Техологиялы? карта: «Шанамен сыр?анаймыз»


Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің
технологиялық картасы
ІІ кіші «Балапан » тобы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші саласы: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Шанамен сырғанаймыз» (әңгіме құрастыру)
Мақсаты:Тәрбиешінің үлгісі бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.Киімнің аттарын түсі мен көлемін, іс-қимылдарын білдіретін сөздермен (cырғанаймыз, жүгіреміз, ойнаймыз) және антонимдерді (суық-жылы, құладым-тұрдым) қолдануға жаттықтыру. Ойын жаттығу. «Дыбыстар осылай айтылады» (Ы),(і) дыбыстарын айтуға жаттықтыру.
Сөздік жұмыс:Сурет
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Жылулық шеңберінде тұрып,жылы сөздер айту. Балалар бір-біріне жылы-жылы сөздер айтады.
Ұйымдастырушылық ізденушілік Суретпен жұмыс.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?
-Қыста күн қандай болады?
-Ал, адамдар қыста қалай киінеді?
-Қыста қандай ойындар ойнайыңдар?
Балалар далада күн қандай?
Ал, үйдін іші қандай?
Сергіту сәті
Орнымыздаң тұрайық,
Шапалақты соғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
«Ы», «і» дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Қыс мезгілі.
Желтоқсан, қантар, ақпан.
Суық, аязды болады.
Қыста адамдар жылы киінеді.(бөрік, тоқыма шарф,тон, пима, қолқап).
Шанамен сырғанаймыз, қар атысып ойнаймыз,жүгіреміз.
Далада күн суық.
Үйдін іші жылы.
«Ы», «і» дыбыстарды дұрыс айтуға тырысты.
Рефлексивті-түзету Сұрақ-жауап арқылы қортындылау.Балаларда мақтап, мадақтау. Сұраққа жауап беруге тырысты
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Әңгіме құрастыру
Түсінеді:Қысқы киім және олардың аттары туралы түсінігі
Қолданады:«Дыбыстар осылай айтылады» (Ы),(і) дыбыстарын айтуға жаттықтыру.