Сызба?а ?лшемдер т?сіру. 9-сынып. Саба? жоспары.


Сызу 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сызбаға өлшемдер түсіру
Мақсаты: А) Сызбадағы өлшем сандарын мен өлшем сызықтарды, жалпы сызбадағы
өлшемнің неше түрі бар екенін, өлшем сызықтары мен шығару сызықтарын
қалай сызу керектігі туралы мағұлымат беру.
Ә) Оқушылардың сызба сызықтарын орындағанда сызу заңдылықтарын
сақтай отырып сауатты сыза білу қабілеттерін дамыту .
Б) Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі : Практикалық сабақ
Әдісі: баяндау
Пәнаралық байланыс : геометрия
Жабдықталуы: қосымша материалдар
Жүру барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
ІҮ Практикалық жұмыс
Ү Қорытындылау
ҮІ Бағалау
Сызбада кескінделген нәрсенің шамасын көрсету үшін өлшем сызықтарын жүргізеді де, оның үстіне өлшем сандарын жазады. Өлшем сандары сызбаның масштабына байланыссыз болады: олар сызбасы сызылған нәрсенің нақты өлшемдерін көрсетеді. Сызбадағы өлшемдердің жалпы саны мүмкіндігінше аз болуы, бірақ нәрсені жасап шығару және оның өлшемдерін бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Нәрсенің бір бөлігінің өлшемдерін әр кескінде қайталаудың қажеті жоқ.
Өлшемдерді сызықтық және бұріштіқ деп екіге бөлінеді. Сызбада сызықтық өлшемдерді миллимермен көрсетеді; өлшем бірліктері жазылмайды. Бұрыштық өлшемдерді градус, минут және секунтпен есептеп, өлшем бірліктерін бірліктерін көрсетіп жазады.
Радиусты анықтайтын санның алдына радиус белгісі (R) қойылады. Бірдей өлшемдер қайталанбайды, тек олардың біреуі ғана сызбаға түседі. Шеңбердің диаметрн көрсету үшін өлшем сызығы ретінде оның диаметрлерінің біреуін ( ) пайдалануға болады.
Бұрыштың өлшемін көрсету үшін өлшемнің сызығын центр бұрышының төбесінде жататын доға түрінде жүргізеді.
Практикалық жұмыс
12-сурет
Диаметрлері 40, 20 және 10 мм-ге тең шеңберлер сыз. Олардың өлшемдерін түсір.
Қорытындылау:
Сызбада өлшемдерді нешеге бөледі, қандай ?
Бұрыштық өлшемдерді жазғанда нелерді көрсетіп жазады ?
Өлшем шығару сызықтарының жуандығы қандай болады ?
Бағалау