?шб?рышты, тік т?ртб?рышты (шаршыны) еркін ?лшеммен сызу ж?не оларды? элементтерін аны?тау.


Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Буранбаева Айгүл Алдабергенқызы
МАТЕМАТИКА (2 класс)
 
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрышты, тік төртбұрышты (шаршыны) еркін өлшеммен
                                         сызу және олардың элементтерін анықтау.
Сабақтың мақсаттары:
            Білімділік – геометриялық фигураларды және олардың элементтерін ажыра білуге
                                үйрету; Үшбұрыш және тіктөртбұрыш (шаршыны) еркін өлшеммен
                                сызудың рет-тәртібін көрсетіп беру; Есептерді түрлендіру және
                                салыстыру; Өрнек құру және мәнін табу, кестелік қосу мен азайту
                                дағдыларын қалыптастыру, теңдеу шешуге машықтандыру,
                                фигуралардың периметрін табуға дағдыландыру;
            Тәрбиелік – көктем мезгілінде болатын алғашқы мейрамды айта отырып,
                                оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, табиғатты қорғай білуге
                                үйрету, анасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелей отырып еңбекке баулу.
            Дамытушылық – оқушыларды логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту.
Сабақта  қолданылатын әдістер:
                                               а) интерактивті тақта;
                                               ә) түсіндіру;
                                               б) сұрақ – жауап;
                                               в) талдау – жинақтау;
                                               г) практикалық жұмыс
Сабақта қолданылатын
көрнекіліктер мен құралдар:  оқулық, интерактивті тақта, карточкалар, «лото» ойыны,
                                                     гүлдер, «Танграмм» ойыны, ойындар т.б.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық. (Оқушылардың сабаққа зейінін тоқтату).
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-        Балалар, бүгін біздің сабағымызда қонаққа апайлар келіп отыр, олар біздің математика сабағымыз қалай өтеді, сіздер осы уақытқа дейін не үйреніп, не білетіндеріңізді, есептерді шығара аласыздар ма соны қарайды. Сондықтан сабағымызға жақсы қатысайық. Ал, біздің бүгінгі сабағымыз геометриялық фигуралары және олардың элементтерін ажырата білуге, үшбұрыш, төртбұрыш, шаршыны еркін өлшеммен сызу тәсілдерін үйретумен қоса  көктем мезгілінің алғашқы мейрамы 8 наурызбен байланысты болады. Бұл мейрамда біз аналарымызға гүл сыйлаймыз. Міне, бүгінгі математика сабағында да қай қатар ең әдемі гүлдерді көп жинаса, сол қатардың балдары аналарын жақсы көретінін көрсетіп, жақсы  бағаларға ие болады және бұл математика сабағы болғандықтан бұл гүлдер ұпай ретінде сабақ соңында есептеліп, қорытындыланады. (қызыл гүл-10 ұпай, көк-5 ұпай, сары – 1 ұпай)
ІІІ. Алдымен дәптерлеріңді ашып күннің жадын жазып қойыңыздар, ал мен оған дейін үй тапсырмаларыңызды тексеріп шығайын.
ІV. Математикалық диктант. 24, 36, 48, 57, 69
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (№1, 2 есептер, 140 - бет)
а) Интерактивті тақтада жазылған тапсырмалармен жұмыс
 
2 см
2 см
3 см
3 см
2 см
2 см
2 см
4 см
3см
2 см
2 см
 
 
 

 
 
(үш қатарға да төмендегідей сұрақтар қойылады)
-        Бұл фигуралар туралы не білесіңдер?
-        Атын ата
-        Неше төбесі бар, неше бұрышы, неше қабырғалары бар?
-        Олардың қандай ерекшеліктері бар?
ә) осы фигуралардың Р табыңыздар.
б) әр қатар өз фигураларын еркін өлшеммен дәптерге салады.
VІ. Оқулықпен жұмыс. №3 есеп.
 
?
?
С – 25                                                         Шешуі : 25-19=6
Т.қ - ? 19 –ы кем                                             25+6=31
Ж. - ? сонша                                                   25+6+31=62
                                               Жауабы: барлығы 62 адам жұмыс істеді.
VІІ. «Математикалық гүл» теңдеулері: х + 10 = 50        74 – х = 60                 43 + х = 54
VІІІ. Интеврактивті тақтадан жазбаша бағандап шығаруға берілген өрнектердің тек жауабын жазу.
ІХ. «Лото» ойыны. (Ауызша есептеуге байланысты өрнектер)
Х. «Танграмм» ойыны. (Гүл құрастыру тапсырылады)
ХІ.  «Киіз үй» құрастыру. (Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыштар көмегімен үй құрастыру)
ХІІ. Үй тапсырмасын беру. (№5,141 бет)
ХІІІ. Қорытындылау. (Гүлдерден жиналған ұпайларын есептеу)
ХІV. Оқушыларды бағалау.