Сынып са?аты ?стазым-?ла?атым, ?лгі ?негем


Шығыс қазақстан облысы
Өскемен қаласы, Жаңа Ахмер кенті
«Ахмер орта мектебі»КММ
Мұғалімі: Тастаганова Мадина Толегеновна
Телефон: 87779703280
Жұмыс атауы: сынып сағаты «Ұстазым-ұлағатым, үлгі өнегем!»
Ұстазым-ұлағатым, үлгі өнегем!
Армангуль: Армысыздар, құрметті қонақтар,Аяулы біздің ұстаздар және оқушылар!
Арнұр: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық!
Армангуль: Қажымас қайрат!
Арнұр: Шығармашылық табыс!
Армангуль: Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!
Арнұр: Бүгінгі сынып сағаты өздеріңіздерге арналады!
Армангуль: Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға, Сіздермен тола берсін ортамызда. Бүгінгі ел басқарған азаматтар, Білім алған сіздердің арқаңызда.
Арнұр: Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын, Дендеріңнің саулығы мықты болсын. Білімменен суарған шәкірттерін, Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
Арнұр : Ақыл, білім көп бердің, Анамдайсың мектебім Сенде өсіп көктедім, Сенсің өмір көктемім.
Екеуі бірге: Алғыстарым көп менің Асыл анам –мектебім!
Армангуль: Арнұр Аяулы мектебімізді кеме деп,мектепте алып жатқан білімді-теңіз деп, ал осы теңізде жүзіп жүрген кемені басқарып отырған кеме капитаның-мектеп директоры десек қателеспес едік деп ойламын!
(4слайд) Гаухар Алтайевнаға)
Арнұр: Гаухар апай өзің барда қам жемедім, Тәрбие бердің үйреттің, жетеледің. Шаршауды ешқашан білмеп едің Ол біздің тәрбиеші апай деген едім.
(5 слайд) Назигуль Мухамедсагиевнаға)
Армангуль: « Қазақ тілің,өз тілің,ана тілің,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілің.
Таза сөйле, терең ұқ,көп-көп ізден,
Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін»,-деп
Зердемізге құятын.
Туған дәстүрі,салт-сананың тірегі,
Назигуль апай.алда жүрер үнемі!
(6слайд Бақыт апайға):
Армангуль: Алғашқы менің ұстазым Күлімдеген, күнім деген. Қамқор болған ұстазым.
Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,Күнім болып көріндің аспанымда.Білім болып егілдің жас жаныма,Гүлің болып төгілдің асқарыма.Біз дегенде ұмытып бала қамын,Қас қағымға қасыңнан тастадың ба?Ең алғашқы аяулы ұстазымыз Бақыт Утегеновнаға және құрметті ұстаздарымыз өздеріңізге арналған ән шашуымызды қабыл алыңыздар! Арнұрдың орындауында «Ұстазым» әні!
7 слайд (Сынып жетекші Мадинга Төлегеновнаға):
Армангуль:
Әл-Фарабидің мына сөзіне көңіл бөліп көрейікші : «Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма бұл сөзден біз Мадина Төлегеновнаның бейнесін көреміз.Арнұр:
Мадина апайдың– мектепте орны бөлек,Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Жел жағымда тұратын сіз бәйтерек!Әр қашан аман болып жүріңіз дерек!
(10 пән мұғалімі туралы слайдтар)
Арнұр: (8 слайд Заманбек ағайға)
Атақ-даңқы аңыз болған талайға,Ағаларға баға беру оңай ма?!Баулыған темірдейін тәртіпке,Мың рахмет Хасен Заманбек ағайға!
Армангуль: (9слайд оқу керек)
Жақсылық атаулыға жаршы жансыз,Жамандық атаулыға қарсы жансыз.Баланы есеппенен сусындатып,Лаура апай бұлақ көзін аршыған сіз!
Арнұр: (10 слайд Гография мұғалімі)
Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймызМұз боп қатып, жанартау боп сабақтарда қайнаймыз.Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,География, саяхатқа шығамыз деп жайнаймыз.Армангуль: (11 слайд тарих пәні)
Келешектің кезінде,Кесіп айтар өзіңеӨнеге мол өзіндеӨсиет көп сөзіндеБар шәкірттің анасындайУмуткуль Советхановна осындай!
