Отбасылы? жауапкершілік. Отбасылы? ?атынастарды? орны?ты болуы


Тақырыбы: Отбасылық жауапкершілік. Отбасылық қатынастардың орнықты болуыСілтемелер:HYPERLINK "http://www.metod-kopilka.ru/bgn_bala_erte-ata-ana_student_zhastar_men_zhoary_synyp_oushylaryn_otbasy-nekelk_mrge_dayarlaudy-40446.htm"http://www.metod-kopilka.ru/bgn_bala_erte-ata-ana_student_zhastar_men_zhoary_synyp_oushylaryn_otbasy-nekelk_mrge_dayarlaudy-40446.htm
http://my.mail.ru/mail/zhambulramazanov/video/500/717.htmlМақсаты: өзінің ата-аналық сезімдерін және мақсаттарын сезінетін және балаға үйлесімді тұлға ретінде дамуына кері әсер тигізетіндерін түзете білетін ата-ана болуына көмектесу
Ресурстар: Бейнеролик, компьютер, интерактивтік құралдар, ватман А4, А3, маркеры топқа бөлінуге арналған ресурстар.
Барысы;
Сәлемдесу.
Психогимнастика «Күншуақ»
Ата-аналар ортаға шығып шеңбер бойымен дөңгеленіп тұрады. Ортада жарқырап тұрған күннің сәулесі мен жылуынан біздің ата-аналарда, сыныпта да жайлы. Олай болса, әрқайсымыз мына ғажап баулар арқылы күннің жылуын қабылдайық. Күннің жылуын қабылдаған оң қолымызды жүрегіміздің үстіне қоялық. Күннің мейірім жылуы біздің өн бойымызға тарап, біздің жылуымыз көбейді. Енді осы жылуды қолдарымызды ұстасып, бір-бірімізге беріп үлкен шеңбер жасайық. Міне көрдіңіздер ме, кішкене күннің мейірім жылуын бір-бірімізге беру арқылы үлкен жарық күн де пайда болды. Әрдайым осындай күн шуағындай бір-бірімізді жылытып, бір-бірімізге мейірімді, сүйіспеншілікте болады.
Топқа бөлу. Пазл жинау.
2. Ойға шақыру. «Миыға шабуыл» стратегиясы.
Бұл бала-бүгін бала, ертең дана,Оқымаса көңіліне бітпес сана.Адам туған баласын надан қылып,Ата-ана болмасын жүзіқара…
(Нарманбет Орманұлы)
Әр топ өз ойларын ортаға салады, өз түсініктерімен бөліседі.
Жаңа ақпаратпен танысу. Презентациямен жұмыс
Отбасылық жауапкершілік. Отбасылық қатынастардың орнықты болуы және    ондағы кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары
Отбасылық тәрбие жауапкершілігінің деңгейі жайында жаңашыл педагог А.С.Макаренко былай деп жазған: «Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата-аналар елдің келешек тарихын, демек – әлем тарихын тәрбиелейді».
Ата-аналар жауапкершілігі туралы мәселе көкейкесті болғандығы соншалық, ол халықаралық деңгейге көтеріліп отыр, ол туралы 1989 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылданған бала құқығы туралы Конвенция дәлелдейді.
Жақсы ата-аналар отбасылық тәрбие міндеттерін орындаудағы өздерінің жауапкершіліктерін сезінуі керек. Олардың ең бастысы:
—         баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету: оның дене дамуы, зияткерлік, рухани –адамгершілік және жалпы мәдениеттік дамуына қамқорлық жасау;
—         оның талабын, мүддесін және икемділігін дамыту;
—         оқу үрдісі кезінде көмек көрсету;
—         әлеуметтенуіне көмектесу – қоғамда өмір сүріп, еңбектенуіне;
—         еңбек тәрбиесі;
—         мамандық таңдауға көмектесу,
—         бала тұлғасында шығармашылық потенциалды дамыту;
—         айналасындағы адамдармен адамгершіліктік, эмоционалдық, толеранттық қарым-қатынасын орнықтыру және қолдау көрсету;
—         жыныстық тәрбие; болашақ отбасылық өмірге дайындық;
—         жауапкершілікті қалыптастыру, елжандылық пен ауызбіршілік құндылықтарына, отан үшін белсенді  жұмысқа дайындығына бағыттау;
—         өзін-өзі тәрбиелеу мен есейген кезінде өзін-өзі дамытуға дайындығы.
