Сурет салу. Та?ырыбы: «Машинаны? д??гелектері»


Білім беру саласы: Шығармашылық.
Оқу іс-әрекеті: Сурет салу.
Тақырыбы: «Машинаның дөңгелектері»
Мақсаты: Балаларға машина туралы түсінік беру. Машинаның
дөңгелектерін тығын арқылы салуға үйрету.
Дамытушылығы: Жұмыс барысында балалардың өз алдына және әрекет
көрсетуі мен белсенділігін дамыту.
Тәрбиелігі: Ойыншықтарды күтіп ұстауға,мұқият ойнауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал жабдықтар: әр балаға арналған үлестірмелі материал,қара
бояу,тығындар,қол сүрткіштер,су.
Сөздік жұмыс: тығын,дөңгелектер.
Іс әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Себепті туғызу-
шылығын ояту кезеңі. Балалар топтағы ойыншықтардың машиналардың дөңгелегі жарылып, орманға саяхатқа бара алмай отыр.
-Балалар,ойыншықтарға көмектесеміз бе? Балалар көмектесетіндері жайлы айтты.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. Балалар топта көптеген ойыншық машиналар бар,үйлеріңде де бар ма?
Балалар мына суреттерде жеңіл және жүк машинасы,жедел жәрдем машиналары бейнеленген.Сендерге қай машина ұнайды?
-Машинаның түсі қандай?Неше дөңгелегі бар?
Балалар ойыншықтарға көмектесу үшін алдарыңдағы парақтағы дөңгелегі салынбаған машинаның дөңгелегін тығын арқылы салу керек.
-Ол үшін алдымен тығынды қол-дарыңа алыңдар,оны алдарыңда тұрған қара бояуға ұқыпты батырып,бірінші алдыңғы дөңгелегін,сонан кейін артқы дөңгелегін бастырып бояңдар.
-Бұл жүк машинасы болғандықтан,дөңгелегін тегіс етіп бояуы-мыз керек.
Сөздік жұмыс:тығын,дөңгелек. Балалар жұмыс жасап болсақ, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Күн болып жанайық,
Мөлдір су боп ағайық.
Гүл болып жайнайық,
Терең-терең дем алып.
Жүгіріп-жүгіріп алайық.
Балалар, сендерге ойыншықтар риза болып,енді орманға саяхатқа бара алатыны жайлы айтып,рахметін білдірді.Балалар серуенге шыққанда сендер де, өздеріңе ұнайтын машиналарды алып ойнайсыңдар.
-Бар деп жауап берді.
-Жүк машинасы ұнайды.
-Қызыл және көк. Төрт дөңгелегі бар.
Қолдарына тығынды алып,тәрбиешіге ілесіп дөңгелек-терді салды.
«Тығын»,
«дөңгелек» сөздерін бірнеше рет қайталады.
Іс-әрекетті бағалау кезеңі. -Балалар оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
-Суретті немен салдыңдар?
-Дөңгелектің түсін қандай түспен салдыңдар?
Балалар бәріңде суретті жақсы салдыңдар,алдағы уақытта да,суретті боямай ұқыпты салыңдар. -Ұнады.
-Тығынмен.
-Қара түспен салдық.
Күтілетін нәтиже.
Нені білді: Машинаның түрлері,бөліктері жайлы мәліметті және барлық машинаның дөңгелекпен жүретіндігін білді.
Нені игерді: Ойыншықтармен ойнағанда ұқыпты болу керектігін игерді.
Нені меңгерді: Тығын арқылы дөңгелекті бояуға болатынын меңгерді.