Ашы? саба? та?ырыбы: Алжап?ышты? т?менгі б?лігін ??деу


Технология
6 сынып
Мұғалім: Абайділдина Жазира Тұрғалиқызы

Тақырыбы: Алжапқыштың төменгі бөлігін өңдеу.
Білімділік мақсаты: Тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра
отырып, оқушылардың білімін пысықтап ,дағдыларын
қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін
дамыта отырып, көргендерін еске сақтап ,оны қайта жаң-
ғыртуға үйрету ,қол саусақ қимылдарының шеберлік
жұмысын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Алжапқыштың бөлшектері , сөз жұмбақ , алжапқыштың түрлері, алжапқыштың бөлшектері, алжапқыштың үлгісі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты пысықтау.
Бүгінгі сабақта алжапқышты тігуде алған білімдерімізді
тексереміз.
1.Киімдер пайдалануына қарай қалай жіктеледі ? ( Тұрмыстық, өндірістік,
формалық болып жіктеледі.)
2.Алжапқыш киімнің қай түрііне жатады ?
(Өндірістік, санитарлық түріне жатады. )
3.Алжапқыш не үшін қажет ? ( Алжапқыш киімнің алдын ластанудан
сақтайды,әрі ас ас әзірлегенде, санитарлық гигиеналық талаптарды
сақтау үшін қажет.
4. Алжапқышты қандай маталардан тігеміз ? ( Мақта ,зығыр маталардан
тігеміз)
5.Неге ?
6. Алжапқыштың қандай түрлері болады? (Кеудемен , кеудесіз)
7. « Сиқырлы гүл » ойынын ойнаймыз .Алжапқышқа керекті өлшем
аттары мен белгілерін еске түсіреміз.
8. ҚҰ-кеуде ұзындығы
ТБҰ - төменгі бөліктің ұзындығы төменгі бөлшектің ұзындығы
БөкЖҚ- бөксені жартылай қамту
БЖҚ – белді жартылай қамту
КЕЖ –кеуде енінің жартысы
Алжапқышты өңдеу технологиясы

Жаңа сабақ
Алжапқыштың төменгі бөлшегін өңдеу.
1.Алжапқыштың төменгі бөлшегінің формасы қандай?
тік төртбұрыш.
2.Жұмысты өңдеу жүйесі :
1.Бүйір жақтарын 0.5 мм бүгіп,одан кейін тағы 1 см бүгіп, көктеп қою.
2.Берілген қиықтың шетінен 0.1-0.2 мм қайып тігу, тігісті бас жағынан және соңынан іліп бекіту.
3.Көктелген қабуларды алып тастау.
4.Бүйір жақтарын үтіктеу.
5.Төменгі қиықты 0,5мм бүгу, содан кейін белгіленген сызық бойынша
2см бүгіп көктеп қою.
6. Төменгі жағын бүгілген қиықтан 0.1-0.2мм қайып тігу. Алжапқыштың
төменгі бұрыштары мен тігістерін бекіту.
7. Көктелген қабуларды алып тастау.
8.Алжапқыштың төменгі жағын үтіктеу.
Тексеріңдер:
1.Бүйір жақтарындағы тігістердің ені бірдей.
2.Машинамен тігудің ұқыптылығы.
3. Үтіктеу сапасы.
Техникалық қауіпсіздік ережесі.
Ине, қайшы ,үтік, тігін машинасы .
Сарамандық жұмыс.
Алжапқыштың төменгі бөлшегін өңдеу
топ- төменгі бөлшегін қиық бойынша қиылған әдіппен өңдеу.
топ- төменгі бөлшегін қиығы жабық тігіспен өңдеу.
Жұмыстарын топпен тексеру.
ҚОРТЫНДЫ
1Бүгіргі сабақта не істедік ?
2Қандай тігіс қолдандық ?
3Тігісті қалай өңдедік ?