?нер ж?не бейнелеу ?нері.


Сабақың тақырыбы:Көліктер
Сабақтың мақсаты:Балаларды көлік еүрлерімен таныстыру.Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру.Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу
Әдісі:Сұрақ жауап,әңгімелеу,көрсету
Сөздік жұмыс:Баған,аспалы,сым жол
Көрнекіліктер:Көлік түрлері,суреттері,бағдаршам жол белгілері
Сабақтың барысы:
Ұйымдасу кезеңі:Балалар бір біріне жақсы тілектер айтып,жылы лебіздерін білдіреді.Алыс жолға саяхатқа шыққанда қандай көліктермен жүреміз?
Тыныштық сәті:Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып,көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді.Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеді,кемемен жүзіп отырып әуежайға,әуежайдан ұшаққа отырып демалатынжерге де жетеміз.Көзімізді ашамыз.Қандай сезімде болдыңыздар?
Дәптермен жұмыс: М.Әлімбаевтің «троллейбус »өлеңімен таныстыру.
Бағанаға ілінген
Аспалы сым жолы бар,
Көшелерде жүгірген
Троллейбус жолығар.
Сым жолымен зулайды
Басқа жаққа бұрмайды
Троллейбусқа мініп көрдің бе?
Троллейбустың автобустан айырмашылығы қандай?
Сым жолымен қалай жүреді?
Сергіту сәті:Орнымыздан тұрамыз,
Қанатымызды жаямыз
Ұшақ болып ұшамыз
Суда жүйткім жүреміз
Кемелерді түземіз,
Жол тәртібін сақтап,
Троллейбусқа мінеміз.
Дидактикалық ойыны:«Жодан өте білесің бе?»
Ойын шарты:Балалар екі топқа бөлінеді.Көліктер жаяу жүргіншілер.1ш» топ көліктерге мінеді,2ші топ жаяу жүргіншілер.Бағдаршамға жол белгілеріне қарап,жолдан өтуі керек.
Жұмбақ шешу:Төбесінде ебелек,ұшады өзі керемет(Тікұшақ)
Табанында жолы бар,төбесінде қолы бар(Трамвай)
Қорытынды:
Қандай көлік түрлерін білесің?
Алыс жол жүріп көрдің бе?
Өзің қандай көлікті ұнатасың?
Сурет салып,әңгімелеу.
Балаларды мадақтау.