлеріне дұрыс мінездеме беру. Сөздік қорларын дамыту. Сұрақтарға толық жауап беруді бекіту. Ертегілерге деген жағымды эмоциональды қарым қатынасқа тәрбиелеу.
Билингвальдық компонент: аю-медведь , коян -заяц, каскыр- волк.
Тәсілдер
кезендері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы
Релаксация «Күннің көзі»
Слайдта- күннің көзі
Күн шуағын шашыпты
Бар әлемге таратты.
Жылуын шашып біздерге.
Жақсы көңіл сыйлапты. Шеңберде тұрып қимылмен жасайды.
Ұйымдастырушылық - іздену
Хаттың дауысы естіледі.
- Бізге хат келіпті. Кәнекей, кімнен келгенің көрейік. Электрондық хатымызды ашайық. Экранда Федорин ертегісінің суреті болады.
«Балалар, тезірек маған келіңдерші. Менің жағдайым қиын. Менің барлық ыдыс-аяқтарым қашып кетті, басым қатты оларды енді қайдан іздейм».
- Бұл кім, балалар, таныдыңдар ма?
- Қай ертегі кейіпкері?
- Федоринге түсіндіріңдерші, одан ыдыстар неге қашып кетті?
- Балалар, біз Федориннің ыдыс –аяғын тауып беруге көмектесеміз бе?
Бағыттарды таңдайды. Жерде үш бағыт бейнеленген (оңға, тура, солға)
Тәрбиеші ағаш астынан кітап тауып алады.
Бүгін сендерге жаңа ертегі оқып бергім келеді. Мұқият тыңдандар, бұл ерекше ертегі.
“Ертегі салаты”
- Ерте-ерте-ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олардың шұбар тауығы болыпты. Шал кемпіріне: “Маған бауырсақ пісіріп берші кемпірім ”-дейді. Кемпір қоймаға барып, екі уыс ұн алып шалқан пісіреді. Шалқан домалап келе жатып, Мыстан кемпір тұратын үйшікке кездесіп қалады. Үйшік оған : «Қызыл телпек, мен сені жеймін»-дейді. Ал, ол болса «Мені жеме, мен сенің үш тілегінді орындаймын»-депті. Осылай барлық тілектер қабыл болыпты.
Тәрбиеші: Ертегі ұнадыма? Сендер оның қандай ертегі екенін таңыдыңдар ма? Осы жаңа ертегіміздегі кейіпкерлер қайдан келіпті, атап өтейікші.
Жарайсыңдар!
Тәрбиеші: Балалар, бұл жерде Федоринның ыдыстары көріңбей ме?
Ендеше, келесі жолға түсейік.
Ой, балалар мында қараңдаршы, бұнда бір нәрсе тығылып тұр екен, мүмкін Федориннің ыдыстары шығар.Кәнекей, ашып көрейік.
Сандық ішінен ертегі кейіпкерлерін алып шығады.
Тәрбиеші: Бұлар бізге қай ертегіден келіпті?
Қасқыр мен ешкіні алып шығару. Қасқыр қандай кейіпкер? Жағымды ма, жағымсыз ба?
Ендеше қасқырды бір жаққа, ешкіні бір жаққа қояйық.
Түлкі мен бауырсақ. Балалар қалай ойлайсыңдар, түлкіні кімнің қасына отырғызамыз.Қасқырдың ба, әлде ешкінің бе?
Маша мен аю. Оларды да жағымды, жағымсыз кейіпкерге бөлу.
Сергіту сәті:
Балалар, өзімізді «Үш аю» ертегісінің кейіпкерлері ретінде сезінейікші кәне. Ол ертегі не туралы?
Үйіне үш аю келеді,
Әкесі үлкен, үлкен,
Анасы одан сәл төмен
Ал баласы кішкентай
Сылдырмақпен ойнайды.
Ал, жан-жақтарына қарандаршы еш жерде ыдыстар жоқпа?
Ендеше, жолға шығайық. Келесі бағытты таңдаңдар.
Тәрбиеші: Ой, балалар, мына жерде сандар адасып кетіптіғой. Кәнекей, оларды өз жөндерімен орналастырайық. Ең алдымен суреттегі ертегі кейіпкерлерін санап, соған сәйкес сандарды қойып шығыңдар.
- Жарайсыңдар!
Тәрбиеші: Балалар, мен бір дыбыстар естіп тұрмын. Мұқият тыңдаңдаршы, ненің дыбысы?
Мүмкін бұл Федориннің ыдыстары шығар.Кәнекей, артқа жылжып қарап көрейікші.
Ыдыстар сендер, Федораға реңжімендер, біз барлық тапсырмаларды орындадық енді сендер үйге оралыңдар. Ол енді сендерді реңжітпейді. Экранға қарайды.
Балалар жауабы
Қызығушылық танытады
Бағыттарды таңдайды.
Ертегіні тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді
Кейіпкерлерді атайды.
Ертегілерді атайды:“Шұбар тауық”, “Бауырсақ”, “Шалқан”, “Мыстан кемпір”, “Қызыл телпек ”
Жоқ
Келесі бағытты таңдайды.
Қызығушылық таңытады.
Балалар жауабы:
«Жеті лақ» ертегісі
Балалар жауабы
-Үш аю туралы
Жаттығу орындайды
(бірінші орында жүреді), (екінші қолдары жоғарыда), (қолдарын алдарына созып, отырып, тұрады),
(сылдырмақпен ойнайды)
жоқ
Тапсырмалар орындайды.
Ыдыстардың
Экранға назар аударады.
Рефлевсивті - коррекциялаушы
Жарайсыңдар, балалар!Ал, балалар ол ыдыстардың жағдайы не болғаның көргілерін келеме? Кәнекей, қарайық. Қорытындылау. Өз ойларымен бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: ертегі мазмұнын.
Түсінеді: жаңа сөздерді, ерекше салыстыруларды байқайды.
Қолданады: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін күнделікті өмірде