?дебиеттік о?у ?нерпаз 3 сынып


Сабақтың тақырыбы: «Өнерпаз»
Сабақтың мақсаты:
Ахмет Жұбановтың өмірі туралы білімдерін кеңейту, мағынасын ашу
Міндеттері: 1) Оқушылар Ж. Рсалдиннің «Өнерпаз» әңгімесімен
таныстырып, талқылауды ұйымдастыру
2) Оқушылардың өзіндік іс- әрекеттерін: сабаққа кіріспе
жасау, мағынаны ашу, сабақ мазмұнын өз беттерінше қоры – тыңдылап баға беруіне көмектесу
3) Өнімді жеке жұмыс жасап, басқаны үйретуге
дағдыландыру
4) Оқушыларды ойларын ашық, еркін сөйлей білуге үйрету
Күтілетін нәтиже: 1) Сабақ барысында алған ақпараттарын өзгелермен
бөлісуді үйренеді
2) Басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады
3) Басқаны тыңдаудың және пікірлерді сыйлаудың
маңыздылығын түсіне алады
Осы сабақты ұтымды өткізу негізі(платформа):
* Алдынғы сабақтардағы оқушылардың топта жұмыс істеу түрлерімен оның ережелерімен таныс болуы және оқып, талқылау дағдылары осы сабақта білім алуына негіз бола алады
Нәтижені бағалау: Еркін жазу әдісі бойынша бағаланады
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс: Ана тілі мен музыка сабағының байланысы көрініс береді
Әдісі: RWCT оқыту жобасы
Сабаққа қажетті материалдар: Ақ қағаз, ватман, маркер, қосымша ақпараттар, сурет,
музыкалық аспаптар
Сабаққа арнайы шақырылған ассистенттер: музыка пәнінің мұғалімі Кикимов Дәулеткерей Аблахатұлы
І. Қызығушылық ояту: Сабақ аты әлемге әйгілі сазгер, тұлғасы сегіз қырлы, бір сырлы Ахмет Жұбановтың балалық шағын бейнелейтін «Өнерпаз әңгімесіне негізделеді».
Сабақтың басында музыка пәнінің мұғалімі домбырада Ахмет Жұбановтың 1 туындысын ойнап отырады.
1 оқушы Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінен үзінді оқып тұрады, тақтада Ахмет Жұбановтың бала кезіндегі суреті ілулі.
Мұғалімнің сұрағы: Сұрақ: Балалар, тақтадағы суреттерге қарағанда, музыканы тыңдағанда, өлеңнен үзінді тыңдағанда сендердің ойларыңа не оралады және көздеріңе не елестейді?
/ауызша балалардың ойын тыңдау/
Сұрақ: Өнерпаздар деп кімдерді айтамыз және олар туралы не білесіңдер ?
Мұғалімнің нұсқауы:
1) Ойларыңды жеке жазып шығуларыңды сұраймын.
1 мин.
2) Топта ой- талқы жасаңыздар және топтың ойын бір оқушы жариялап шықсын
3) Оқушылардың ойларын тақтаға мұғалім жазып тұрады
Мұғалімнің сұрағы: Сұрақ: Өнер туралы және өнерпаз адамдар туралы не білгілерің келеді?
Мұғалімнің нұсқауы:
1) Ойларыңды жеке жазып шығуларыңды сұраймын.
1 мин.
2) Топта ой- талқы жасаңыздар және топтың ойын бір оқушы жариялап шықсын
3) Оқушылардың ойларын тақтаға мұғалім жазып тұрады
ІІ Мағынаны ашу сатысы Мұғалім: Біз бүгін Ахмет Жұбановтың балалық шағы туралы Ж. Рсалдиннің «Өнерпаз» әңгімесімен танысамыз.
Мәтінмен жұмыс
1 –бөлімді оқимыз
Оқып болған соң жұпта бір бірімізге түсіндіреміз, топта талқылаймыз, сұрақтар қоюымызға болады
2 –бөлімді оқимыз
Оқып болған соң жұпта бір бірімізге түсіндіреміз, топта талқылаймыз, сұрақтар қоюымызға болады
3 –бөлімді оқимыз
Оқып болған соң жұпта бір бірімізге түсіндіреміз, топта талқылаймыз, сұрақтар қоюымызға болады
4 –бөлімді оқимыз
Оқып болған соң жұпта бір бірімізге түсіндіреміз, топта талқылаймыз, сұрақтар қоюымызға болады
Алған ақпараттарымен бөліседі, ойларын ортаға шығарады.
Барлығы топта талқылайды, ой бөліседі.
Әр топтан бір оқушы ойларын ортаға салады.
Өнерпаз әңгімесінде кім туралы айтылған екен?
Мұғалімнің сұрағы: Сұрақ: Қане, бүгінгі мәтіннен өнерпаз бала Ахмет туралы не біліп, үйрендіңдер?
Мұғалімнің нұсқауы:
Оқушылардың ойларын тақтаға мұғалім жазып тұрады
Мұғалім мен оқушылардың іс әрекеттері Балалардың Ахмет Жұбанов туралы алғашқы ақпараттары мен сабақтың соңында алған ақпараттарын салыстыру.
Балалардың сабақ басында қойған сұрақтарына қайта оралып,жұмыс жасау.
Музыка пәнінің мұғаліміне сөз беріледі
Ол Ахмет Жұбановтың өмірі туралы қысқаша мәлімет айтып береді.
Емиргалиева Назым Ахмет Жұбановтың бір туындысын орындайды.
ІІІ. Ой толғаныс Балалар Ахмет Жұбановтың рөліне кіріп 5 минут еркін жазу шығармасын орындайды. Бір-біріне оқып береді, ортаға шығарады.
IV. Үйге тапсырма Кітапханадан А. Жұбанов туралы толық мәлімет жинау
Бағалау: Бағалау парағы