Білім биржасы іскерлік ойын саба?ы


Сабақты ұсынған Қызылорда қаласы, Т.Рысқұлов атындағы №222 мектептің математика пәнінің мұғалімі Кикібаева Гүлмира Тельманқызы
Сабақтың тақырыбы: "Білім биржасы" іскерлік ойын сабағы
Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыптары бойынша әртүрлі есептерді шығара білуге және оқыған материалды қорытындылай, салыстыра білу дағдысын сөйлеу қабілетін дамыту, экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың көрнекілігі: 1.Интерактивтік тақта (слайд)
2.Коммерциялық математикалық банк
3.Карточкалар(лоторея)
4.Тест тапсырмалары(факс)
5.Кеспе сөздер
6.Сандықша(логикалық есеп)
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі (топқа бөлу)
2. Таныстыру (әр топтың өз ұраны)
3. Сұрақ-жауап
4. Лоторея сатып алу
5. Факс ( тест тапсырмалары )
6. Ой сергіту(сөздерді есте сақтау)
7. Математикалық сөз құрау
8. Сергіту сәті
9. Математикалық сандықша
10 .Қорытынды
Жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар мен оқушылар!
Шакырамыз сайысуға келіңіздер,
Күш, өнер, білімменен ауысуға.
Бар өнерді салыңыздар ортамызға,
Ал, кәнікей шақырамыз сайысуға ,- дей отырып “Білім биржасы” іскерлік ойын сайысымызға қатысушыларды ортаға шақырамыз.
1. Мына фигуралардың бөліктерін алып, түсі бойынша фигура құрастыру арқылы топқа бөлінеміз. Шыққан фигураның келесі бетінде топтың аты жазылған.
1.Үшбұрыш-Тапқырлар тобы
2.Шеңбер-Алғырлар тобы
3.Тіктөртбұрыш-Ойшылдар тобы
4.Шаршы-Білімділер тобы
2. Әр топтың алдында жатқан кеспе сөздерден ұран құрастырып таныстыру.
3. Менеджер: Бүгінгі сабақты өткізу үшін бізге Коммерциялық Математикалық Банк керек. Банкте жұмысты бастау үшін қажетті қаржы бар.Қазір сіздерге сұрақтар қойылады, егер сіздер сұраққа дұрыс жауап берсеңіздер сіздерге ақшалай сыйақы беріледі.
Сұрақ-жауаптар:
Тапқырлар тобына:
1.Ең кіші натурал сан. (1)
2.Тіктөртбұрыштың ауданы.
3.Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)
4.1км-де қанша метр бар. (1000м)
5.Табиғи жарық көзі. (күн)
6. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
7.Жаңбырлы күні қоян қандай ағаштың астында отырады?(сулы ағаштың)
Алғырлар тобына:
1.Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды.(сабақ)
2. Күнмен дос геометриялық фигура.(сәуле)
3.Бір сағатта неше минут бар.
4.Төртбұрыштың периметрі.
5.Ең үлкен натурал сан.
6.Өзіңді көрсететін құрал.
7. Қай жерде қалалар үйсіз, өзендер сусыз, ормандар ағашсыз көрсетіледі.
Ойшылдар тобына:
1.Бір минутта неше секунд бар.
2.99-дың оны кем.
3.Шеңбердің әр түрлі радиусы бола ма.
4.Төрт қойдың неше аяғы бар.
5.1-кг тас ауыр ма 1-кг алма ауыр ма.
6.Жоқты білдіретін сан.
7.Екі адам төрт сағат шахмат ойнады, олардың әр қайсысы неше сағат ойнады.
Білімділер тобына:
1.Жүз жылдың басқа атауы.
2.Бес бүтін алтыдан бір қандай сан.
3.Ас атасы - нан
4.Жүздің бірі кем.
5.Төрт тауықтың неше аяғы бар.
6.Шеңбер сызатын құрал.
7.Теректе бес алма бар, соның екеуін алды қанша қалды.
4. Лоторея сатып алу бөлімі.
Менеджер: Топ басшылары келіп менен лоторея (есеп жазылған карточкалар) сатып алады, олардың арасында бақытты билеттер болуы да мүмкін. Ұтқан лотореяға ақшалай сыйақы беріледі.
5. Факс ( Әр топқа тест тапсырмалары беріледі)
6. Ой сергіту бөлімі. Сөздерді есте сақтау.
Шеңбер, бөлшек, мектеп, периметр, аралас сан, ана, сызғыш, жанұя, компьютер, параллелепипед, тас, ауыл, теңдеу, күн, дәреже.
7. Математикалық сөз құрау. Әр топқа берілген сөздердің әр әріпінен математикаға байланысты сөздер жазу.
Бәйтерек, атамекен, арифметика, пирамида.
8. Сергіту сәті. Маймыл, бақа, пингвин, жылан, керік, түйе, тоқылдақ, кенгуру
Осыларды қимылмен табу.
9. Математикалық сандықша. Математикалық жұмбақты шешу.
(Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғарғы сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. Бұл не? (дәптер))
10. Қорытынды. Әр топтың топ жетекшісі түскен ақша қаражатын есептеу арқылы, қорытынды шығарады.
Тест тапсырмалары
1. Сағат тілі тура 5 сағатты көрсеткенде, сағат тілдері қандай бұрышты көрсетеді ?
А) тік В) сүйір С) доғал Д) жазыңқы
2. Бөлінгіштік белгілерін қолданып анықтаңдар.6 325170 саны қандай сандарға бөлінеді?
А) 2 В) 5, 2 С)5, 2, 9 Д) 5, 2, 3
3. Бөлшектің бөлімі алымынан кіші болса, бөлшек қалай аталады?
А) аралас сан В) қысқартылмайтын бөлшек С) дұрыс бөлшек Д) бұрыс бөлшек
4. Математикадан бақылау жұмысында берілген есептерді шығарған қыздар саны сыныптағы ұлдар санымен бірдей болды, сыныптағы қыздар саны көп пе, ұлдар саны көп пе?
А) ұлдар В) қыздар С) бірдей Д) білмеймін
5.Барлық араб цифрларының көбейтіндісі неге тең?
А)1000000 В)52369999999 С) 0 Д) 1