??ра? тігу. ??ра? ??рау ?дісімен к?рпе тігу. — 8 сынып.


№ 45 ОЖББМ
Орал қалалық жалпы орта білім беретін мектептердің технология пәні мұғалімдеріне 8 сыныпта өткізілген ашық сабақ
Құрақ тігу.
Құрақ құрау әдісімен көрпе тігу.

Өткізген: Кенжегалиева Б.А.
Орал, 2016.
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Құрақ тігу. Құрақ құрау әдісімен көрпе тігу.
Сабақтың мақсаты: Құрақ туралы мағлұмат беру.
Білімділік: Мата қиындыларынан түрлі қиықтар тігіп үйрену.Құрақ қиындыларын әзірлеуді, мата түстерін таңдай білуді, дайын үлгіні пайдаланып қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену.
Дамытушылық : Оқушылардың ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру, эскизді матаға сыздыру, эскиз бойынша матаны қию, құрақ қиындыларын біріктіру, құрақ құрауға деген ептілік, икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу.Құрақ құрау өнері арқылы эстетикалық, ойлау қабілеті терең дамыған тұлға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс:Геометрия, сызу, бейнелеу, математика.Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, сарамандық жұмыс.Сабақтың сәті:Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ұраны:
                 “Талаппен баста, талғаммен аяқта”
I.Ұйымдастыру бөлімі:
Амандасу, тексеру, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Ұлттық қолөнерінің түрлері: Тақырыбы бойынша сынып оқушыларын екі топқа болемін.
Бірінші топ « Шебер қолдар»,
екінші топ « Өнерпаздар ».
Екі топ өздерінің білімдерін ортаға салу мақсатында « Сөз мерген » сайысын бастайды. Бұл сайыстың ережесі қазақ халқынында көп қолданылатын сөздерге мақал –мәтел құрап , түсіндіру.
Шебер – шебер деп қолөнерді жан-жақты меңгерген, қолөнерде өз қолтаңбасы бар адамды айтады.
« Шебердің қолы көпке ортақ » .
Шеберді шеге қағысынан таны.
Өнерпаз- өнерпаз сөзі өнерсүйгіш, өнердің кез – келген саласын меңгерген адамға байланысты айтылады.»
Өнерлі өрге жүзер .
Өнерлінің өрісі ұзақ.
Жігіт көркі – өнер.
Өнер алды қызыл тіл.
Өнерліге есік ашық.
Өнер өрге жүзгізеді.
ІІІ. Кіріспе бөлімі : Құрақ құрау бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер түрі. Құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі.
Халықтың ұлт екенін айыратын 3 негізгі арнасы бар:
- тіл өнері
–саз өнері
-қолөнері
Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер, апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар.     — Құрақ туралы түсінік
Ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі- құрақ құрау. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500-3000 жылдар бұрын дамып, тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным-сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз қолына түскен мата қалдықтарын тастамай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін — жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапан, тақия дайындайтын. Құрақ — сан қилы қиықтан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі — ол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі.           Құрастырылатын мата таза, тегіс үтіктелген болуы керек. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалыңдылығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады. Жалпы қазіргі тұрмысымызға құрақтың көптеген түрлерін пайдалануымызға болады. Мысалы орындықтарға, жиҺаздар бетіне, диванға, креслоға, т.б. әсемдеп тігілген үлкенді-кішілі құрақ көрпешелер, төр көрпелер әрбір үйге сән берері сөзсіз.
Құрақ түрлері:
Геометриялық
Зооморфты
Өсімдіктектес
Тұрмыстық
Космогоникалық
 
Тұрмыста қолданылуы
 
Панно Жапқыш Көрпе Көпшік
Құрақтан жасалатын бұйымдар .
 
 Қоржын Аяққап Жастық Жерге төсеуіш
    Жұмыс басталмас бұрын оқушыларға қауіпсіздік ережесін есіне түсіру.
Техникалық қауіпсіздік ережелері:
 Қол инесімен жұмыс:
Инені киімге қыстыруға болмайды.
Инені арнаулы қобдишада сақтау керек
Ине жібін тіспен үзуге болмайды
Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс
Инені жіпсіз тастауға болмайды
Қайшымен жұмыс жасаған кезде:  
Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек
Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
Қайшымен жұмыс кезінде жолдасыңның көңілін бөлме.
Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды
— Үтікпен жұмыс:
1. Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген жерлерін тексер.
Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.
Үтікті арнайы тіреуішке қою керек
Үтікті тұтқасынан ұста
Үтікті мұғалімнің рұқсатымен токқа қосуға болады
Ылғал қолмен токқа қосылған үтікті ұстауға болмайды
ІV. Сарамандық жұмыс :         Поэзия минуты.
Құрақ көрпе тігу қызықты,
Көп уақытты алады.
Бірақ соңына жеткенде,
Керемет болып шығады.
Қия алсаң маталар әдемі,
Үйлессін оған көлемі.
Бояуымен үндескен,
Құрақ көрпе әсем түр-түспен.
Бұйымдар мен заттарды,
Сәндеу үшін құрайды.
Қиында болса қиналмай,
Мен де үйрендім құрақ құрауды. — деп сарамандық жұмысқа көшеміз.
    
