Технологиялы? карта Та?ырыбы: Ала?ай жаз келді!


Ортаңғы "Қарлығаш" тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Алақай жаз келді
Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ақыл-ойларын дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Жаз мезгілінің суреті, үлестірмелі суреттер.
Сөздік жұмыс: жаз.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялқ –
қозғаушылық Балалардың назарын жаз көрінісі бейнеленген суретке аударады.
-Балалар, мынау-жаз мезгілінің суреті.
-Жазда дала қандай болады?
-Ауа райы қандай болады? Суретке қызығушылық танытады.
Сұрақтарға жауап беруге талпынады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік Ал енді балалар біз далаға шығып серуендеп жаз айының қандай болатынын бақылайық. Балалар жаз мезгілінде 3 ай болады, олар: маусым, шілде, тамыз. Жаз айларында күн ыстық болады. Әдемі, түрлі – түсті гүлдер өседі. Балалар табиғатты қызыға бақылайды. Гүлдерді қолдарына ұстап көреді.
Рефлексиялық-түзетушілік Қимылды ойын: «Арқан тартыс»
Шарты:Ойынға ұзындығы сегіз он метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі… деп санап шығады. Содан кейін екі дегендері (жұп) бір жаққа, бір дегендері (тақ) екінші жаққа бөлінеді. Балалар ойынға белсене қатысады. Қызығып барлығы бірге ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:жаз мезгілінің айларын.
Игереді: әр түрлі гүлдерді.
Меңгереді: Жаз мезгілі туралы жалпы түсінікті.