8 сыныптарды ?тілген Ойлан тап отауы та?ырыбында?ы сайыс саба?ы


Сабақ тақырыбы: Ойлан тап отауы.
Сабақ мақсаты:
Біліктілік: Оқушылардың математикалық қабілетін халық педагогикасымен байланыстыру және математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын , ойлау қабілетін жетілдіру және ойдан ой туындатуға, әр сөзді, айтылған ойды дәлелдеуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың геометрия пәніне ынтасын, қызығушылығын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, Microsoft PowerPoint презентациясы, домбыра, сызбалық геометриялық фигуралар, математикалық нақыл сөздер.
Сабақ түрі:
Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, халық ауыз әдебиеті, математика, информатика, т. б.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың жоспарымен таныстыру.
Жоспар:
Фигуралар құрылтайы.
Бәйге. (логикалық есептер)
Айтыс. (алгебра, геометрия ақындары)
Көкпар (сұрақ - жауап)
Математикалық мақал-мәтелдер
Қорытындылау.
1-жүргізуші:
Кұрметті ұстаздар, қонақтар жэне оқушылар! Бүгінгі «Ойлан тап отауы» атты математикалық кешімізге қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:
Ал, қанекей қаралық
Мына жақта жаңалық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп оңдасып
Шабыт тасып шалқысып
Есеппен ән салысып
Көңілді кеш жасайық. 1 -жүргізуші:
Олай болса бұл не тұрыс?
Кешімізді біз бастайық
Қанекей бәріміз бірге
Математикалық «фигуралар құрылтайын»,
Ортаға шақырайық
Геометрия – геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым.
Бұл турда оқушылар маңдайларына фигуралар түрін маңдайларына тағып шығып, өздері айтатын геометриялық фигуралар қасиеттері жайында түсіндіріп айтып өтеді
Мына жазықтықтағы фигуралар:
Мына кеңістіктегі денелер:
Мына жазықтықтағы фигуралар:
Мына кеңістіктегі денелер:

1. «Фигуралар құрылтайы» оқушылар өздері айтатын геометриялық фигуралар туралы өздері түсіндіреді.
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Жүрекке түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй демекші кезекті әнге берейік: Ендеше
Әнді қабыл алыңыздар! /Әжіхан Тоқжан/
1-жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдык жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр сыныптан ортаға бір - бір оқушы шақырамыз, ойынымыздың өтілу тәртібімен таныстырамыз: енді осы шыққан окушыларға әзіл есептер мен логикалық есептер беріледі
4730750138430002. «Бәйге ойынына шақырамыз»
5 мысық 5 тышқанды 5 минутта ұстаса, онда 1 мысық 1 тышқанды нешеминутта үстайды? /5 минут/
Жылдың неше айында 28 күн бар? /барлык айында/
Жерден көтеру оңай бірақ алысқа лақтыру қиын /мамық/
Қалай 10 метр сатыдан секіріп жараланбауға болады? /сатының ең төменгі сатысынан секіру керек./
Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды /сабак/
Шахмат сайысына 7 адам қатысты. Әрбіреуі әркайсысымен 1 партиядан ойнады. Сайыста неше партиядан ойналды? /42 партия/
Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда 4 бала жолықты, мектепке неше бала келді? /5 бала/
Бір бөлменің 4 бүрышында 4 мысық отыр, 1 мысық 3 мысықка қарап отыр. Сонда бөлмеде неше мысык отыр? /4 мысық/
2 - жүргізуші:
Кұлақ түріп тыңдаңыздар жараңдар
Кеудемізде толыққанды жыр, ән бар
Біз ешкімге қолдан жеңіс бермейміз
Мектебімізде әнші, жыршы, күйші бар
3. Математикалық айтыс:
-5588014541500Алгебра геометрияның бастауы математикаға сөз береміз: Математика төреші ақын Алгебра -бірінші ақын Геометрия - екінші ақын Математиканың сөзі:
2- жүргізуші:
«Ақын жанды болмаған адам
Математик те бола алмайды»
1 -жүргізуші:
«Геометрия да поэзиядан кем шабыт керек»
Айтыскер ақындарымызды қарсы алайық: Екі айтыс кер ақындарымыз айтысады.
