Сызба?а ?лшем т?сіру та?ырыбына саба? жоспар


Сабақтың тақырыбы: Сызбаға өлшем түсіру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, төзімділікке және жеке тұлға ретінде тәрбиелеу. Кеңістікті көз алдына елестете отырып, шығармашылық қабілетін және графикалық мәдениетін қалыптастыру. Логикалық талдау, ойлау қабілетін дамыту. Сызбаға өлшем түсіріп үйрену.
Білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:
Оқушылар білуге міндетті:
-сызбаларға өлшемдерді түсіруді;
-өлшемдердің түрлерін;
-нәрсе мен өлшем сызығының арақашықтығын;
-өлшем сызықтарының белгіленуін;
-сызу аспаптарымен құралдарын дұрыс пайдалана білу;
Оқушылар игеруі тиіс:
-сызғышпен есептей білуді;
-бұрыштық және сызықтық өлшемдердің жазылуын;
-шеңберлерде өлшемдердің түсірілуін;
-шығару және өлшем сызықтарын түсіруді;
-сызбада кездесетін белгілер мен шарттылықтарды белгілеуді;
Керекті құралдар:
Қарындаштың түрлері, сызба қағаздарының түрлері, сызғыштар, бұрыштық сызғыштар,транспортир және өшіргіш.
Сабақтың барысы:
Сызбадағы өлшемдер қалай қойылады? Өлшемдер не үшін қажет? Өлшемдердің барлығы стандартқа сай қойылады. Нәрселердің биіктігі, ұзындығы, ені, диаметріжәне радиусі болады. Осы өлшем бірліктерін көрсету үшін бұйымдардың өлшемдерін түсіреді.
Шығару және өлшем сызықтарын қойғанда, шығару сызығы нәрседен 1-5 мм шығып тұрады, ал нәрсе мен өлшем сызығының арақашықтығы 6-10 мм болады.
Диаметр белгісін қойғанда өлшем бірліктерінің алдына ортасынан сызылған дөңгелек Ø қойылады.Ал радиусын белгілегенде, өлшем бірліктерінің алдына R деген латын әрпі қойылады.
Шаршы белгісінде өлшем бірліктерінің алдына, □ белгісі қойылады.
Нәрсе мен өлшем сызығының арақашықтығы қандай болу керек?
А. 3-5 мм; В. 7-10мм; С. 10-14 мм.
Өлшем сызығынан шығару сызығы неше миллиметр шығып тұруы қажет?
А. 1-5 мм; В. 5-10 мм; С. 10-15 мм.
Үйге тапсырма: Диаметрлері 40, 30, 20 және 10 мм болатын шеңберлер орындау.