Барлық отбасылық ішкі қарым-қатынас кешені баланың жеке менін қалыптастыруға, оның денелік, рухани, әлеуметтік, психикалық және зияткерлік қасиеттерінің толыққанды дамуы үшін жақсы жағдай құруға ықпал ететіндей болуы керек. Бұл жағдайда әрбір жақсы ата-ана отбасылық тәрбиенің басты  тәрбиелеуші факторлары ретінде ата-аналардың өздерінің тұлғалары, олардың өмір сүру ықпалы, еңбекке көзқарасы, олардың өмірлік басымдықтары мен құндылықтарының жүйесі, жауапкершілік, бірізділік, мақсатқа жетудегі тұрақтылық, бір-біріне, басқа ұлтқа, дінге деген сыйластығы саналатынын есте сақтау керек.
Отбасылық тәрбие проблемалары барлығымызға келешекте өмір сүретін қоғамның глобальды мәселелері болуы да мүмкін: ата-аналардың педагогикалық біліксіздігі, отбасындағы психологиялық бейжайлық пен тұрақсыз ахуал азаматтарымыздың жаңа ұрпағының бойында еліміздің өміріне теріс әсер беретін барабар емес, деструктивті өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру мүмкін.
Топтық жұмыс
Академик, психология ғылымының докторы А.В. Петровскийдің ата-ананың бала тәрбиелеу стилін (диктат, қамқоршы, конфронтация, бейбіт өмір сүру, ынтымақтастық) бала психиатры М.И. Буяновтың отбасы тәрбиесінің біржақтылыққа апаратын кемшіліктер типімен салыстырыңыз.
1 топ. «Золушка» типіндегі тәрбие.
2 топ. «Отбасы кумирі» типінде тәрбиелеу.
3 топ. Ерекше қамқорлықта тәрбиелеу (бала үшін бәрін үлкендер шешеді)
4 топ. Қамқорлықсыз тәрбие (бала өзімен-өзі)
5 топ. Кронпринц типіндегі тәрбие (материалдық жағдайы жақсы отбасылар)
Күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, отбасы тәрбиесінде осындай стильдердің ерекшеліктері мен мен кемшіліктерің постерде көрсетіңіз
Сергіту сәті. Әке мен бала бейнеролигін көру.
Бейнероликтің мазмұны бүгінгі күн таұырыбымен қалай байланысты?
Жаттығу орындау
«Көшкін» жаттығуы (Ф. Зимбардоның кітабында суреттелген).
«Демалыс күндері сіздің үйіңізді қар жапқанын елестетіңіз, сіз шыға алмайсыз да,  дүйсенбіге дейін ешкімді көмекке шақыра алмайсыз. Сіз мүлдем жалғызсыз, маза келтірмейтін ешқандай жұмысыңыз бен міндеттеріңіз жоқ. Уақытыңызды көңілді өткізу үшін осы қиын жағдайды қалай пайдаланасыз? Сізде пайдалы тағам, музыка, кітаптар, ойындар, ыстық су, қалам мен қағаз бар, бірақ теледидар мен үнтаспаңыз жоқ».  Жұмыс аяқталған соң қатысушыларға осы жоспарларын келе жатқан демалыс күндері « Үйлерін қалың қар жапқанын күтпей» жүзеге асыруға ұсыныс беріледі.
Рефлексия. Эссе жазу.
Резюме. Бала – біздің болашағымыз, біздің жалғасымыз. Ол қандай болып өседі, бізге байланысты.Әр ата-ана өз отбасының ұстазы.