«Наурыз — ?лысты? ?лы к?ні!» т?рбие са?атыны? жоспары


Күні:
Сыныбы:
Тақырыбы: «Наурыз - ұлыстың ұлы күні!» Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздыңсалт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.
Барысы:Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы – Наурыз Мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!Хор «Наурыз айы толғанда»
Жүргізуші: Күттіріп келген жыл басыБізбен бірге жырлашы.Дастарханға елімнің,Береке, ырыс сыйлашы.Ата – бабам тойлағанӘз – Наурызым, армысың!
Уа халайық, халайықАқ сандықты ашайық.Бұл мереке бұл тойдыңШашуларын шашайық!
Армысың Наурыз,Қуаныш боп, кір төрлет!Ел болып саған,Көрсетіп жатыр сый – құрмет!
Бауырласқа тәнтіміз,Бұзылмаған салтымыз.Кең даламның ежелгі,Қазақ деген халқымыз.Өзге ұлттай біздің деБар дәстүр мен салтымыз.
Жыл басы - Наурыз, мереке!Ақ нұрға әлем бояндыНаурыз тойы берекеТіршілік жаңа оянды.
Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын.Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!
Би «Қамажай»Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жасҚұшақтасып көріскенЖаңа ағытқан қозыдайЖамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңізҒасырлар бойы тынбайды.Аңыз, дастан жырлардан,Жастар оқып тынбайды.
Жарқыраған жас нұрлы,Жаса, Наурыз дәстүрлі.Бақытыма шалқыдым,Ашылады нұрымызОсынау байтақ елімдеАйтылады жырымыз
Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.Ұлыстың ұлы күні паш етейік,Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқҚалыс адам қалмасын некен – саяқ.Ән шырқап, би билейік, қауым болып,Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Наурыз, наурыз наз үнді,Жер жап – жасыл жаз үлгі.Жақсылықты жаранғаЖайып келші, бар ізгі.
Қош келдің Наурызым Ардақты,Халқым саған бар үмітін арнапты.Жылда осылай келе бергін жасарып,Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.Ән « Шақырады көктем»Ойын «Орамал тастамақ»Жүргізуші: Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын,Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт – дәстүрлерге берсек.
Наурызкөк – Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады.
Наурызнама – шат – шадыман, ойын – сауық. Тойда ат – жарыс, түрлі ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада Қыз – жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол уыз, ет сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды.
Наурызша – Наурыз айында жұп – жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «Наурызша» деп атайды.
Наурыз – шыр айналған жылдың басы,Адамның өлшенеді өмір жасы.Қазақтың пейіліне жарасады,Әр үйде дастарханға толған асы.Есенжан: Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.Кең дастархан, даламның, сахнамыз,Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.
Жүргізуші: Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын. Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл әлемге нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіреді.
Наурыз келді, көктем келді ағайын!Жадырайды, жаңғырады маңдайым.Назды, сазды науан Наурыз, армысың!Ақ әже Қазақтың бірнеше салт – дәстүрлері туралы айтып береді. «Бесікке баланы бөлеу», «Ат қою», «Тұсау кесу» рәсімдерін көрсетеді.Жүргізуші: Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру үшін Қыдыр атаға беріледі.Армысыңдар, жамағат!Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын.Қайда барсақ жол болсын!Ұлыс бақты болсын,Төрт – түлік ақты болсын!Ұлыс береке берсін,Бәле – жала жерге енсін»Ұлы халқым тоқ болсын»Көйлектерің көк болсын!Қайғы – уайым жоқ болсын!Қуаныштарың көп болсын!(Әумин)
Ойын: «Сақина салу»
Жүргізуші: Наурыз тойы ұлы күн,Шырқап әнге салайық.
Жүргізуші: Осымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты сынып сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт – түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!