Д?ниетану саба?ы. Та?ырыбы: Организм ?ажетсіз с?йы? заттарды ?алай шы?арады?


Күні: Реті:7 I тоқсан
Сыныбы: 3
Пәні: Дүниетану
Тақырыбы : Организм қажетсіз сұйық заттарды қалай шығарады?
Мақсаты:
1. Балаларға денедегі артық заттарды бөлу жүйесіндегі ағзалар құрылымы мен олардың жұмысы туралы түсінік беру;
2. Тазалық тәртіптерін орындау қажеттігіне үйрету.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру көрнекілік
Көрнекілігі: «Сұйықтық бөлу органдары» , «Адам терісі» кестелері.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.
2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.
ІІ Қызығушылығын ояту.
«Қан айналым жүйесі «, «Ас қорыту жүйесі» тақырыптарын қайталау.
Қан айналым жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
Қан ненің әсерімен қозғалады?
Жүрек неден тұрады?
Сонымен, адамның барлық дене мүшелері үздіксіз жұмыс істейді. Олар су, тамақ, және ауамен қоректенеді.
Пікірталас. Мысал.
Карлсон мен Айболит кездесіп қалды. Карлсон айтты: «Түсте тамаша ас іштім, таң атқалы бері үш банка құлпынай тосабын бітірдім.Бәліш, торт пен кәмпит те жедім. Бірақ моторым оталар емес, не болғанын білмедім...
Айболит балаларға сұрақ қойды:
- Карлсонның моторы неге оталмай тұр? Оған не болды?
ІІІ Негізгі блок.
Сабақ тақырыбы бойынша жұмыс істеу. Астың біздің ағзамыз бен оның жұмысы үшін атқаратын рөлі зор. Біздің ағзамыз тамақтың басым бөлігін сіңіріп алады. Бірақ адам ағзасына қажетсіз тамақ қалдықтары, су мен түрлі тұздар да көптеп жиналады. Осы қажетсіз заттар адам денесінен шығару органдары: бүйрек, бауыр, көкбауыр, ішек, зәрағар және т.б. арқылы шығарылады. Қажетсіз заттардың көпшілігі тері саңылауы арқылы шығады, бұл қос бүйректің жұмысын жеңілдетеді.Сондықтан теріні таза ұстап, үнемі жуынып жүру керек. Ішкиімді жиі ауыстырып отыру қажет.
Оқулық бойынша жұмыс.
а) Оқулық мәтінін бөлімдерге бөліп оқу. Балалар туындаған сұрақтарын мұғалімге қоя алады.
ә) сызба бойынша жұмыс.
б) Бүйрек пен зәр жолдары туралы оқу.
3. Кестемен жұмыс. Мұғалім кестеден адамның қос бүйрегі мен бауыры қай жерде орналасқанын көрсетеді. Содан соң әр баладан өзінің осы аталған дене мүшелері қай жерінде орналасқанын көрсетіп беруді сұрайды.
Балаларға қойылатын сұрақтар: Бүйрек қандай қызмет атқарады? Зәрағар ше?
Сызба құру:
Адам ағзасындағы сүзгілер


ішек
көкбауыр

бауыр
бүйрек

5.Сөздік жұмыс.
6. Дұрыс тамақтану туралы. Бұл жайлы мұғалім немесе балалар әңгімелеп береді.
7. Досыңа, сыныптасыңа, туыстарыңа, түрлі ұйымдарға, тауар өндірушілерге хат жаз. Хатта тамақтану, десаулық, темекінің зияны туралы өз пікіріңді білдір. Балалар өзара хат алмасады, оқып, хаттарының ортақ белгілерін табады. Олардың айырмашылығы қандай?

ІV. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.
Тері мдегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?
Адам ағзасына қажетсіз заттар қалай шығарылады?
Сабақты балалар қорытады: денедегі артық су мен қажетсіз тұздар теріден тер түрінде , бүйрек арқылы зәр түрінде шығарылады. Тамақ қалдықтары ішек арқылы, ал ауа «қызметін атқарып болған соң» өкпе арқылы сыртқа шығарылады.
Негештің сұрағы:
- адам өз терісін неліктен күтуі керек?
VI Үйге тапсырма: Оқулықтағы мәтінді оқып, қайталау үшін берілген сұрақтарға жауап тап.