Сызба ?аріптері сызу п?нінен саба? жоспары


9 сынып
Күні:
Сабақтың тақырыбы:Сызба қаріптеріСабақтың мақсаты: Сызба қаріптері туралы білім беру және тәжірибе жүзінде үйрету.Білімділік: Оқушыларға сызба қаріптерінің түрлерін түсіндіре отырып,құрал-саймандарды тиімді пайдаланып,қаріптерді дұрыс жаза білуге үйрету,алған білім дағдыларын пысықтау.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз мамандықтарына сәйкес ұлттық ас дәстүрін үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, жылдам қабылдау қасиеттерін дамытып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.Сабақтың түрі: араласСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен, ұжыммен жұмыс жасау, бірін-бірі бағалауСабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада жазылған қаріптер, тест сұрақтарыПәнаралық байланыс: геометрия, арнаулыСабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі: ( 2-3 минут )1.Оқушылармен сәлемдесу.2.Оқушыларды түгелдеу.3.Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, оқушылардың назарын сабаққа аудару.4.Топты екі қатарға бөліп, әр қатардан топ басшыларын сайлау
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: ( 10-12 минут )Топтың өз мамандықтарына сәйкес қазақтың ұлттық дәстүрі «Табақ тарту» рәсімін «Сызу» пәнімен байланыстыра отырып, оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.ІІ1.Миға шабуыл. сұрақ-жауап әдісі1.Сызба дегеніміз не?
2.Бұрыштықтар нешеге бөлінеді және айырмашылығы?3.Үлкен ұзын сызғышты не деп атаймыз?4.неше сызық түрлері бар?5.Циркуль қай елдің сөзі?6.А3 пішімінің өлшемін айт?7.Негізгі жазу графасының өлшемдерін ата?8.Масштаб дегеніміз не?ІІ.Кітаппен жұмыс. Қаріптердің жазылуын орындау.ІІІ. Жаңа сабақ . (20-25 минут)1.Мақсат қою және мотивациялау2.Сабақ жоспарымен таныстыру.Сызбаның өлшем сызықтарындағы сандарды, бас қа да жазуларды, негізгі
жазуды сызба шрифті бойынша орындайды. Соны мен келесі мемлекеттік
стандарт – «Сызба шрифтері» немесе қаріптер деп те атайды.Қаріп деп- әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің жиынын айтады. Сызба шрифтері кириллица, латын жəне грек əріптері мен рим, араб цифрларынан тұрады. Бұған қосымша қазақ əріптері
мен математикалық символдарының белгілеу түрлері көрсетілген. Стандарт
бойынша белгіленген сызба шрифтерінің негізгі өлшемдері төмендегідей:
бас əріптер биіктігі - латынның кіші h əрпі;
кіші əріптер биіктігі - латынның кіші (с) казір h1 əрпі;
əріптің ені - латынның кіші (g) қазір (b) қазір А əрпі;
əріптердің арақашықтығы - латынның кіші а əрпі;
сөздердің ең аз арақашықтығы - латынның кіші (е) өазір А1 əрпі;
əріптің жуандығын - латынның кіші (d) қазір s əрпі.
Стандарт бойынша сызба шрифтері жіңішке А типті жəне жуан Б типтітүрлерге бөлінеді. А типті (d =1/14h) жəне Б типті (d =1/10h) əріптер 900 тік жəне
750 қиғаш болып келеді. Əріптердің сызылуы жеңіл болу үшін алғашқы кездекөмекші тор көздерді пайдаланған ыңғайлы (3-сурет). Суретте көрсетілгендей
əріптер түзу сызықтар мен кішкентай доғалар арқылы сызылады. Оқырманға
ескерту ретінде сызба шрифтерін жазбайды, оларды сызады.
Стандарт бойынша шрифтердің биіктігі: (1,8); 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; (40)
болады.
26 жəне 27-суреттерде əріптердің өлшемдері көрсетілген.
1. Бас əріптердің
биіктігі h 14d 2,5 3,5 5 7 10 14 20
2. Кіші əріптердің
биіктігі c 10d 1,8 2,5 3,5 5 7 10 14
3. Əріптердің
ендері g 7d 1,25 1,75 2,6 3,5 5 7 10
4. Əріптердің
арақашықтығы a 2d 0,35 0,5 0,7 1,0 1,4 2,0 2,8
Қаріптерді үш топқа бөледі:
І топ: Г,Ғ,Е,Н,Ң,П,Т,Ц,Ш,Щ
ІІ топ: А,Ж,И,Й,К,М,Қ,Ү,Ұ,Х
ІІІ топ: Ә,Б,В,Д,З,Л,О,Ө,Р,С,У,Ф,Ч,Ъ,Ь,Ы,І,Э,Ю,Я
Үлкен қаріп 14 мм болса, кіші әріп 10 мм
немесе 10 мм болса , кіші әріп 7 мм болады.
VI.Үйге тапсырма.1. Оқу §8
Жазуларды сызба қаріптерімен орындап келу.