            Технологиялық карта
№ Жұмыстың орындалуыҚажетті заттар 
1 Материал дайындауМата қиындысы
2 Үлгіні дайындауКартон, қайшы
3 Құрақты қырқып дайындауҚайшы, бор, үлгі
4 Көктеп тігуИне-жіп, тігін машинасы5 Тұмарша дайындауМата қалдығы
6 Құрақ  көрпешені астарлауМата, ине-жіп7 Бұйымды мақта салып аяқтауИне-жіп, мата
Технологиялық карта бойынша тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру.
Кемшіліктерін түзету, көмектесу.
Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.
Жұмыс арасында ой бөлісу,ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып,мақал-мәтелдер, жұмбақтар айту арқылы  пәнге қызығушылығын арттыру.
V.Ой толғаныс кезеңіМақалдың жалғасын тап
Еңбектің наны тәтті, … (жалқаудың жаны тәтті)
Еріншектің … (ертеңі таусылмас)
Көз қорқақ, … (қол батыр)
Еңбек етсең … (емерсің)
Өнерлі … (өрге жүзер)
Ата көрген оқ жонар, … ( ана көрген тон пішер)
7.Жеті рет өлшеп,  … (бір    рет кес)
8.Өнерлінің қолы алтын, … (өлеңшінің сөзі    алтын)
9.Еңбеке үйренемін десең ерінбе, … (өнерге үйренемін десең жерінбе)
10.Талаппен бастап …. (талғаммен  аяқта)
Сабақты қорытындылай келе осы жасаған жұмысымызды қандай өнер түріне жатқызамыз, соны сөзжұмбақты шеше отырып табайық.
                                  Сөзжұмбақ
Жас жұбайлардың шымылдырығында қолданылатын құрақ түрі қандай? (Аққу)
Аспан денесіне байланысты аталатын құрақ түрін ата.( Жұлдызша ) 3. Европа халқында құрақ құрау қалай аталады ? (Пэчворк)4.Гүлдің атына байланысты құрақ атауы . (Қызғалдақ)5. Жапон халқында құрақ құрау қалай аталады ? ( Сашико)
                                          
VI.Қорытындылау.
Тест
1.Құрақ өнері неше түрге бөлінеді?
А.4                   Б.2 Ә.5          В.3
2.Құрақ өнері қазақ халқында қай ғасырда пайда болды?
А. 19-20            Б.17-18 Ә. 15-16            В. 16-17
3.Жұлдыз құрағы қай топқа жатады?
А. Зооморфты              Б. Геометриялық Ә.Космогоникалық     В. Тұрмыстық
4.Құрақ үлгілерін сызып бояуда қандай редактормен жұмыс істейміз?
А.Word                  Б.Paint Ә.Power Paint                 B. Exsel5.Сегіз  жапырақ құрағы қай топқа жатады?
А.Өсімдік тектес       Б.Космогоникалық Ә. Геометриялық В.Тұрмыстық
6.Жапон  халқында құрақ өнері қалай  аталады?
А.Пэчворк           Б.Лоскутная техника Ә. Patchwork                 В. Сошико7.Құрақтың  сәнді болуы  несіне  байланысты?
А. Үлгісіне           Б.Тігісіне Ә. Көлеміне                   В. Орындалуына8.26 шаршыдан 8 үшбұрыштан құралған құрақты ата?А. Қызғалдақ            Б. Аққу Ә.Жұлдызша                 В.Иықты
9.Құрақ құрау қандай материалдан жасалады?
А.Былғары           Б. Мата Ә. Тері                 В. Полиэтилен
10. Құрақты тіккен кезде түзу, әдемі шығу үшін тігіске қанша мм қалдырамыз?
А. 15-20мм            Б.2-3 мм Ә. 20-25мм            В. 5-10мм
Дұрыс жауаптар:
ә
а
ә
б
а
в
а
а
б
в
 
VII. Оқушыларды бағалау.  Оқушылардың сабаққа, орындалған жұмыс деңгейіне, тест сұрақтарына жауап бергендеріне және  сөзжұмбақты   дұрыс шешкендеріне байланысты бағалау.VIII. Үйге тапсырма. Сарамандық жұмысты жалғастыру.