Та?ырыбы:«К?ктемді іздеген батыр»


КММ «Кұлыншақ» балалар үйі
Қарағанды обласының білім басқармасы
Ертенггілік
Тақырыбы: «Көктемді іздеген батыр»
Тәрбиеші Улпан Қапановна Орманбетова
«Көктемді іздеген батыр» ертеңгілігі
(мектеп алды даярлық тобы)
Қатысушылыр: Батыр, Қыздар,Ақсақал, Мыстан.Жер-ана,Көктем және балалар
Бірінші қыз
Құстар ұшып сайраған
Құлпырып дала жайнаған
Қайда кетті бұл көктем?
Екінші қыз
Күн шуағын төгетін
Бәйшешегі гүлдеген
Қыздар шығып теретін
Қайда екен сол көктем?
Батыр
Ау, қыздар, неге мұңайып тұрсыңдар,
Көздеріңде бір мұң бар? Айтыңдаршы не болды?
Екінші қыз
Маужыратып көк пен жерді,
Бізге көктем келетін еді
Бірінші қыз
Жылда біз қырдан ,теретінбіз әдемі бәйшешек
Әдемілігі сондай! Көз жауын алатын!
Балалардың бәрі қырдан гүл жинап,бір мәз боп қалатын.
Екінші қыз
Сол көктемнің жаршысы,Мыстанға қол болды.
Бәйшешек қарды тесіп шығып,
Көктемді шақырмағаннан кейін, көктем де келмеді.
Батыр
Қиын екен жағдайларың,
Көмекке мен дайын.
Көз жауын алатын, сол көктемнің жаршысы
Бәйшешекті табамын.
Мендей батырға кім бар таласар,
Қыздарға әкеп гүл сыйласам
Ол маған жарасар.
Бірінші қыз
Жолды саған көрсетер, ауылда бар көпті көрген ақсақал!
Содан мыстанды сұрасаң баратын жолды сол айтар!
Батыр
-Берген сертім осы болсын, бәйшешекті табамын.
Қыздар
-Жолың болсын, батыр жігіт!
Ақсақал
-Ассалаууагалейкум ақсақал!
-Уагалейкумассалам шырақ, қайдан жүрген баласың!
-Жоқ іздеген жолаушымын!
-Жоғары шық қонақ бол.
-Уақытым жоқ айтыңызшы маған ақсақал!
Елім көктем күтіп еді, көктем келмеді. Көктемді сағынған қыздар да көңілсіз.
Жауыз мыстанның бәйшешекті ұрлап тығып тастағанын естідім.
Енді елім үшін, жерім үшін сол бәйшешекті тауып әкелмесем болмас!
Ақсақал
-Е-е-е ел жоғын жоқтаған батыр екенсің ғой!
-Жеті көлден асарсың,
Жеті таудан асарсың!
Көкпен таласқан шыңда,
Мыстан үйің табарсың!
Қиын жол күтіп тұр сені,
Мыстан сондай сұм еді!
Батыр
-Қанша қиын болса да
Мен мыстанды табамын
Бәйшешекті аламын!
Маған бата беріңіз!
Ақсақал
Ардақтап келдің атаңды,
Тыңда қане батамды!
Бәйшешекті сен тауып
Шуақ шашсын көкте күн,
Күлімдеп келсін көктемің!
Аумин!
Батыр
-Қабыл алдым батаңды, қош аман бол ақсақал! (соққан боран, күркіреген күн музыка)
-Тауға келдім басы бұлт,
Жіберші мені асырып.
Көктемді сағынған елім,
Қалды артымда мені күтіп асығып!
Мыстан жайлап шығып (түшкіріп)
-Әй бұл қайсың мені мазалаған,өзім де біреу келе жатыр деп шамалағам.
Қарным ашып кетіп еді, дәл таптым ,өзі келді тамақтың!
Батыр (Қарап босқа тұрмайын, мен мыстанды алдайын)
Батыр: -Ау шешей амансыз ба?
Мыстан: -Ойбай, мені шешей деп алдап тұрған сен кімсің?
Батыр: -Мен аң аулап жүрген, аңшы едім!
Мыстан: -Аңшы болсаң, анау ұшып бара жатқан құсты атшы?
