Сапты? т?рыс саптал, тіктел, т?зел б?йры?тарын орындау Ашы? саба? 10 сынып


№ 71 орта мектеп

Саптық тұрыс.
“Саптал!”, “Түзел!”,“Тіктел!”, “Еркін тұр!”, “Жинақтал!” пәрмендерді орындау.
(Ашық сабақ)
10 сынып
АӘД оқытушы- ұйымдастырушысы: Д.Алдажаров
2014 жыл
Күні: 08.04.2014 ж.
Сыныбы: 10
Пәні: Алғашқы Әскери Дайындық
Тақырыбы: Саптық тұрыс. “Саптал!”, “Түзел!”,“Тіктел!”, “Еркін тұр!”,
“Жинақтал!” пәрмендерді орындау.
Мақсаты: Білімділік: оқушыларға саптық тұрысты, саптық тәсілдерді дұрыс әрі
жылдам орындауды үйрету;
Дамытушылық: саптық дайындық дағдыларын жетілдіріп дамыту;
Тәрбиелік: мерзімді әскери қызметке дайындап, әскери патриоттық тәрбие
беру.
Сабақтың түрі: практикалық.
Берілген уақыт: 45 минут.
Өту орны: Саптық алаң.
Сабақтың әдісі: баяндау, көрсету, жаттығу.
Көрнекілігі: АӘД оқулығы, АӘД журналы.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушыларды сапқа тұрғызып, взвод командирінің рапортын қабылдау.
Оқушылармен әскери тәртіпте сәлемдесу.
Түгелдеу, формаларын тексеру.
ІІ. Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі:
-Сап дегеніміз не?
-Қатар дегеніміз не?
-Лек дегеніміз не?
-Пәрменнің түрлерін атаңдар.
IIІ. Негізгі бөлім:
Саптық тұрыс “Саптал!” немесе “Тіктел!” пәрмендері бойынша қабылданады. Осы пәрмен бойынша тығыздалмай, тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептің сызығы бойынша, кеудені тік ұстау керек, ал дене бір шама алға ұмсынылуы керек; ішті тарту керек; иықтарды жазу керек; қолдарды алақандарды ішке қаратып, ал саусақтарды жартылай бүгіп және жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап, шұғыл әрекетке даяр болуы керек.
Орнындағы саптық тұрыс бұйрық берілгенде және қабылданғанда, баяндау кезінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалғанда, әскери сәлемдесу берілгенде қабылданады.
“Еркін тұр!” пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, назарды әлсіретпей және сөйлеспей еркін тұру керек.
“Жинақтал!” пәрмені бойынша саптағы өз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін және жабдықтарын түзеу керек; қажет болған жағдайда саптан шығу үшін тікелей бастығынан сұрануға болады.
“Жинақтал!” пәрменінің алдында “Еркін тұр!” пәрмені беріледі.
Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, “Саптал!” пәрмені бойынша жүргізіледі.
Мысалы: “Бөлімше, бір қатарға – саптал!”
Бұл пәрмен бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына белгіленген аралықты және арақашықтықты сақтап, саптық тұрысты қабылдауы керек.
ІV. Қорытынды:
Саптық тәсілдерді дұрыс әрі жылдам меңгерген оқушыларды атап өту және бағалау.
Негізгі кемшіліктеріне назарларын аудару және оны жою жолдарын көрсету.
Үйге тапсырма беру. VI тарау. § 1.
Әскери тәртіпте қоштасу.