Жа?артыл?ан білім беру мазм?ныны? болаша?ы..


Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы.
Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімдері: Жакенова Д.Д
Жаңартылған білім беру мазмұнының болашағы..
Халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білім-ел қазынасы. Біздің жaн-дүниемізде, oқыту мен білім беpудегі ұмтылысымыз, өзімізде жетіcпейтін қaжеттілікті тaбуымызғы мүмкіндік беретініне көз жеткіздік. Жаңартылған білім мазмұнымен тaныcқaннaн ұнaғaны — oның мәні, мaқcaты, нәтижеcі-бapлығы бaлaғa, тек қaнa бaлaғa бaғыттaлғaнын аңғардық. Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздың қолында деп тегін айтылмаған. Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Тәуелсіз еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын - ұстаз екендігін айта келе, біздің басты мақсатымыз-білім сапасына мән беріп, білім сапасын жақсарту. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер білім беру жүйесін қайта қарау қажет керек екенін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе. Болашақ ұрпақты сан көрсеткіші емес, сапалы жеміс беретініне мән беріп, тәрбиелеуде барлық мұғалімдерді ойлантатын мәселе болып отыр. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Уақыт алға жылжыған сайын мұғалімнің оқыту шеберлігі, жаңа әдіс-тәсілдері өзгеруде. Балалардың сапалы білім алуына, өзгермелі ортаға тез бейімделе отырып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға және өмірде аяғын нық басып, алдына мақсат қойып оны шешуге мүмкіндігі бар тұлғаны дамытуға жағдай туғызу біздің басты міндетіміз деп түсінеміз. Жаңа білім беру жүйесіне енген өзгеріске мойын бұрып, оң көзқарасты дамытып, алдымызда отырған баланың тереңнен ойлауына, өздері ой қортынды таңдау құқығына мүмкіндік беру керек деп ойлаймыз. Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман»,- деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатқандығы баршамызға аян. Жеке тұлға яғни, дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы екені рас. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асырады. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, жаңашыл әдіс-тәсілдер, озық үлгілерін дамыту жалғасын табатын ұстаздарымыз көп болатынына сеніммен қараймыз.
Бүгінгі басты бағыт бұл орайда орта білім беруді жүйелі жаңғырту жағдайында жұмыс істеуге дайындау арқылы мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету болып табылады. Жаңартылған оқу бағдарламаларын сынақтан өткізу және ендіруді ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін тарату, жаңартылған білім беру мазмұны және жаңа оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламаларын жасау, жаңартылған білім беру мазмұнын сынақтан өткізу және ендіру мәселелері қолға алынуда.
Бастауыш мектеп оқушысы математика және информатика, жаратылыстану, адам және қоғам, технология және өнер, денешынықтыру сынды білім салалары аясында білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлерінде күтілетін нәтижелерді көре отырып, меңгеруге талаптанады. Білім сапасын анықтау құралдары ретінде оқуға ынталандыратын және оқушының жеке даму траекториясын белгілеуге мүмкіндік беретін қалыптастырушы бағалау мен мектепішілік жиынтық бағалау түрлерімен белгіленеді. Стандарттың осы бөліктері өз оқуын өз бетімен құруға қабілетті, өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқушы тұлғасын дамытуды көздейді. Бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілігі жоғары деңгейде қалыптасқан, өзіне және өзгелерге құрметпен қарай алатын, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас құратын, еңбек пен шығармашылықта өз мүмкіндігін толығымен жүзеге асыра алатын, ашықтықты бойына сіңірген қоғам азаматы ел дамуына айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз.
Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдайға көшу дегенді білдеріді.
Стандартта белгіленген жаңа мазмұн, оқушылардың сыни, шығармашылық тұрғыда ойлау дәрежесін дамытуды көздейді. Өзі оқытатын пәні аясында мұғалімнің зерттеуші позициясында болуы тек осы пәнді оқытумен шектеліп қана қоймай, оның басқа пәндермен байланысын қарастыруды, жаңалықтар қалай ашылғандығы туралы білімді ұсынумен, пәннің негізін қалаушы ғалымдар туралы білімді жеткізумен шұғылданғанда ғана мүмкін болмақ. Бұл өз алдына мұғалімді білімді ұсынушы ғана емес, сол білімді бірге жасап, өзін де оқушы деп тануына әкеледі. Осындай әрекет өмір бойы білім алу дегенді білдіреді.
Құрамында мұғалім де, оқушы да бар осындай ізденуші топ «білім алушылар қауымдастығына» айналады. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың кілті осы қауымдастықтың қолында болмақ. Өз күшіңмен табылған білім, өз табандылығыңмен дәлелденген шындық өміріңде пайдалы болатындығы сөзсіз екендігін талай ғұламалар айтып та кеткен.
Қорыта айтқанда, міндет ауыр, мақсат айқын. Отандық іс-тәжірибе негізінде әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын оқушылар мен ұстаздарымыздың қатары көп болатынына, жақсы нәтижеге жететінімізге сенімдіміз.