Батыр: -Жоқ ол құсты атсам обал болады, атпаймын!
Мыстан: -Онда анау қашып бара жатқан қоянды атшы, бір сорпа пісірейін!
Батыр: -Жоқ қоянды атсам көжектері жетім қалмайды ма?
Мыстан: -Өй сен де бір, аңшымын деп мына кәрі шешенді алдайсың не ананы, не мынаны атпайсың, жат онда аштан аш!
Батыр: -Рахмет өзім де шаршап тұр едім, маған бір көрпе беріңізші?
Мыстан: -Қазір әкелем!(сыбырлап) Ұйықта түнде сені пісіріп жеймін ха-ха-ха!
Батыр: -Қайырлы түн, шешей! Ұйықтамас бұрын сізге бір сұрағым бар еді, осы тауда әдемі бәйшешек өседі дейді сіз білесіз бе?
Мыстан: -Жоқ.Жоқ.Жоқ. білмеймін! Көктемнің келгенің де қаламаймын, Адамдардың күлгендерін де қаламаймын болды ұйықта жат!
Батыр
Содан батыр жайлап жастықты көрпе астына тығып.
Батыр:-Е, мыстан сен мені алдамақ екенсің ғой, мен сені алдайын,-деп тасаға барып тығылып отырады.
Мыстан (күліп жай басып келеді)
-Өй, ақымақ ажалына асығып келген мені алдамақшы, мен сенен сорпа пісіріп іщейін, -деп көрпені бас салады.
-Әп, бәлем мыстан сен менен сорпа жасағын келді ме?
Мыстан: -Ойбай, кешір мені жарқыным не тілегін болса да берейін?
-Қане айт жанынның барында бәйшешек қайда?
Мыстан: -Айтайын, сонау қырда қызыл сандық ішіне тығып қойып едім ала ғой!
-Ал енді сенің басынды алмай тұрғанда көзіме көрінбей жоғал!
Мыстан: (төрт аяқтап қашады)
Батыр жайлап барып сандықты тауып ішін ашады бәйшешекті қолына алады.
Көктем: -Кім мені шақырған?(Жер ана мен Көктем шығады )
Батыр: -Сіз кімсіз?
Көктем: -Мен көктеммін!
Жер ана:
-Ал мен Жер анамын
Ұлым Қысты шығарып салып,
Көктем қызымды қарсы алуға келдім
-Ал, қызым! Ағаштарың бүршік атсын,
Сайлардан су ақсын.Құлпырап дала жайнасын,
Құстар келіп сайрасын.
Батыр
-Армысыздар Жер Ана, Ару көктем,
Сіздерді іздеп алыстан жеткем.
Жүріңіздер елге барайық бәйшешек пен Көктемді күткен.
Бала
-Сүйінші, сүйінші қыздар сүйінші!
Батыр келе жатыр, даланы гүлдендіріп бәйшешек алып келе жатыр!
Бірінші қыз
Не дейді батыр сөзінде тұрды ма? Бәйшешекті тапты ма?
Екінші қыз
-Неге тұрмыз ауыл адамдарынан, ақсақалдан сүйінші сұрайық!
-Сүйінші ата, сүйінші. Батыр келе жатыр.
Ақсақал
-Әй бәрекелді, сөзінде тұрды батыр, Көктемді де әкеле жатыр
Қарсы алайық бәріміз, жасымыз бен кәріміз!
Бірінші қыз
-Жер Ана, ару Көктем армысың!
Жер ана
-Көктем қызымды ертіп мен келдім
Жер шуаққа кенелсін.
Барлық табиғат тірілсін!
Екінші қыз
-Көктем келіп, жер көгеріп,дала ғажап гүлге енді
Ауламызда, даламызда құлпырды гүлдеді.
Батыр
-Қыздар сөзімде тұрдым, міне сендерге бәйшешек!
Қыздар:
-Батыр саған рахмет, кәне төрге шық қонақ бол!
Батыр
Бұл менің ел алдыңдағы парызым!
Одан да бос тұрмайық,
Билейік ән шырқайық
Кәне ортаға шығайық! (Балалар ортаға шығып көктем әнің шырқайды)