Microsoft Excel туралы жалпы м?лімет (8 класс)


Күні:
Класс: 8а,ә,б,вСабақтың тақырыбы:  Microsoft Excel туралы жалпы мәлімет.
Мақсаты: Оқушылардың ЕХСЕL кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар,Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары.
Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың көре және ести отырып, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту, ойындар арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: топтық жұмыс, топтар жаңа тақырыпты түсіндіреді, өзін-өзі бағалау
Пәнаралық байланыс математика
Сабақтың әдісі:  Практикум элементерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:  Компьютер, электронық оқулық, интерактивті тақта
Кіріспе Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу Дәптер, сынып журналы, күнделік.
Интерактивті тақтадан суреттері көрсетіліп тұрады.
Үй тапсырмасын сұрау:
Қызығушылықты арттыру «Дәптер, сынып журналы, күнделік» ұқсастығын айту
Сынып журналы - сөздік модель тобы
Дәптер – материалдық модель
Күнделік – статистикалық модель (Пуск)
Негізгі бөлім
Постер қорғау І топ: Электрондық кестелер. (хабарлама жеткізу)
ІІ топ: Кестелік процессордың терезе интерфейсі (визитка жасау)
ІІІ топ: Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. (реклама жасау) (Все программы, екі жұлдыз бір тілек, бағалау парақшасы)
Тапсырмалар
Компьютермен жұмыс Берілген тақырып бойынша кестені құрыңыз.
(әр оқушыға әр түрлі тақырыптар беріледі)
«Шығармашыл оқушы» (8 минут уақыт)
1-компьютер: Ақын-жазушылардың аттарына байланысты кесте толтыр.
2-компьютер: Күн жүйесіндегі планеталар туралы кесте толтыр.
3-компьютер: Оқушылардың отырған орындарына байланысты кесте толтыр.
4-компьютер: Сыныптағы мүліктің тізімін жасап, кесте толтыр.
5-компьютер: Апта күндері туралы кесте толтыр.
6-компьютер: 8-сынып оқушыларының тізімі туралы кесте толтыр.
7-компьютер: Өзіңнің сыныбыңа арналған сабақ кестесін толтыр.
8-компьютер: 8-сынып оқушыларының пайдаланылатын оқулықтары туралы кесте толтыр.
9-компьютер: Ай аттары туралы кесте толтыр.
10-компьютер:Мектептегі сабақ беретін мұғалімдердің тізімін жазып, кесте толтыр.
11-компьютер: Мектепке қажетті заттар бойынша кесте толтыр.
(МS Office)
Қорытынды І топ: Excel мен Word процессорынан айырмашылығы атаңыздар?
ІІ топ: МS Excel өмірде не үшін қажет
ІІІ топ: Ассоциация (МS Office)
Рефлекция Бағдаршамға өз пікірлерін жазу
Бағалау Топтық бағалау мен мұғалім бағалауын алу
Үйге тапсырма 1 апталық қолданылатын заттарының сандық мәнін дайындап келу
§26, §27 тақырыптары бойынша бақылау сұрақтарына дайындалу
1 топ. Процессор. Балалық шақта біз, қоршаған ортаны зерттеу кезінде, ең алғаш сандармен қақтығысамыз. Қарапайым тапсырмаларды шеше бастаймыз: мысалға, сенде мынанша кәмпит бар, сен оның мынаншамасын досыңа бердің, сонда сенде қанша кәмпит қалды дегендей.
Өсе келе біз одан да қиын тапсырмаларды шеше бастаймыз. Егер әр өткізген күнімізге қарасақ, олардың біреуіде математикалық есептеулерсіз өтпеген. Мысалы,  дүкенде ақша санаймыз, қоңырауға қанша уақыт қалғанын, және сол сияқты есептеулерді біз мида есептейміз.Егер сіздер қаржыгер, бухгалтер немесе менеджер болсаңыздар? Ол кезде онша қиын емес есептеулерді шығарғанда калькуляторды пайдаланасыздар, ал одан да қиын есептеулерге кездескенде, электрондық кестелерге жүгінесіздер.
Сонымен, электрондық кестелер, бізге әртүрлі математикалық операцияларды  тез шығаруға және оларды басқаруға мүмкіндік береді.
Ал енді біз бүгін кестелік процессор EXCEL туралы айтамыз.
2 топ. Монитор.
MS Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office – тің құрамына кіретін программа. MS Excel - дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400 - ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.
MS Excel-дің қосылуы бірнеше әдістермен жүзеге асады. MS Excel қосылғаннан соң MS Excel терезесі ашылады (1 сурет).  Бас мәзірде негізінен, басқа да MS Office программаларындағы бөлімдерден құрылған.(1 сурет)
Оның Word мәзірінен өзгешелігі, Кесте орнына Мәлімет (Данные) алмастырылған. Аспаптар тақтасының төменгі жағында формула жолдары 1, бағандар аты 2, және электронды кестелер 3 орналасқан:
1 – жұмыс ұяшығының аты; 2 – бағандардың аты; 3 – жұмыс ұяшығы;
4 – жұмыс парағы; 5 – жол аты; 6 – парақ қаттамасы; 7 – басқа параққа ауысу батырмасы;
8 – формула жолы.
Жұмыс кітабы. Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады.
Жұмыс парағы 256 бағаннан және 65 536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ т. с. с. әріп комбинациялары басталады.
      Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7.
     Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз.
Жұмыс кітабын ашу. Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет.
Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек.
Үнсіз келісім бойынша xls кеңейтілуі және белгісі бар Microsoft Excel кітабының файлдары ғана тізімге шығады. Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл типі (түрі) өрісінің тізімінен сәйкес типті таңдап алу керек.
3 топ. Пернетақта.
Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі.
Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар қызыл крест, жасыл белгі, және тең белгісі немес функция белгісі.
Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер өшіріледі. Егер  батырмасын шертсеңіз, экранда (4 сурет) Функция шебері (Мастер функций) сұхбат терезесі көрінеді. (оны біз алдағы сабақтарда оқимыз)
Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек:
* Енгізу пернесін басу;
* Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу;
* Басқа ұяшықтағы курсорды шерту;
* жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу.
Кез-келген электронды кестенің ұяшығына
v  Сан;
v  Формула;
v  Мәтіндік (алфавиттік-сандар) ақпараттарды енгізуге болады.
Сан. Санның мәндері бүтін, ондық бөлшек, бөлшек болуы мүмкін. Оларға арнайы символдар қосылуы мүмкін: $, %, +, -, / және т.с.с. ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда Excel ұяшықты ########### символдарымен толтырады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді.
Формулалар: егер сіз = белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды. Мысалы: Д5 ұяшығына формуланы  енгіздіңіз: =А5*В5, бұл ұяшықтың мәні А5 және В5 ұяшығындағы мәндердің көбейтіндісіне тең.
Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін енгізсеңіз, онда Excel оны мәтін деп қабылдайды. Мысалы: -55,69 немесе 5,36-—мәтін, =А5*В5 —формула, =А5*В5+жады- —мәтін.
Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:
1)      Ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау
2)      Ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.
Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі.
Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.
Жұмыс кітабын сақтау. Жұмыс кітабын сақтау үшін файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты аспаптар тақтасының батырмасын шерту керек. Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі көрінеді, одан Бума өрісінің тізімінен диск, ал төменгі тізімнен кітап сақталатын бума таңдалады. Файл типі өрісінің тізімінде – кітап форматы сақталады. Файл аты өрісіне кітап атын енгізіңіз және Сақтау батырмасын шертіңіз.
Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.