Жапсыру сабагы та?ырыбы Саты


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бағдарлама тараулары: Жапсыру
Тақырыбы: Саты
Мақсаты: Балалардың қайшымен тік төртбұрыш және жолақ қағаздарды қия білу дағдыларын қалыптастыру, шаршыны қиып жасауға жаттықтыру, қағаздан композиция құрастыру дағдысын, ой-қиялын дамыту, еңбексүйгіштікке , ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, қарындаш, сызғыш, желім, саты бейнесінің суреті.
Сөздік жұмыс: саты-лестница
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы Ұйымдастыру
Баланың сабаққа назарын аударту
Ойын сабаққа кіріспе өлең жолдарын оқу.
Бәрін білгім келеді,
Тәрбиеші білім береді,
Дайындалам қазір мен
Сәлемдесем Бәріңмен!
-Сәлеметсіздер ме! Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Берілген өлең жолдарын қайталайды.
Амандасады
Іздену-
ұйымдастырушылық
4.Саты бейнеленген көрнекілікті көрсетіп, саты деп аталатынын айту.
Оның геометриялық пішіндерден құралатынына, әсемдігіне назар аударту.
Қандай геометриялық пішіндерден құралады?
Қандай элементтерден қиятынын түсіндіру. Түс үйлесімдігіне, заттардың пішініне сәйкес орналастыруына бағыт беру.
-Алдымыздағы құралдарды қарап шығайықшы .Олармен жұмыс істеу ережелерін есімізге түсірейікші. Балалар
Төртбұрыштан
құралғандығын айтады.
Балалар қалай қиятындығын көріп, жұмыс құралдарын дайындайды.
Құралдардың атын атайды.
Рефлексивті-
корригиялық Балардың өз беттерінше жұмыстары.
Жапсыру кезінде қиындау композиция құруына көмек көрсету.
Сергіту сәті:
Қолыңдағы қайшыны
Қайшылыама албаты,
Ұстау керек жағымен,Досыма беремін мен!
Мадақтау Балалар өз қиялдарын дамыта отырып, шығармашылықпен орындайды.
Берілген сергіту сәтін қолды қимылдату арқылы жасайды
Болжамды нәтиже:
Білу керек: геометриялық пішіндерді ажырата алады, қайшымен жұмыс жасауды білу
Қалыптасқан әдет: қайшымен жұмыс жасау, желімдеу
Істей біледі: Геометриялық пішіндерден қиындау композиция құрай алады.