Техкарта.Сурет салу. ?ыл?алам апайды? ??гімесі.


3783870-419839Туякова Динара Дарменқвызы
БҚО
Теректі ауданы
Сарыөмір аулы
МКҚК «Өркен» балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
ІІ сәбилер тобының
Білім беру салалары: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі: Сурет салу
Тақырыбы: Қылқалам апай әңгімелейді
Мақсаты: Балалардың жаңа қол өнер материялын игеріп, оған қызығушылын
ояту. Субояқпен жұмыс жасаудың әдіс тәсілдерін үйреті.
Билингвизм: қағаз –бумага.
Әдіс –тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндіру.
Көрнекі құралдар: Қылқалам бейнесі, қарындаштар,
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы Шаттық шеңбері
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік! Хормен айтады
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік! /Орындарына отырады/
Ізденуші қозғаушы
Рефлексивті
коррекциялаушы -Балалар, менің қолымдағы суретке назар аударайықшы. Бұл суреттер әлемінен келген қылқалам апай. Ертеде қылқалам апай болған екен, оның көп қылқалам қыздары болыпты. Олар сурет салғылары келіп, балалармен бірге көп әдемі суреттер салу үшін, бір балабақшаға барып, көп ұзамай көздеріне жас алып , жылап қайтады.
-Сендер неге жылайсыңдар? – деп анасы сұрайды.
-Қымбатты апа, сен білесің бе, мен қандай баларға тап болдым, мені бояуға былғалады, қағазға жаққанда үстімнен қатты басып, қылдарымды майыстырды, көзім ашып, аузыма бояу кіріп кетті ,ол балалар әдепсіз екен.
Балалар, сендер менімен жұмыс жасағанда өте мұқият болып, мына ережелерді сақтаңдар.
Мен бәріненде көркеммін және суретті жақсы саламын. Мені алдымен басымның ұшын ғана суға батырып, сәл бояуға былғау керек, содан соң банканың шетіне артық бояуды жағып, барып қағаздағы суретті бояу керек.
Қылқалам апай:
-Сендер менің балаларымнан қорықпаңдар, олар өте ұқыпты балалар, кәне ұқыптылығымызды көрсетіп, мына суреттерді ереже бойынша бояйық.
Алдымен балалар бой жазып алайық
Сергіту сәті:
Кәне –кәне тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Алақанды ұрайық
Оң жаққа бұрылып
Сол жаққа бір бұрылып
Сауық сайран құрайық
Балалар орыс тілінде қағаз –бумага деп атайды кәне бәріміз қайталайық.
Балалар бүгін бізге кім келді?
Қылқаламмен жұмыс істеу үшін қандай ережені сақтау керек?
Қылқалам апаның қыздарын ренжітпей бәрін дұрыс орындауға тырсайық.
Балалардың салған суреттеріне жеке –жеке тоқталып, мадақтау. Сергіту сәтін қимылмен жасайды.
Кәне –кәне тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Алақанды ұрайық
Оң жаққа бұрылып
Сол жаққа бір бұрылып
Сауық сайран құрайық
қағаз –бумага
Қылқалам апай келді.
Бірінші қылқаламның ұшын ғана суға батырып, сәл бояуға былғау керек, содан соң банканың шетіне артық бояуды жағып, барып қағаздағы суретті бояу керек.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қылқаламмен жұмыстың ережелерін біледі
Меңгеру керек: Қылқаламмен бояу тәсілін меңгерді
Жасай білу керек: Қылқаламмен жұмыс жасауды біледі