Арнұр: (12 слайдтан оқиды)
Дене шынықтыру сабағының сусындатып білімінСебепшісің солмай өсіп – жайнауына денемнің.Сен арқылы білдім өмір оңы менен солын мен.Сен арқылы қадірін де білдім атқан күнімніңҰстазымыз Жақыпбек ағайдың!Армангуль: (13 слайд биология )
Қанипа апай көп ойлаумен бала қамынНұрланып атар іспен әрбір таңы.Ғаламды жадыратқан күн секілді,Баланы аялаған алақаны.
Арнұр: (14 слайд НВП ағайына)
Әні сізге қалықтай,Қиялменен шарықтайҚұттықтаймыз біз сіздіҰстазымыз Ануарбек ағай.
Армангуль: (14 слайд Химия)
Білім, өнер, бәріне бар талабы,Әрқашанда ашық-жарқын қабағы.Анаргуль апайдың әрбір берген сабағыМәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.
Арнұр: (15 слайд ағылшын)Ақыл-кеңес көп қой онда ұққанға,Ардың туын асқақ ұстап шықты алға.Шетел тілін оқуға бізді үйреткен,Мың рахмет Гульзия апайға.
Армангуль: (16 слайд орыс т)Жас ұрпаққа жалындыСөз маржанын дарытқан.Тіл арқылы табысқанОрыс тілін меңгерген
Бақыт апай біздергеҮйретуді жөн көргенКөсегесін көгертіп,Ғажайып бір өң берген!
Армангуль: : Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ықыласпен тыңдап,пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.Арнұр: Ғылым иесі – ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де – бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді.Армангуль:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,Сендерде ғалымдардың қиялы бар.Ағайын, тойларыңа тарту етем,Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!
(10 бала құтықтау сөз сөйлейді)
Құрметті ұстаздар ендігі кезекті ой толғауға берейік.Сіздердің алдарыңызда сіздерге таныс үш жағадайлар берілген осы жағдайларға жауап берулеріңізді сұраймыз.
Армангуль:1.Сіздер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балала сендермен жағаласып сөйлесіп отыр делік.Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан-жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балағада тисіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңіздер?
Арнұр:2. Сіздер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыздар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыздар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатысатын завуч, директорды шақырып қойғансыздар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. Ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғалтып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қандай шаралар қолданасыздар?
Армангуль:3.Енді ұстаздар сіздер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыздар делік. Диктантты оқып бітіп енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсабымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңіздер?
Арнұр: Келесі тапсырмамыз,біз сіздерге мақал-мәтелдер оқимыз ал сіздер оның жалғасын тауып айту керексізде,ол үшін екі топқа бөлінуіміз керек. (1-Арнұр тұрады; екінші топта Армангуль тұрады,кезектесіп оқу және жауап алу)
1 топтың сұрақтары- 1. Күтсең ата-анаңды,
Кешірер атаң қатаңды
2. Біліп тұрсаң да, сұрап ал
3. Көп біл, аз сөйле
4. Татулық табылмас - бақыт
5. Өтірік сөз өрге баспайды.
2 топтың сұрақтары –
1. Ақылды қария ағып жатқан дария
2. Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады
3. Талап – талмас қанат
4. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің
5. Ердің сыншысы- ел
Армангуль: Қорытындылау ............
Арнұр: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жарқын жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы болса, ал ұстаз біздің екінші анамыз деп айтсақ артық айтпағанымыз деп санаймыз. Мектебіміздегі шәкірттерге ана орнына ана болып, оқушылардың қуанышына қоса қуанып жүрген ұстаздардың еңбегі зор.Армангуль: Ұстаз – әке шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды. Ұстаз – ана, ол шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілік мехнаттарын, қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Ұстаз – жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.
Армангуль: Біз ата-анамызға баламыз ал ұстаздарға оқушымыз, негізінде жана айтып өткеніміздегідей, екеуінің арасында ешбір айырмашылық жоқ екеніне көз жеткіздік.
Арнұр:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,Қасиетіне бас иейік мәңгілік!- деп кешімізді қорытындылау рұқсат етіңіздер!
Армангуль:Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін. Көп-көп рахмет!