Мектеп білім ордасы, ?стаз оны? т?л?асы жас ?стаздар?а арнал?ан іскерлік ойын


Мақсаты: Ұстаздардың дүниетанымын тереңдігін, жан-жақты білімділігін, ең озығын анықтау. Ұстаздардың кәсіби құлшынысын арттыру, орнықтыру.
Түрі: іскерлік ойын
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер
1-ші жүргізуші: -Құрметті ұстаздар «Мектеп білім ордасы, ұстаз оның тұлғасы» атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер!
Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуіне бағытталған қарқынды даму кезінде біздің жас ұстаздарымыздың көзқарасы жан-жақты, өз мүмкіндігін толық пайдалана білетін, ұшқыр ойлы әрі зерек мамандар дей отырып, осы қадір-қасиеттеріңізді шыңдап, дамыта түсетін сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2-ші жүргізуші: -«Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді айтқан халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар. Содан бері бірнеше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әркез қоғамның қозғаушы күші ретінде танылған.
2-ші жүргізуші: - Кеш басталмас бұрын қатысушы ұстаздарды ортаға шақырамыз.
1 топ: «Болашақ»
1 топ: «Кемеңгер»
Кештің бағдарламасы:
Топты таныстыру
Сиқырлы әріптер сөйлейді
(Әріпке байланысты сұрақтарға әзілмен жауап беру)
Ойлан тап
(қойылған сұрақтарға мақалмен жауап беру, бір сөзден бірнеше сөз құрау)
«Әдемі сөйлем»
Кім жылдам (сөздерді көрермендерге қимылмен түсіндіру)
Тапқыр болсаң тауып көр (ұяшықты таңдау арқылы сұраққа жауап)
Қолқа салу
Қорытынды
2-ші жүргізуші: -Әділқазы алқасын сайлау
1-ші жүргізуші: - 1 бөлім: топты таныстыру:
2-ші жүргізуші: - 2 бөлім Сиқырлы әріптер сөйлейді
2 командаға 10 сұрақтан беріледі.
Кеспе әріптерді таңдау арқылы сұрақтарға әзіл түрде жауап береді.
1 топ:
1. Сиыр неге мөңірейді?
2. Сен неден қорқасың?
3.Сен қандай дарындылыққа ие болғың келеді?
4. Жасың нешеде?
5. Сізді жұрт кім деп ойлайды?
6. Адам тамақты не үшін ішеді?
7. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың?
8. Өзіңізді әдемімін деп ойлайсың ба?
9. Жылқыда неше аяқ бар?
10. Шашыңның түсі қандай?
2 топ:
1. Мектебіңнің атауы
2. Сүйікті тағамың
3. Бала неге жылайды?
4. Сен қандай музыкалық аспапта ойнай аласың?
5. Нашақорлық дегеніміз не?
6.Сіз кімге сенім артасыз?
7. Сіз өзіңізді ақылдымын деп ойлайсыз ба?
8. Мектепке не үшін келесің?
9. Ағашта не болады?
10. Папаңның есімі кім?
Алдағы біз баратын бағыт анық,
Сәйгүлік екеніңді тағы таныт.
Ал енді тізгіндерді ағыталық.
3 бөлім «Ойлан тап»
2 командаға 12 сұрақтан беремін мақалдап жауап беру керек.
1 топ:
1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар да жанады)
2. Адамның төбесі аспанға жете ме? (Төбесі көкке жетті)
3. Адамның қай жеріне нан піседі? (Кеудесіне нан піседі)
4. Қай ас тәтті? (Еңбекпен тапқан дәм тәтті)
5. Аурудың жаманы не? (Ұмытшақтық)
6. Нені жасыруға болмайды? (Ауруын жасырған өледі)
7. Кім қартаймайды? (Халық қартаймайды)
8. Сиырдың сүті қай жерінде? (Сиырдың сүті тілінде)
9. Түкіріктен көл құрала ма?
10. Тауық түс көре ме? (Аш тауықтың түсіне тары кіреді)
11. Адамның қанаты бар ма? (Ұшарға қанаты болмау)
12. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)
2 топ:
1. Адамда арқау бола ма? (Ас- адамның арқауы)
2. Қайтсең тегін ішесің? (Ексең егін, ішерсің тегін)
3. Ердің атын не шығарады? (Ердің атын еңбек шығарады)
4. Адамның көркі не? (Адамның көркі - шүберек)
5. Сөз анасы не? (Сөз анасы - құлақ)
6. Тәуекел түбі не? (Тәуекел түбі - желқайық)
7. Қай уақытта айнаға өкпелемейсің? (Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме)
8. Өтірікші өзін не істейді? (Өтірікші өзін күлкі етеді)
9. Елдің құлағы нешеу? (Ел құлағы елу)
10. Қандай кілт аспанда ? (Кісідегінің кілті аспанда)
11. Басынан шіритін не? (Балық басынан шіриді.)
12. Сөздің көркі не? (Сөздің көрікі- мақал)
4 бөлім: «Әдемі сөйлем»
Әр топтан 1 – ші тұрған адам 2 сөз бастайды
Қалғаны тағы да 2 сөзден қосады. Сөйлем болып шығу керек.
5 бөлім: «Кім жылдам?» Мүғалім бала көңілін таба білетін, бала да бола алатын артист десе артық емес. Сіздерге берілген сөздерді 3 мин ішінде көрермендерге қимылмен түсіндіріп беру керек.
1. ұстаз, әже, шаш, кітап, маса, қоян,
2. мысық, қылыш, аю, терезе, үй, қайық.
6 бөлім: «Тапқыр болсаң тауып көр» ұяшықтағы сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
1. Жерұйықты іздеген жырау. (Асан Қайғы)
2. Еліміздегі ең көп мүшелері бар саяси партиялардың бірі (Нұротан)
3. Қазақстан Республикасының азаматы қай жасқа жеткесін сайлауға қатыса алады? (18ж)
4. Парламент депутаттығына Қазақстан Республикасының азаматы қай жастан сайлана алады?(25)
5. Қазақстанда 1-ші халық санағы қашан өткізілді? (25.02.-4 03.1999ж)
6. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ-та)
7. Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?(9 бөлім,98 баптан)
8. Семей полигоны қашан жабылды? (29. 08. 1991ж)
Жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады.
Құрметті ұстаздар! «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші ұстаздық жолындағы еңбектеріңіз лаулап жансын. Кешке атсалысып белсене қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Шәкірттеріңіздің үлгі тұтар саналы да, тәрбиелі ұлағатты ұстазы болыңыздар.
-788035-447040А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
«Мектеп білім ордасы, ұстаз оның тұлғасы»
Жас ұстаздармен іскерлік ойын
Мектеп психологы: Нургалиева А.А.
Ұстаз
Әже
Шаш
Кітап
Маса
Қоян
Мысық
Қылыш
Аю
Терезе
Үй
Қайық
1
2
3
4
5
6
7
8