Ботаника — ?сімдіктер туралы ?ылым. Жер бетінде ?сімдіктерді? к?пт?рлілігі туралы жалпы м?ліметтер


Тақырыбы: Ботаника - өсімдіктер туралы ғылым. Жер бетінде өсімдіктердің көптүрлілігі туралы жалпы мәліметтер.
Сабақтың мақсаты: «Биология» ғылымының негізгі заңдылықтарын оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік – тірі ағзалар, оларға тән белгілер, көптүрлілігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биология ғылымы, оның ботаника, зоология сияқты ірі салалары, еліміздің өсімдіктері мен жануарлары, оларды зерттеген ғалымдарымыз жайында қысқаша шолумен түсінік беру;
Тәрбиелік – табиғатты қорғаудың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігіне, оны аялап сақтауға деген ынтасына жол ашу;
Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларымен танысып, бар ынта жігерін сабаққа аудару.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Проблемалық сұрақтар беру: Тірі ағзаларға қандай ағзалар жатады? Тірі ағзалардың қандай қасиеттері бар?
Жоспар:
Тірі ағзаларға тән қасиеттер
Олардың маңызы
Жасуша – тірі ағзалардың бөліну қабілеттілігін сақтап, заттар мен энергия алмасуын қамтамасыз ететін ең кішкене бірлік өлшемі.
Тірі ағзаларға тән қасиеттер
Зат алмасу
Қозғалу
Тітіркену
Өсу
Көбею
Бейімделу

Зат алмасу – ағзаның өсуін, дамуын, тіршілік әрекетін, қоршаған ортамен тұрақты қатынас жасалуын реттейтін барлық химиялық процестердің жиынтығы. Ол бір-біріне қарама қарсы (анаболизм) энергия қабылдап, реакция синтезі жүретін және бір-бірімен өзара байланысты (катабализм) реакция ыдырап энергия босап шығатын 2 процестен тұрады.
Қозғалу – тірі ағзалардың бәріне (өсімдіктер, жануарлар) тән қасиет. Жануарлардың қозғалысы (жорғлау, жүгіру, ұшу, жүзу) көзге анық байқалса, өсімдіктерде, бір орынға бекініп тұратындықтан тіпті қозғалмайтындай көрінеді.
Тітіркену қоршаған ортаның физикалық немесе химиялық өзгерістеріне, яғни тітіркендіргіштерге әсер етуі тірі ағзалардың ерекшелігін білдіреді. Мысалы, күн сәулесінің аз немесе көп түсуі, температура, қысым, топырақ, су, ауаның химиялық құрамының өзгеруі – осының бәрі тітіркендіргіштер. Өсу зат алмасу кезінде жай заттардың бір-бірімен қосылып күрделенуі зат түзуі немесе энергия жинауының нәтижесінде болады. Демек анаболизм процесінің нәтижесі, жеке жасушалар мөлшері мен саны ұлғаяды, жаңа мүшелер пайда болады. Жануарлардың өсуі шектеулі, белгілі бір мөлшерге жеткен соң өсуі тоқталады; ал өсімдіктер тіршілігін жойғанша өсуін тоқтатпайды. Оған себеп түзуші ұлпалардың болуы.
Өсімдіктердің өсуі 3 кезеңнен тұрады: 1)эмбриональды өсу; 2)созылу кезеңі; 3)жіктелу кезеңі.
Эмбриональды өсу – сабақ тамыр ұштарында болатын түзуші ұлпалардың жас жасушалары демалыссыз бөлініп көбеюі.
Созылу кезеңінде жасушалардың мөлшері бірнеше жүздеген есе ұлғаяды.
Жіктелу кезеңі сыртқы орта жағдайларымен тығыз байланысты. Әр түрлі жағдайдың әсерінен өсімдікте және оның жеке мүшелерінде анатомо-морфологиялық құрылымдар пайда болады. Көбею – барлық тірі ағзаларға тән қасиет. Тіпті жоғары сатыдағы ағзаларды былай қойғанда көзге көрінбейтін микроағзалар ұрпақ қалдыру үшін екіге бөліну арқылы өте қарқынды көбейеді. Өсімдіктерде көбеюдің үш түрлі жолы бар: жынысты, жыныссыз, өспе мүшелері арқылы көбею.
Бейімделу (адаптация) - өсімдіктер мен жануарлар қоршаған орта жағдайына бейімделе алғанда ғана түрлерін сақтап қалады, сондықтан олар түрлі өзгерістерге ұшырайды. Өсімдік түрлерінің жер бетінде таралуына кедергі болатындар – су, жарық, жылу, қорек, жыртқыштар, паразиттер, т.бІV. Бекіту.
Тірі ағзаларға не жатады? Оларды неліктен «тірі» дейді.
Тірі ағзалардың тіршілік үшін қандай маңызы бар?
Үй тапсырмасы. §1 « Менің табиғатқа көз қарасым» тақырыбына шығарма жазу