Е?бекке баулу. Тігісті? т?рлері


Еңбекке баулу 4 сынып
Күні: 17.10.2015ж
Сабақтың тақырыбы:Тігіс түрлері
• Сабақтың мақсаты:Білім беруде – тігіс тігу, тігістің пайдасы мен тігілу жолдары туралы біліктілігін арттыру. Тігіс тігу кезінде дағдыны қалыптастыру. Тігіс түрлерінің орындалу технологиясын меңгерту.• Дамытушылық – тігістердің жасалу реттілігін суреттегі бейнелеулер көмегімен, мақсатқа өз бетінше жету үшін оқушыға мүмкіндік беру.• Тәрбиелік – оқушының өз бетінше жұмыс жасауға еріктілігін, өз күшіне сенушілігін қалыптастыру. Берілген істі сапалы, ұқыпты, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып орындауға тәрбиелеу.Құрал - жабдықтар: жіптер, инелер, түйреуіштер, сызғыш, таспа метр, бор, қайшы, оймақ.Сабақтың өту барысы:Психологиялық дайындықГүл өсірсең терлеп,Мұның аты – еңбек.Кесте тіксең зерлеп,Мұның аты – еңбек.Қиындықтың бәрінЕңбек қана жеңбек.Өткен сабақты қайталауҚол жұмысын орындауда жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?- Жүн және табиғи жібек маталар туралы түсінік.- Матаның негізгі қасиеттерін ата.- Физикалық - механикалық қасиетерін ата.Сөзжұмбақ1. Тұмсығы мықты,Қыр мен ойды тегістеп шықты2. Сөзі дана үні жоқ,Сөйлемейді тілі жоқ.Қолыңа алсаң шешен,Ақылы асқан көсем.3. Өшірді, сүртті, өзгені құртты, өзін де құртты.4. Аппақ дала, қара дәнДәнін сепсең түсінуге жараған5. Аспай піскен, қайнамай түскенЖаңа сабақ▪ Адамның жеке тұлға ретінде дамуына себепкер болатын қызмет – еңбек. Еңбектенген адамнан өнер туады.▪ Кез келген бұйымды тіккен кезде біз оған сәйкес матаны және тігіс технологиясын пайдаланамыз.▪ Бұйымның бөлшектерін инешаншым мен тігім арқылы қосамыз.1 - слайд: Тігіс түрлері2 - слайд: ИнешаншымТігіс – бөлшектердің біріккен орныИнешаншым – матада жіптердің айқасуы арқылы аяқталады.Тігім – бірнеше рет қайталанған инешаншым бөлшектердің біріккен орны3 - слайд: Көктеу▪ Көктеу дегеніміз – бұйымды уақытша біріктіріп тұратын тігіс.▪ Көктеп тігу – бөлшектердің шетін біріктіруге және матаның шеті сетінеп сөгілмеуі үшін тігіледі.4 - слайд:▪ Екі рет ішіне қайырылған шетін инені ілгері шаншу арқылы көктеп тігеміз. Бұйымның материалын тесіп өтпейтіндей етіп, тігісті төменнен жоғары қарай жүргіземіз5 - слайд: КөмкеруКөмкеріп (жөрмеп) тігу – бұйымның берілген шетін тігу үшін қолданылады. Көмкеріп тігудің бірнеше түрі бар.6 - слайд: Тор тігіс▪ Тор тігіс – бекітуші, әрі сәндік тігіс ретінде қолданылады. Торлап тігу материалдың шетін өңдеуге, түймелікті торлауға, жұмсақ ойыншық тігуге қолайлы.7 - слайд: Қайшы тігістер8 - слайд: Сабақты тігісСабақшалап тігу көбіне кесте тігу үшін қолданылады. Материалды таңдап алғаннан кейін, оның бетіне кесте суретін саламыз.Бастапқы нүктеден бастап жіпті біртіндеп алға жүргіземіз. Жіп сабақталған инені матаға шаншып, теріс жағынан артқа қарай жүргізе отырып, келесі тігістің орта тұсынан шығарамыз.9 - слайд: Көркем тігіс10 - слайд: Сергіту минутыДөңгелек шеңбер етіп иілген, киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі2. Жеңсіз жеңіл киім3. Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі, бағалы бұйым4. Жеті түрлі дәнді - дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас5. Сурет салып тоқылған кілем6. Нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек7. Теріден жасалған, қымыз құятын ыдыс11 - слайд: Тігін инесімен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелеріИненің кіруінен қанның бұзылуы мүмкін. Жұмыс кезінде инені ине қадағышқа қадамай ерніңе салып отырсаң, оған қақалып немесе жұтып қоюың мүмкін1. Жұмысқа кіріспес бұрын инелерді санап алыңыз, сынғанын және тот басқанын тастаңыз2. Тігіс тігуде оймақ қолданыңыз3. Инелерді арнайы қорапшада немесе инеқапта сақтаңыз4. Инені аузыңызға салмаңыз, киімге және жұмсақ жиһазға қадамаңыз5. Жұмыс соңында инелерді санаңыз, ол жұмыс басталғанға дейінгідей болу керек12 - слайд: Еңбек мәдениетінің ережелері- Жұмыс орнын дайында- Сарамандық жұмыстарды орындағанда, киімің таза және үтіктелген болуын қадағала- Жұмысты сапалы орында, сабақта уақытты рационалды қолдан- Құрал - жабдықтарды ұқыптап ұста, оларды тағайындалуы бойынша қолдан және тазалықта ұста- Материалды үнемдеп қолдан- Жұмыс орнында тазалықты сақта- Жұмысты аяқтап болған соң, жұмыс орныңды жинап, құралдар мен материалдарды кезекшіге тапсырСарамандық жұмыс1. Жұмыс тәсілдерін көрсету және тігісті орындату ережелері.2. Тігіс түрлерін сабақтың үстінде орындауын қадағалау.3. Оқушының жұмыс үстелін тексеріп отыру.4. Тігіс түрлерін схемаға қарап матаға салу.5. Техника қауіпсіздік ережелерін есте сақтай отырып тігу.Сабақты қорытындылауҮйге тапсырма:Тәуелсіздік мерекесіне арнап кесте тігу.Кестеге бүгінгі сабақта өткен тігіс түрлерін пайдалану