2- жүргізуші: «Көрермендерге жұмбақ жасыру»
Математикалық атаулар мен ұғымдар Есте болар құрбылар бәріңнің де Енді бір сәт сол жайлы жұмбақ шешсек артык болмас басталық
Нәрселерді санағандаКерек бізге ауадайАйтыңдаршы бұл қандай санЖан жағыңа қарамай /натурал сан/
Оң сандарға қол шатырдайҚалпақ болған беделіКвадраттасаң егер оныЖоғалпассың сен оны /квадра түбір/
Бүтін сандар бөлшек сандарбарлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтындаршы Оң теріс сан бәрі сонда//
/Рационал сан/
4.Нүктеден екі сэуледен құралғанАйтшы бүл не екен
/бұрыш/
4. «Көкпар» сұрақтарына жауап беру.
556895042545001.Алғаш адам нелерді және қалай санап үйренді?Жауап: Адам әуелі заттарды жекелеп, топтап. түстеп санады.
2.Ертеде пайдаланылган цифрлардың ішінен қандай цифрлар осы күнге дейін қолданылады?
Жауап: Рим цифрлары.
3.Алггебра сөзі қай елден шықкан?Жауап: Әль-жебр деген (Әль-Хорезм) деген араб сөзінен шыкты.
4.ЭЕМ-ді алғаш кандай орыс ғалымы және қай жылы жасады?Жауап: Лебедев басшылығымен 1950 жылы.
5.Информация кандай өлшем бірлікпен өлшенеді?Жауап: Бит, байт, кбайт, мбайт.
6.Малда неше жілік бар?Жауап: Малда 12 жілік бар.
7.Адамда неше мүше бар?Жауап: Адамда 12 мүше бар.
8.Үш жылдан соң бір баланың жасы бұдан үш жыл бұрынғы жасынан екі есе артык болады. Бала казір неше жаста болғаны?
Жауап: 9 жаста.
9.Жарты теңгенің жартысы қанша?Жауап: 50 тиынның жартысы 25 тиын.
10.1 мен 1О-ның арасында қандай амал орындағанда бір шығады?Жауап: бірдің он дәрежесі 1-ге тең.
11. Қандай сан барлык санға қалдықсыз бөлінеді? Жауап; 0 саны.
Тауық 1 аяғымен тұрғанда 4 кг, екі аяғымен тұрғанда неше кг болады? Жауап: 4 кг
30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар? Жауап: 6*6-6=30
үш 9-дык көмегімен 1О-ды қалай шығаруга болады?
Жауап: 9+9/9=10.
Жаңа жылға неше күн калды?
Біз нешінші ғасырды қарсы алып жатырмыз?
Қазақстанның тәуелсіздік алған күн?
4 тур. Математикалык, нақыл сөздер.
Мұнда окушылар өздері үйде жаттаған математикалык. Накыл сөздерін айтып жарысады.
5. Математикалық мақал-мәтелдер.
Бұл турда муғалім бірінші бастайды, окушылар аяқтау керек.
I. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу тату болса, төбедегі келеді.
2.Білікті бірді жыгар,Білімді мыңды жығар.
3.Мыңның қамын бір ойлар,Бірдің қамын мың ойлар.
Бас екеу болмай,Мал екеу болмайды.
Жеті жұрттың тілін біл,Жеті түрлі білім біл.
Ат баспаймын деген жерді, үш басады.Ер көрмеймін деген жерді, үш көреді.
Қызға қырык үйден тию, қала берсе күннен тию.
8.БІр тал кессеңОн тал ек.
Сабакты корытындылау: Қазылар алқасы жарыстын қорытындысын шығарғанға дейін мүғалім өзі дайындаган сөз жұмбакты шешу.
2-Жүргізуші
Көңіл бөліп бұл кешке к елгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге Мың рахмет, мың рахмет!